109
Томография - ақпаратты алу және қолдану жолындағы жылдам
қарқынмен дамып келе жатқан бағыттардың бірі. Бейнелі айтсақ,
томография
зерттеліп жатқан объектінің ішіне кіруне мүмкіндік тудырады. Қазір
томографиялық әдістер радиолокацияда және оптикада, медицина және
физиологияда, химия
және плазма диагностикасында, астрономияда
қолданылады. Мамандардың пікірінше, томография қазіргі таңда тек дамуының
алғашқы сатыларында және оның анық мүмкіндіктерін тек болашақта ғана
көруге болады.
Томографияның мақсаты - бөгеттің ары жағын көру. Бұл әртүрлі
жолдармен жүзеге асады. Мысалы, рентгендік томография кезінде әртүрлі
бұрышта түсірілген бейнелер алынады, оларды
компьютердің көмегімен
томографиялық алгоритмдерді қолдана отырып зерттейді, осылайша,
объектінің ішкі структурасы бір көлемді үшөлшемді бейне түрінде көрінеді.
Математиканың осыған ұқсас мәселелерді шешу әдістемелері дайындалатын
бөлімі интегралды геометрия атымен әйгілі. Соңғы
уақытта адам денесінің
көлденең қима бейнесін алуға мүмкіндік беретін әдіс -
ядролы магнитті
резонанс негізіндегі томография кең етек алды. Ол иондалған сәуле шашуды
қолдануды керек етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: