Физика тарихы


Разерлер, гразерлер, асамықты лазерлер



Pdf көрінісі
бет51/69
Дата13.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#92813
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69
Байланысты:
Физика тарихы

Разерлер, гразерлер, асамықты лазерлер. ХХ ғ. екінші жартысын 
атомдық қана емес, лазерлік ғасыр деп атауға болады. Егер 40 ж. бұрын 
ғылымдық институттарда үлкен жаңалық болса, қазіргі таңда оны қарапайым 
газет сататын дүкендерден де сатып алуға болады. Лазерлік физиканың 
теориялық негізі болып, жасанды, кенеттен болған сәуле шашу құбылыстарына 
арналған, 1916 ж. А. Энштейнның танымал жұмыстары табылады. Қазіргі 
заманғы лазерлер физикасы, сонымен қатар оған қатысты бейсызықтық оптика 
мен география, орыс ғалымдарының зерттеулерінен бастау алған. Ол туралы 
кейінірек сөз болады. Қазіргі таңда лазерлік физиканың және техниканың 
бірнеше бағыттары бар. 
Біріншіден, ол толқын ұзындығын қысқарту. Алғашқы лазерлер 
микротолқынды диопазонда жасалған. Содан кейін, қазіргі таңда кең танымал 
оптикалық лазерлер, одан кейін ультракүлгін лазерлер пайда болды. Қазір 
қысқа өмір сүретін, атом бомбасының жарылысынан тербеліс алатын рентген 
лазері (разер) алынды. Ұзақ өмір сүретін рентгендік лазер әлі жасалмады, бірақ 
2005 ж. мұндай лазердің шығарылуы жоспарланған. Ол қазір бар рентген 
лазерлерінің күшінен 10
10
есе үлкен күш беретін болады деп күтілуде. Сонымен 
қатар, γ-диапозонды гразер-лазер жасалары да мәлім болды. 
Екінші мәселе-кенеттен лазер импульсін қысқартып, қуатты көбейту. 
Қазір I~(10
20
-10
21
) Вт
.
см
-2
интенсивтілікке қол жеткізілді. Осы кезде электр 
өрісінің қысымы ~10
12
В
.
см
-1
тең болады. Яғни, ол сутегі атомының негізгі 
деңгейінде протон протон өрісінен 100 есе күштірек. Егер 10
26
-10
27
Вт
.
см
-2
қуат 
алынса, кванттық электродинамиканы экспериментті дәлелдеуге өте маңызды 
болатын, лазерлік шағылысудың кванттарынан электрон-позитрондық 
жұптарды байқауға болар еді. 


105
Үшінші мәселе - когеренттілікті жоғарылату. Когеренттік шашырауы, 
интерференциялық схеманы пайдаланусыз, бір жерге бағытталған екі лазер 
сәулелерінен құралған оптикалық диапозонның лазерлері жасалған. Егер 
лазердің көмегімен термоядролық синтез жасалса, ол біздің өміріміздің 
көптеген қырларын өзгертер еді. Сондықтан, аса қуатты лазерлерді жасау 
мәселесі, ол техникаға қатысты болғанымен, физика үшін де өте маңызды 
болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет