Физика тарихы



Pdf көрінісі
бет33/69
Дата13.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#92813
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69
Байланысты:
Физика тарихы

Максвелл Джеймс Клерк (13.06.1831–05.11.1879) (41-сурет) – 
ағылшын физигі, Эдинбург (1855) және Лондон (1861) королдық 
қоғамдарының мүшесі.
 
41-сурет. Максвелл 
Джеймс Клерк 
Эдинбургте заңгер отбасында дүниеге келген.
Эдинбург (1847-50) және Кембридж (1850-54) 
университеттерінде оқыған. Университетті аяқтаған 
соң Тринити колледжінде дәріс оқып, 1856-60 жж. –
Абердин университетінің профессоры, 1860-65 жж. – 
Лондон королдық колледжінде, 1871 жылдан 
бастап – Кембридждегі эксперименттік 
физиканың бірінші профессоры болып қызмет 
атқарған. 
Оның жетекшілігмен Кембридждегі Кавендиш 
зертханасы 
құрылған. 
Электродинамика, 
молекулалық және статистикалық физика, оптика, 
серпімділік теориясы облыстары бойынша жұмыс
жасаған. Жылдамдық бойынша газ молекулаларының таралу заңын (Максвелл 
таралуы) бекітті, ішкі үйкеліс, диффузия және жылуөткізгіштік процестеріне 
қолданып, тасымалдау теориясын дамытты. Ығысу тогы түсінігін енгізе және 
электромагниттік өріске өзіндік анықтама бере отырып, электромагниттік 
теориясын (Максвелл теңдеуі) құрды. 
Алғаш (1879) Г. Кавендиштің қолжазба еңбектерін жарыққа шығарды.
Оның есімімен магниттік ағынның өлшем бірлігі - максвелл деп аталды. 
Больцман Людвиг (20.02.1844–05.09.1906) (
42-сурет)
– австрия физигі, 
Австрия (1895), Петербург (1899) және тағы да басқа ғылым академияларының 
мүшесі болған. Венада қызметкердің отбасында дүниеге келген. Вена 
университетін (1866) аяқтады. Граца (1869-73 және 1876-89), Вена (1873-76 
және 1894-1900 және 1903 жылдан бастап), Мюнхен (1889-94), Лейпциг (1900-


72
02) университеттерінің профессор болады. 
42 сурет. - Больцман 
Людвиг 
Газдардың 
кинетикалық 
теориясы, 
термодинамика және сәулелену теориясы облыстары 
бойынша жұмыс жасаған. Газ молекулаларының 
жылдамдық бойынша таралу заңын қорытып берді 
(Больцман статистикасы). Статистикалық заңдарды 
қолданып, физикалық кинетиканың негізі болып 
табылатын, газдардың кинетикалық теңдеуін қорытып 
берді. 
Жүйе 
энтропиясын 
оның 
күй 
ықтималдылығымен 
байланыстырды 
және 
термодинамиканың 2-бастамасының статистикалық 
сипаттамасын 
дәлелдеді. 
Алғаш 
термодинамика 
принциптерін сәулеленуге қолданып, Й. Стефанның 
экспериментт түрде алған жылулық сәулелену заңын
алды. Термодинамикалық түсініктерден
Д. Максвеллдің жарық қысымы туралы гипотезасын расқа шығарды. 
Газдардың кинетикалық теориясының қарсыластарының тарпа бас салуы 
Больцманға қатты әсер етті, оның өз-өзіне қол жұмсауына осы жағдай себеп 
болуы мүмкін. 
Термодинамиканың екінші бастамасы табиғаттың қарапайым заңы емес, 
ықтимал заң ретінде қарастырыла бастады. Осында алғаш рет классикалық 
физика табиғат құбылыстарының дуализмімен қақтығысып жатты. 
Термодинамика сонау бастан тек жылудың механикалық теориясы 
түсініктеріне жүгінген болатын. Даму барысында ол физиканың дербес бір 
бөліміне айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет