Физика тарихы


Студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет12/69
Дата13.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#92813
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69
Байланысты:
Физика тарихы

Студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар: 
 
1. Ортағасырлық философиялық және натурфилософиялық көзқарастар. 
2. Арабтардың механикасы. 
3. Альхазен және оның еңбектері. 
4. Роджер Бэкон. 
5. Орта ғасырдағы магнетизмнің дамуы. 
6. Орта ғасырда техниканың дамуы. 
7. Орта ғасырдағы механика. 
8. Орта ғасырдағы оптика. 
9. Линзалар және көзілдіріктер. 
10. Орта ғасырдағы батыстағы ғылым. 
11. Қайта өрлеу дәуіріне жалпы сипаттама. 
12. Леонардо да Винчи. 
13. Қайта өрлеу дәуіріндегі механика. 


25
14. Қайта өрлеу дәуіріндегі оптика. 
15. Электр ғылымының пайда болуы. 
 
 
4-дәріс 
XVI-XVII ғғ. ғылыми көтеріліс. Коперниктің ғылыми көтерілісі. 
Әлемнің гелиоцентрлік жүйесіне күрес.
XVI - XVII ғғ. – физика ғылымында болған өзгерістер уақыты. Бұл 
өзгерістердің барлығы қоғамның даму ерекшеліктерімен экономика және 
идеологиялық шарттарға өзгерістер әкелді. XVI - XVII ғғ. бірінші ғылыми-
техникалық көтеріліс қандай орын алды екен, соны қарастырайық. 
Экономикада біртіндеп өндірістің капиталистік әдісі қалыптаса бастады. 
Өндіріске барған сайын жаңа-жаңа технологиялар қажет болып жатты, оған қол 
жеткізу үшін тек ғылым жетістіктері қажет болды. Адамзат тарихында алғашқы 
рет өндіріс күшінің дамуы үшін ғылымның алатын орны өте үлкен болды. 
Мысалы, сол кездегі үлкен мәселелердің бірі болған Жердің пішінін 
қарастырайық. Адам санасындағы «Жер - шар» деген орнығып қалған факт ұлы 
геофизикалық ашуларға алып келді. Географиялық ашулар тек Еуропаны емес, 
адамдар санасын да өзгерте бастады. Әлем мүлдем басқа түрге енді – ол 
керемет ұлғайды, кеңістікте бағдар жасауға көмектесетін астрономиялық 
білімдерсіз бір қадам да аттауға мүмкін болмады. Еуропада экономикаға үлкен 
әсерін қолданбалы ғылымдар тигізді. Сол кездегі тоқыма станоктары еуропа 
елдерінінің жүздеген жылдар бойындағы экономикалық дамуын ұстап тұрды. 
XVI - XVII ғғ. үлкен саяси өзгерістер болды: Голландия мен Англияда 
буржуаздық көтерілістер бой көтерді. Ол көтерілістердің жеңістері осы 
елдердегі адамдардың саяси және заңды бостандық алуларына әкелді. 
Голландия мен Англияда буржуаздық көтерілістердің мақсаттарының бірі 
- өз арларының бостандығы, нақты өзінің қалаған дінін қабылдай алу еді. Орта 
ғасырлық идеологияны өзгерткен мұндай ойлар реформа әкелген христиан 
догматтарының (соқыр сенімге сүйенгендер) өзгерістерімен байланысты пайда 
болған. Осының барлығы ғылымға әсер етті. Жаратылыстық-ғылыми 
зерттеулерге салынған тыйымдар алынып тасталынды. 
XVI - XVII ғғ. университеттік ғылым қоғамнан бөлініп алынғанда, жағдай 
орныға бастады. Экономика мен саясатта болып жатқан өзгерістер университет 
айналасына ешқандай әсер бермеді. Онда сол баяғынша классикалық білімнің 
мәдениеті, стилистік турнирлер, филологиялық дискуссиялар өтіп жатты. XVI - 
XVII ғғ. ғылыми бұрылыс университет қабырғасынан тыс болып жатты. Сол 
уақыттың ұлы ойшылдары – Френсис Бэкон, Рене Декарт және т.б. – 
университеттегі білімді сөкті. Осылай Ф.Бэкон физиканың қоғам сұранысынан 
қалып бара жатқанын айтты. 
Дегенмен, XVI - XVII ғғ. жаратылыстық ғылымдарда көптеген өзгерістер 
болды. Ол алғашқы ғылыми-техникалық көтеріліс болып табылды.
Осы қиын жылдарда оқымыстылар не істеп үлгерді? Негізгі физикалық 


26
ғылымның жетістіктеріне тоқталайық.
Николай Коперниктің «Аспан сфераларының айналысы туралы» атты 
жұмысынан бастайық. 
5 сурет. - Орта ғасырдағы геоцентрлік жүйенің көрінісі
Ұлы поляк оқымыстысы Н. Коперник жасынан математика мен 
астрономиямен шұғылданған. Ол әлемнің геоцентрлік жүйесін қабылдамады, 
ол табиғатты қарапайым деп санады. Онда Птолемей бойынша планеталардың 
орын ауыстыруы эпицикл деп аталатын күрделі қозғалыстар көмегімен 
сипатталады (5-сурет ).
Планеталар мен оның серіктері қозғалыстары тәжірибелеріндегі 
бақылауларды жалпы түсіндіру үшін эпициклдерді бір-біріне үймелеу қажет 
болды. Әсіресе, Ай қозғалысының Птолемейлік әлем көрінісі бойынша 
түсіндіру қиын еді. Сонымен бұл сұрақ толығымен шешілмеді. Коперник Күнді 
ортаға орналастырып, әлемнің қарапайым жүйесін ұсынды (6-сурет). Ол 
бойынша аспан құбылыстарының бәрі, соның ішінде Айдың қозғалысы да 
нақты түсіндіріледі. 
Коперниктің негізгі шығармасы «Аспан сфераларының айналысы 
туралы» деген әлем көрінісінің гелиоцентрлік принциптері мазмұндалған. Бұл 
жұмыспен 1530-1532 жж. жұмыс істеді, ал баспадан шығаруға асықпады, 
өйткені Қасиетті Писанияның беделін түсіргісі келмеді, өзінің теориясының 
көтерілістік мәнде екенін жақсы түсінді. 1530 жылдың өзінде Коперник өзінің 
теориясын «Аспан қозғалыстарына қатысты гипотезаларға қысқаша 
түсініктемелер» атты шығармасында өзінің жақтастарына арнап жазды. Бұл 
шығарма әсіресе, папа айналасындағыларға танымал болды. Дегенмен, бұл 
шығарма Виттенберг университетінің жас математигі, профессор Георг Ретикке 
қатты әсер етті. Ол үнемі өздері ұсынған әлем жүйесін халыққа көрсетейік деп 
Коперникті үгіттейтін. Ол тіпті Гданскіде гелиоцентрлік жүйе туралы 
мазмұнды жазылған кітап та шығарды. Ең аяғында Ретик Коперникті өзінің 
басты еңбегін жарыққа шығаруға көндіреді. Бұл кітап ол өмірден өтер жылы 
(1542 ж.) жарық көрді. Коперниктің оқуы тарих көрсеткендей жаңа 
жаратылыстық білімнің манифестіне айналды.


27
 
6 сурет. - Коперниктің әлемнің қарапайым жүйесі 
Николай Коперниктің шығармасында әрқашан да бәрі нақты, дәл болған 
емес. Мысалы, ол өз есептеулерінде планеталардың айналмалы орбиталарын 
қолданған, сондықтан берілген астрономиялық бақылаулар теориясы 
жақсарғанды 
қойып, 
птолемей 
теориясы 
бойынша 
есептеулермен 
салыстырғанда тіпті нашарлап кеткен.
Физикалық ғылымның дамуында Николай Коперниктің алатын орнын 
айтпай кетуге болмайды, ол әлемнің жаңа үлгісін ұсынған атақты кітабын 
шығара үлкен ғылыми ерлік іс жасады.
Ең алдымен Н. Коперник өз ойларымен адамзаттың әлем құрылысы 
жүйесіндегі басты жағдайдан бас тартатынын жария еткенін айта кету керек. 
Егер Жер бүкіл әлемнің ортасы болмаса, онда өмір сүріп жатқан адам құдай 
бүкіл дүниеде ең басты, дербес тірі жан етіп жаратқанына үміттене алмайды. 
Адам – бұл тіптен жаратылыстың тәжі, пірі емес, ол тек осы әлемнің бір бөлігі, 
және оның осы Бүкіл әлемдегі орнын қайта анықтау керек. Оқымыстының 
осындай ұстанымы, әрине ғасырлық христиан дәстүріне қарам-қайшы келді, 
және де христианин Н. Коперник догма мен ақиқаттың арасында қиын таңдау 
жасауына тура келді. Ол өз таңдауын өзінің атақты кітабын жарыққа шығару 
арқылы таңдады. Коперник осындай азаматтық ерлік жасады. Николай 
Коперник өз ойларының «бүлік» салатынын жақсы түсінді.
Әлемнің жаңа жүйесін бекіту көп ғасырлық Аристотель мен Птолемейдің 
беделінен бас тартуға әкелді.
Жоғарыдай айтқанымыздай, аспан шырақтарының қозғалысын жаңа 
теория бойынша есептеулері эксперимент қорытындыларымен сәйкес келмей 
жатты. Оның себебі теорияда планеталардың шеңберлік обиталары мен 
олардың серіктерін қолдану еді. Тек, біраз кешірек Иоганн Кеплер бұл 
орбиталар эллипстік екенін дәлелдеді және ол бақылаулардың мәндерінің 
сәйкестігіне жетті. Коперник бұл туралы білмеді, бірақ ол өзінің зор сезінуімен 
өз теориясының дұрыс екенін білді. Мұндай жағдайлар ғылыми зерттеулерде 


28
көп кездеседі, тек керемет дарынды оқымыстылар осындай қарама-
қайшылықтарды шеше алады. Осы Коперниктің тер төккен еңбегінің арқасында 
идеологиялық догмалардан еркін тәжірибелерге, зерттеулерге, әлемнің 
танымдық ойларына негізделген жаңа ғылым келді. Коперник жаңа ғылымның 
көрінісі болды, ал оның ойлары бірқатар ізбасарларды, шәкірттерді өзіне 
тартты. 
Коперниктің жетістіктерінің дамуы мен қабылдануы бірнеше бағыттар 
бойынша қалыптасты. Ол жаңа ойлардың философиялық ұғымдарынан, 
қорытындыларын 
теориямен 
салыстыратын 
жүйелі 
зерттеулер 
мен 
бақылаулардан, сондай-ақ, табиғатты экспериментті оқуы болып табылатын 
тұжырымдамалық аппараттарды құрудан тұрды. Осы әрбір бағыттардың дамуы 
көпетеген ұлы ғұламаларды әкелуге себеп болды. 
Коперниктік кезеңнен кейінгі физиканың дамуының бір міндеті 
шіркеулердегі дәстүрлерді ұстанып қалған сол кездегі оқымыстылардың 
ойларын өзгерту еді. Коперник теориясын сол заманның ақылгөйлері – Мартин 
Лютер, Тихо Браге, Френсис Бэкон қабылдаудан бас тартқан. Оған теріс 
қарағандардың қатарында католиктік шіркеу де бар. Ғылым және онымен 
байланысты философиялық ойларға белсенді насихат қажет болды.
Коперниктің еңбегі ғылымның алдына, ең алдымен астрономияның 
алдына бірнеше міндеттер қойды: теорияның эксперименттік дәлелденуін, 
эксперимент пен теорияның қайшылықтарының себептерін, теорияның егжей-
тегжейіне дейін анықтау. Коперниктің ойы планеталарды не байланыстырады, 
қалай және неге олар қозғалады деген сұрақтарға жауап беретін теориялық 
негізді қажет етті. Бұл үшін механиканың дамуы қажет болды, алайда статика 
мен жаңа ғылым - динамикаға әкелетін ежелгі механика емес еді. Осы 
бағдарламаның барлығы эксперименттік және математикалық қамтамасыз етуді 
талап етті. 
Бұл қиындықтар Коперниктің үлгісінің бірнеше жылға созылуына әкеп 
соқты. Бұл күрес өте ауыр болды, оның өз каһармандары мен азап 
тартушылары да болды. Сол ғылымның азап тартушыларының бірі 1548 жылы 
(Коперник дүниеден өткеннен кейін) дүниеге келген және 1600 жылы өртеліп 
қаза болған Джордано Бруно болды. 
Бұл пікірталасты жақсы көретін білімді итальян бүкіл Еуропаны 
аралайды. Ол көптеген дәрістер оқып, диспуттарда қатысып, кітап жазатын. Ол 
Коперниктің ойын жақтағанменен ол әлі аяқталмаған деп санап, алға жылжу 
керектігіне нандыруға тырысқан. Бруно Бүкіл Әлем шексіз және әлемнің 
көптігін, салыстырмалы қазғалыс туралы айтып келген. Ол атомистер - 
Демокрит пен Эпикурдің философиясы деп түсінетін «ақиқат антикалық 
философияға» шақырады. Джордано Бруноның негізгі бағыты – жаңа әлемдік 
көзқарасты бекіту еді. Әрине, оның бұл әрекеті «шіркеу княздерінің» 
қарсылықтарын тудырды.
Дж. Бруно тағы да алхимиялық тәжірибелерді жасау үшін Мочениго 
ақсүйегінің шақыруымен Венецияға келгенінде инквизициямен (шіркеудің 
жазалау мекемесі) тұтқындалды, ол түрмеде өмірінің 7 жылдан астамын өткізіп, 


29
1600 ж. 17 ақпанында Римде Гүлдер алаңында өртелінді. Қазір ол жерде оның 
ескерткіші тұр, католиктік шіркеудің алдыңғы қатарлы дін қызметкері – II 
Иоанн-Павел папа жіберген қателігі үшін өз аузымен кешірім сұраған делінеді. 
Дж. Бруноның алай-дүлей іс-әрекеті Н. Коперниктің еңбегінде жазылған жаңа 
ойларға Еуропаның ғылыми қоғамын дайындады.
Коперниктік кезеңнен кейінгі ғылымның дамуының тағы бір бағыты 
астрономияны бақылаумен байланысты болды. Бұл жерде Коперник теориясын 
мойындамай, оның эксперименттік негізіне көп нәрсе жасаған белгілі дат 
астрономы Тихо Брагенің есімін атау керек. Астрономияны бақылаумен 
айналысып, ол орасан зор фактілерге негізделген материалдар жинаған, 
кейіннен ол материалдар оның ұлы шәкірті Иоганн Кеплерге табыс етілген.
И. Кеплер бір жылға жуық Праж университетінде Т. Брагемен бірге 
жұмыс істеген. Оның өлімінен кейін И. Кеплердің қолында сол замандағы ең 
керемет аппаратуралардың көмегімен жасалған 35-жылдық астрономиялық 
зерттеулері бар журналдар қалды. И. Кеплер осы қалған алып материалды 
өңдеуге кірісті. 
Ең алдымен Кеплер рефракцияға түзетулер енгізді, ал оның 
қорытындылары оптиканы оқып-үйренуге әкеп соқты. 1611 ж. И. Кеплердің 
«Диоптрика» атты шығармасы жарық көрді. Ол мұнда өзі ойлап тапқан 
телескоптың сипатталуын, линзалар және линзалар жүйесіндегі сәулелердің 
жүру жолдарын толық ашып жазған. Оның еңбектері өте қызықты еді. Мысалы, 
ол обскур-камерасы теориясын құрды. Осы Кеплер Альхазеннің қателігін 
түзеді, көрініс адам көзінің ішкі тор қабақтарында жиналатынын, ал көз жанары 
линзаның рөлін атқаратынын айтқан. Ол көру теориясын өңдеген. Ол кезде 
Кеплер жарықтың сыну заңын тұжырымдай алмады.
Қазір Кеплер түтігі атымен белгілі телескоптың аты да шықты. Ол екі 
дөңес линзадан тұрады, осынысымен Галилейдің телескопынан ерекшелінеді, 
бірінші кезекте – үлкейтілген кескін және көру өрісінің кеңдігі. Сонымен қатар, 
окуляр мен объектив арасындағы кескін жазықтығында айқасқан жіптерді 
орналастыруға болады және соның көмегімен сандық өлшеулерді іске асыруға 
болады. Міне Галилей түтігі осы үшін жарамсыз болып қалған. 
7 сурет. - Кеплердің 2-заңы 
Алайда, 
Кеплердің 
негізгі 
табыстары 
гелиоцентрлік 
жүйедегі 
планеталардың 
қозғалысының теориясын құрумен байланысты. 
Оның ең алғашқы жетістіктерінің бірі планета 
орбиталарының 
эллипстік 
формасын 
бекіту: 
осындай эллипстің бір фокусында Күн жатыр. Көп 
уақыт Кеплер бұл орбиталарды шеңбер тәріздес деп 
санап келген. Тек көптеген ойланулар мен
толғанулардан, есептеулерден кейін ол
орбиталардың эллипс тәріздес екенін түсінді де, Кеплер әлемнің гелиоцентрлік 
жүйесін ғылыми мойындауына жол ашты (7-сурет). Планеталар орбита 
бойымен бірқалыпсыз қозғалатыны анық болды, аудандар заңына сәйкес олар 
Күнге жақындағанда олардың жылдамдықтары өседі, ал алшақтағанда азаяды. 


30
И. Кеплердің планеталардың Күнді айнала қозғалысы заңының ашылуы 
Николай 
Коперник 
теориясы 
мен 
астрономиялық 
бақылаулардың 
эксперименттік мәліметтердің сәйкессіздігі туралы келіспеушілікті жойды. 
Коперник жұмыстарының үшінші бағыты зерттеудің математикалық 
және эксперименттік әдістерінің бекітілуімен байланысты болды. Бұл бағытпен 
XVII ғ. екі ұлы ойшылы – Френсис Бэкон мен Рене Декарт айналысты. 
8 сурет. - Фрэнсис Бэкон 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет