49
көрінеді; көк пен сарының араласуы жасыл түстің көрінісін берді. 1860 жылы
Максвелл түсті қабылдау және оптика бойынша жасаған жұмыстары үшін
Румфорд медалімен марапатталды.
1857
жылы
Кембридж
университеті
Сатурн
сақиналарының
тұрақтылығына арналған ең жақсы жұмысқа байқау жариялады. Бұл
құрылымдарды XVII ғасырда Галилей ашқан болатын, әрі бұл құрылымдар таң
қаларлық табиғаттың жұмбағы болды: планета табиғаты белгісіз заттан тұратын
үш тұтас концентрлі сақиналармен қоршалған болып көрінді.
Лаплас олардың қатты бола алмайтындығын дәлелдеді. Математикалық
талдау жасау арқылы Максвелл олардың сұйық та бола алмайтындығына көз
жеткізіп, мұндай құрылым тек өзара байланыспаған метеориттердің
шоғырынан тұрған жағдайда ғана тұрақты бола алады деген қорытындыға
келді. Сақиналардың тұрақтылығы олардың Сатурнға тартылуы және
планетамен метеориттердің өзара қозғалысы салдарынан қамтамасыз етіледі.
Осы жұмысы үшін Максвелл Дж. Адамс сыйлығын алды.
Максвеллдің алғашқы жұмыстарының бірі –
газдардың кинетикалық
Достарыңызбен бөлісу: