83
Альберт Эйнштейн
45 сурет.-
Альберт Эйнштейн
Альберт Эйнштейн (45-сурет) 14 наурыз 1879
жылы Ульм қаласында, еврейлік отбасында дүниеге
келген. Әке-шешесі 8 тамызда 1876 жылы үйленген.
Әкесі Герман Эйнштейн (1847-1902) ұсақ саудагер
болған. Анасы Паулина Кох (1858-1920) дәулеттті
отбасында дүниеге келген.
Өсе келе, даңқты жаңалықтар ашып, әлемді дүр
сілкіндірген жас бала ерекше жаратылған жоқ. Момын,
ынжық, тілі кешігіп шыққан сөзге сараң, көздері
жәудіреген, бұйра шашты қарапайым балалардың бірі
болған. Болашақ талант әлемнің ұлы жаңалықтарын
қызықтап өскен. 1880 жылы Мюнхенге көшіп келеді.
Осында
Герман
Эйнштейн
ағасы
Якобпен
электротехникалық фирма ашады.
Альбертті оқу жасына толысымен Мюнхендегі католиктік мектепке
барады. Осы мектепте Альберт әр ұлттан құралған шәкірттердің ортасында
оқиды. Бастауыш мектептегі сабақтардан жұрт қатарлы үлгеріп, тәртіпті
шәкірттер санатында болады. Үйде музыка сабағын үздіксіз оқу Альберттің
уақытын түгел алып отырған. Эйнштейн бастауыш мектепті 10 жасында бітіріп,
Лунтпольд гимназиясына түседі.
Мұнда Эйнштейнге латын тілі мен грек тілі ауыр тиді. Математика жас
Альбертті өз әлеміне тартады. Альберт Эйнштейн ғылымды Евклидтен
бастайды, кейін Лобачевскийге сүйеніп, шың басына шығады. Қысқаша
айтқанда, жас Эйнштейнді музыкаға Моцарт қоректендірсе, математикаға
Евклид сусындатқан.
Альберт Эйнштейн алдымен физиканы толық меңгеруді мақсат етті.
Атақты физик Лоренцтің жаңа шыққан идеясымен осы училище қабырғасында
танысқан. Лоренцтің еңбегі Эйнштейнің теориясының іргесін салды деуге
болады. Сөйтіп, математик Минховски мен физик Лоренц – Эйнштейннің
алғыр ойына сәуле шашқан ең сүйікті ұстаздары болып саналады. Осы мектепті
Эйнштейнің қадірлегені соншалық, ол “нағыз физик сонда ғана оқуға тиіс”
деген пікірде болған. Баласы Гансты немересі Бернардты дәл осы Црих
мектебінде оқытады.
Эйнштейнді болашақ ғалым ретінде қалыптастырған оның озық ойын
ұштап, қанатын қатайтқан философиялық үйірме “олимпия академиясы” да дәл
осы Бернде ұйымдасқан еді. Аталмыш Академия 1902 жылы ашылған. Құрамы
үш мүшеден тұрған, яғни физик Эйнштейн, математик Габихт, философ
Соловин. 1905 жылы күзде бұл академия жабылды.
84
1909 жылы 7 мамыр күні Цюрихтің мемлекеттік кеңесі Энштейнді физика
теориясының професоры етіп тағайындаған соң, ол отбасымен көшіп келеді.
1913 жылы қарашада Пруссияның оқу ағарту министрі Эйнштейнді Берлиндегі
Пруссия Академиясының физика-математика бөліміне толық мүше етіп
тағайындайды.
1921 жылы 23 наурызда Эйнштейн, арнайы шақырумен Америка Құрама
Штатына сапар шегеді. Альберт Эйнштейнді Ротердамда да, Вашингтонда да,
Пристонда да салтанатты түрде қарсы алады. Мамырдың аяғында Америкадан
Англияға оралады. Эйнштейн Америкаға 1930, 1931, 1932 жылдары да келіп
лекция оқиды.
Эйнштейннің әйгілі теориясы жарияланбастан, дәл 5 жыл бұрын атақты
физик Макс Планк физикаға “жарық кванттары” деген ұғым кіргізген-ді. Ол
теорияда Планк жарық шығарушы қайнар ол жарықты көзге ілікпейтін ұсақ
“кванттар” түрінде шығарады, бізге олар үздіксіз ағып тұрғандай болып
көрінеді деген болатын. Альберт Эйнштейн бұл теорияны өзінің “кванттар
теориясы” деген мақаласында онан әрі ілгері дамытып, өз алдына жаңа сала
болғандай биік дәрежеге көтереді. Оның жоруынша: жарықтың ұсақ
бөлшектері оның тек шығуынан, немесе жарық болып түсуінен пайда
болмайды, олар сол жарықтың табиғатына тән қасиеттер деп сипаттайды.
Жарықтың өзі, оның шығатын немесе оның түсетін орындарымен
байланысты емес, кванттардан “жаратылған” деп түсіну керек деді. Екінші
мақала молекулалардың броундық қозғалыстары туралы жазылған болатын.
Егер заттардың ұсақ бөлшектері сұйықтармен араласса, онда ретсіз қозғалыс
пайда болады, сол арқылы заттың денесіндегі малекулаларды есептеп шығару
мүмкіндігі туады. Үшінші жұмысы “салыстырмалықтың арнайы теориясы” деп
аталды.
1905 жылы Эйнштейн қозғалыс жөніндегі 2 аксиомасын ұсынады:
1) табиғат заңдары инерциялық системалардың бәрінде бірдей;
2) жарықтың жылдамдығы құр кеңестікте тұрақты.
Бұл екі постулат Эйнштейннің бүкіл “теориясына” негіз болды және
бұлардан туатын салдарлар өз алдына тағы бірнеше салдар туғызады.
1905 жылы Эйнштейн Берн қаласындағы патенттік бюрода қызмет
атқарып жүріп, бірнеше ғылыми жұмыстар жариялады. Солардың ішінде
“салыстырмалықтың арнайы теориясы” ерекше орын алады. Енді сол
теорияның негізгі мәселелеріне тоқталып өтейік.
Ньютон физикасында жарық жылдамдығы салыстырмалылық шама
болып саналса, Эйнштейнше ол абсолютке айналып кетеді. Осыған байланысты
Эйнштейн «арнайы теорияның» екі постулатын жариялайды:
1) Дененің тұрақты немесе бір қалыпты түзу қозғалыста болу жағдайын
абсолют әдіспен өлшеуге болмайды.
2) Жарық шығатын жерінің қозғалысына қарамастан, құр кеңістік арқылы
тұрақты жылдамдықпен өтеді.
Сонымен қатар, Эйнштейн ұзындық пен уақыт үшін өз формуласын
85
ұсынған: ұзындық үшін
2
2
0
1
c
l
l
және уақыт үшін
2
2
0
1
c
t
t
.
Салыстырмалықтың жалпы теориясы жоғарыда айтылғандарға сүйене
отырып, өз әлемін құратын теория, ол – бұл пікірлерді кеңітіп, ортақ ойға жол
ашатын теория. Эйнштейннің жалпы теориясы бір дененің екінші денеге әсер
етіп, я өзіне тартып, я өзінен серпіп, күш көрсетуімен тығыз байланысты.
Эйнштейн өзінің жалпы теориясын 1916 жылы, арнайы теориясынан 11
жыл кейін жариялады, онда ол арнайы теория жалпы теорияның тек бір түрі
деп сипаттады.
1922 жылы оған Нобель сыйлығы ұсынылады.
Сонымен қатар, Эйнштейн бірнеше марапаттарға ие болған:
- неміс ордені “Сіңірген еңбегі үшін” (1920);
- Нью-Иорк (1921) және Тель-Авива (1923) әйгілі азаматтарының атағы берілді;
- француздық астрономиялық бірлестіктің Жюля Жансан сыйлығы (1923);
- “салыстырмалық теориясы және кванттық теориясына қосқан үлесі үшін”
Копли медалы (1925);
- Ұлыбританияның астрономия бірлестігінің алтын медалы берілді (1926);
- Макс Планк атындағы медаль (1929).
Эйнштейн – ұлы ғалым, ірі қайраткер, ғажап музыкант, жақсы дос. Оның
бойынан асыл, зиялы қасиеттердің бәрі де табылады. Жеңіл, ауызекі көңіл
көтермекке айтылатын қалжыңның шебері. Эйнштейннің табан астында
шығарып айтып жіберетін суырып салма ақындығы да болған. Эйнштейн
физиканың ғана ізіне түскен бірегелі ғалым емес, ол сонымен бірге өнер
адамы, ол ақтық демі біткенше скрипкада ойнап, Бах, Моцарттардың сазды
музыкасынан ләззат, Гейне, Шиллер, Толстой шығармаларынан нәр алған.
1955 жылы Эйнштейннің денсаулығы күрт төмендейді де, ол 18 сәуір
1955 жылы дүниеден өтеді. 19 сәуір күні жерлеуі өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |