Физика тарихы



Pdf көрінісі
бет41/69
Дата13.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#92813
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69
Байланысты:
Физика тарихы

Изотоптар 
Радиоактивтiк құбылысты зерттеу атом ядроларының табиғатына 
қатысты маңызды жаңалықтардың ашылуына себепшi болды. 
Көптеген радиоактивтiк қасиеттері мүлдем әр түрлi (яғни түрлiше 
тәсiлдермен ыдырайтын), бiрақ өздерiнiң химиялық қасиеттерi жөнiнен барабар 
заттар бар екенi анықталды. Белгiлi химиялық тәсiлдердiң бәрiмен де оларды 
ажырату ешбiр мүмкiн болмады. Осының негiзiнде 1911 ж. Содди химиялық 
қасиеттерi бiрдей, басқа жағынан, мәселен өзiнiң радиоактивтiгiмен 
ұқсамайтын элементтер бар екенi жөнiнде болжам айтты. Мұндай элементтердi 
Менделеевтiң периодтық жүйесiнiң бiр тор көзiне орналастыру керек. 
Сондықтан Содди оларды изотоптар (яғни периодтық жүйде бiрдей орын 
алатындар) деп атады. 
Резерфорд тәжiрибесi. Атомның ядролық моделi 
Барлық заттар бөлiнбейтiн аса ұсақ бөлшектерден – атомдардан тұрады 
деген ұғым ерте қалыптасқан болатын. Егер атом шындығында заттың 
бөлiнбейтiн алғашқы кiрпiштерi болса, табиғаттағы кездесетiн сан алуан 
заттарға сан алуан атомдар сәйкес қойылуы тиiс. Бұлай болуы бiр жағынан 
күмән туғызады.
Физика ғылымының дамуы барысында ХIХ ғасырдың аяғына қарай 
атомның қасиеттерiне байланысты жаңа тәжiрибелiк деректер жинала бастады. 
Мысалы М.Фарадей 1833 жылы электролиз құбылысын зерттеу барысында 
электролит ертiндiлерiндегi ток иондардың реттелген қозғалысы екенiн 
анықтады. Ал 1897 жылы Дж.Томсон сиретiлген газдардағы электр разрядын 
зерттеу 
барысында 
қыздырылған 
немесе 
ультракүлгiн 
жарықпен 
сәулелендiрiлген кез-келген химиялық элементтiң атомы өзiнен терiс 
зарядталған бөлшектердi шығатынын анықтады. Осылай алғашқы элементар 
бөлшек – электрон ашылды. Атом құрлысының күрделiлiгiне ұқсайтын тағы бiр 
бұлтыртпас факт 1869 жылы орыс ғалымы Д.И.Менделеев ашқан химиялық 
элементтердiң периодтылық заңы. Атомдық масса өскен кезде элементтердiң 
қасиеттерiнiң қайталануын атомның құрамына кiретiн бөлшектердiң саны өскен 
кезде оның iшкi құрылымының қандай да бiр ерекшелiгiнiң қайталануымен 
түсiндiруге болады.


89
46 сурет. - Томсон моделі 
Атомды күрделi жүйе деп ұйғарып, оның 
алғашқы моделiн ұсынған ғалым – Дж.Томсон. Томсон 
моделi бойынша атом дегенiмiз радиусы шамамен 10
-10
м болатын шар. Бұл шардың бүкiл көлемi оң 
зарядталған, ал терiс зарядталған электрондар оның 
iшiнде су тамшысының iшiнде жүзiп жүрген 
түйiршiктер тәрiздi қозғалып жүредi (46-сурет). 
Томсон моделi атомның бiрқатар қарапайым 
қасиеттерiн сәттi түсiндiргенiмен көп жағдайда 
қиыншылыққа 
тiрелетiн. 
Осы 
тұрғыдан 
атом 
құпиясына тереңiрек үңiлiп, оның жаңа бiр моделiн 
ұсынған ғалым ағылшын оқымыстысы Э. Резерфорд болатын. Ол өз 
тәжiрибелерiнде аса шапшаң α-бөлшектер жұқа алтын фольгадан шашыраған 
кездегi бұрыштық таралуын зерттей келе, атомның планетарлық моделi деп 
аталатын моделiн ұсынды.
47 сурет.-Резерфорд моделі 
Резерфордтың бұл моделi бойынша атомдағы 
оң зарядтар Томсон моделiндегiдей бүкiл көлемде 
таралмай, 
керiсiнше, 
оның 
орталығында 
жинақталады. Оны атом ядросы деп атайды. Ал 
электрондар болса Күн жүйесiндегi планеталар 
тәрiздi ядроны айнала қозғалып жүредi (47-сурет). 
Электрондардың массасы аса аз болғандықтан 
атомның 
бүкiлдей 
дерлiк 
массасы 
ядрода 
шоғырланған. Ядроның өлшемi атомның өлшемiмен 
салыстырғанда шамамен 10
5
еседей кiшi.
Бор постулаттары. Бор жасаған сутегi атомының моделi 
Атомның ядролық моделi α-бөлшектердiң жұқа алтын фольгадан 
шашырауын дұрыс түсiндiргенiмен екiншi жағынан басқа қиындыққа жолықты. 
Оның мәнiсi мынада болатын. Классикалық электродинамика заңдары 
тұрғысынан атомның планетарлық моделi тәрiздес жүйелер орнықты болмауы 
тиiс едi. Себебi, электрон ядроны айнала үдей қозғалатын болғандықтан өзiнен 
электромагниттiк сәуле шығаруы тиiс. Ал бұлай сәуле шашу оның энергиясын 
кемiтедi де, соның салдарынан электронның айналу радиусы бiрте-бiрте кемiп, 
түбiнде ол ядроға құлап түсуi тиiс болатын. Бiрақ, тәжiрибе бұған мүлдем керi 
нәтиже бередi. Атом орнықты жүйе және ол қозбаған күйде болса, өзiнен 
ешқандай да сәуле шығармайды.
Теория мен тәжiрибенiң арасындағы осындай қарама-қайшылықты шешу 
жолында ғалымдарға бiраз тер төгуге тура келдi. Бұл бағыттағы зерттеулер 
барысында алғашқы елерлiктей табысқа дат ғалымы Нильс Бор жеттi. Ол 
классикалық физиканың атомдық жүйеге қатысты барлық көзқарастарын қайта 
қарай келiп, оның атомдарға қатысты жаңа тәжiрибелiк деректердi түсiндiруде 
дәрменсiз екенiне көзi жеттi. Бұл жерде классикалық физика ұғымдарының 
ауқымынан тысқары шығу қажет болатын. Нильс Бор 1913 жылы солай жасады 


90
да, ол атомның жарықты шығаруы мен жұтуы жөнiндегi өзiнiң түсiнiгiн 
мынадай екi постулат түрiнде тұжырымдады :
1) Атомдар, тек стационарлық күйлер деп аталатын қандай да бiр 
күйлерде ғана бола алады. Бұл күйдегi электрондар ядроны айнала үдей 
қозғалғанымен өзiнен сәуле шығармайды.
2) Сәуле шығару немесе жұту тек бiр стационарлық күйден екiншi 
стационарлық күйге өткен кезде ғана болады. Ал шығарылған немесе жұтылған 
сәуленiң жиiлiгi мына шарттан анықталады:
hv=E
n
- E
m
мұндағы, E
n
және E
n
- осы стационар күйлердiң энергиясы, ал h – Планк 
тұрақтысы.
Атомдардың энергетикалық күйлерiн энергия деңгейлерi арқылы 
белгiлеп, сәуле шығару және жұту үрдiстерiн көрнектi түрде көрсету ыңғайлы.
Франк және Герцтiң тәжiрибелерi 
Сутегi атомы үшiн есептелген спектрлердiң тәжiрибе нәтижесiмен сәйкес 
келуi Бор теориясының үлкен табысы едi. Бiрақ бұл әлi де стационар күйлердiң 
болатындығының, атом энергиясының квантталатынының айқын дәлелi емес-
тiн. Атомның энергетикалық күйiнiң дискреттi болатынын алғаш рет 
дәлелдеген тәжiрибе – Дж. Франк және Г. Герц тәжiрибесi. 1913 жылы 
орындалған бұл тәжiрибеде электрондардың сынап атомынан шашырауы 
зерттелген болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет