66
35 сурет.-Л.М. Ломоносов
Физика, химия, астрономия, тау iсі, металлургия
және т.б. облыстарында жұмыс істеген. 1774 жылы А.
Лавуазье нақты дәлелдеп шыққан заттың сақталу
заңын экспериментті түрде дәлелдеген. Табиғатты бір
бүтін
деп елестетсек, онда бәрі бір-бірімен
байланысты, ештеңе себепсіз жоғалып кетпейді
(Ломоносовтың материя және қозғалыс сақталу заңы).
Химияда физикалық
әдістерді еңгізудің негізін
салған,
әр
түрлі
аспаптардың
(100
жуық)
құрылыстарын өңдеп шыққан.
Ломоносовтың ғылымға, білім мен мәдениеттің
дамуына зор үлес қосқан, ол Ресейдегі жаратылыстану
негізін салған. 1755 жылы оның бастауымен және
жобасымен қазіргі уақытта Ломоносовтың
есімімен аталатын Мәскеу
университеті ашылған.
Ломносов молекула-кинетикалық теория негіздерін қалағанымен, ол
молекулаларды шарлар түрінде деп түсінген, өйткені оның түсінігі бойынша
олардың арасында серпімді соқтығысулар болмайды.
XIX ғасырда жылу туралы оқу дами бастады
және термодинамика мен
молекула-кинетикалық теорияның негізгі жағдайлары тұжырымдалды. XVIII
ғасырдың басы XIX ғасырдың аяғында денлердің жылулық ұлғаюына көптеген
зерттеулер жүргізілген. Оның теңөлшемділігіне аса зор мән беріліп, қатты және
сұйық денелер үшін бірқатар аномалиялар анықталған: кристаллдардың
ұлғаюының
анизотропиясы, судың максимум тығыздығы 4
0
С
температурада
болатындығы, 10
0
С -ден 70
0
С-ге дейінгі қыздыруда иодты күмістің сығылуы
және т.б. Ауаның жылулық ұлғаюы үшін Вольта 1793
жылы ұлғаюлардың
бірөлшемділігін бекітті, ал 1802 жылы француз физигі және химигі Жозеф Луи
Гей-Люссак (1778-1850) өз эксперименттері және өзінің отандасы Жак
Шарльдің (1746-1823) зерттеулері негізінде барлық газдар бірдей және
бірөлшемді ұлғаяды деген заңды тұжырымдады
және ұлғаю коэффициентін
есептеген. 1802 жылы Дальтон өзінің парциаль қысымдар туралы заңын
тұжырымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: