114
53 сурет. - В.К. Аркадьев
Айнымалы электромагниттік
өрістегі заттардың
сипатына қарай, Аркадьев Максвелл теңдеулерін үш
белгілі
коэффициенттермен:
ε
диэлектрлік
өткізгіштік, μ магниттік өткізгіштік және ρ электрлік
өткізгіштікпен қатар, төртінші айнымалы өрістердегі
ферромагнетиктегі жылулық шығынды сипаттайтын р
магниттік өтімділікті еңгізе отырып жалпылауды жөн
көрді. Осы төрт
коэффициенттермен сипатталатын
ортаны Аркадьев биокомплексті деп атады.
Аркадьев Лебедевпен
бірге университеттен
кеткеннен кейін, Шанявский университетінде өзінің
Френель дифракциясының әр түрлі жағдайларындағы
фотосуреттері бойынша
тиімді тәжірибелерін іске
асырды.
Ол алған фотосуреттер 1912 жылдың «Журнал Русского физико-
химического общества» және «Physikalische Zeitschrift» журналдарында жарық
көріп, Кеңес елінде және шет елде физикаға енді. Ол сол жерде Баклинмен
бірігіп, болашақта жоғары вольтты үдеткіштерге айналған «найзағай
генераторын» құрастырды.
Көтерілістен кейін қайтып оралған В.К. Аркадьев магнетизм құбылысын
зерттеу бойынша кең көлемді ғылыми жұмысты жазды. Ол «Магниттік
коллоквиум» атты ғылыми үйірме және
магнетизмнің зертханасын
ұйымдастырды. Осы зертханада өзінің жары А.А. Глаголева-Аркадьева 1922
жылы массалық сәуле шығарғыштың көмегімен, электромагниттік және
инфрақызыл
тербелістер
облыстарындағы
қысқа
электромагниттік
толқындарды алған.
Достарыңызбен бөлісу: