121
физикалық институты етіп қайта құрады.
С.И. Вавиловтың негізгі ғылыми зерттеулері люминесценция мен жарық
табиғатына бағытталған. Фотоүлкейткіштер пайда болғанша С.И. Вавилов көз
арқылыәлсіз жарық ағындарының кванттық флютуацияларын зерттеді. Осы көп
тер төккен еңбегі оның «Жарықтың микроқұрылымы» атты монографиясында
жалпыланған.
С.И. Вавиловтың жарық люминесценциясы
бойынша зерттеулері жалпы
нәтижелі болды. Ол өз әріптестерімен «күндізгі жарық» люминесценттік
шамдарының құрылысын өңдеп шығарды. Осы жұмыстары үшін С. И.
Вавилов, В. Л. Левшин, В. А. Фабрикант 1951 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие
болды. Сонымен қатар оның кванттық флюктуация бойынша еңбегі де
Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
С.И. Вавилов көп жылдар ғылым тарихымен де айналысты.
Ауыр соғыс
жылдарында болған Ньютонның 300-жылдығына арналып «Исаак Ньютон»
атты монографиясы жазылған. Вавиловтың бастамасымен ұлы орыс
оқымыстысы М.В. Ломоносовтың еңбектерінің толық жинағы басылып шықты.
Ол Ньютонның «Оптика» және «Оптикадан дәрістер» атты оптикалық
мемуарларын аударды. Оның бастамасымен әлі күнге дейін бар «Ғылым
классиктері» атты серия шыға бастады.
1945 жылы С.И. вавилов КСРО ғылым Академиясына
Президент болып
сайланды.
Оның ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстары көбейді. Дегенмен ол
саяси және ғылыми білімді тарату бойынша Бүкілкеңестік қоғамды («Знание»
қоғамы) қолға алып, 1947
жылы негізін қалап, өзінің өмірінің соңына дейін,
1951 жылдың 25 қаңтарына дейін оның төрағасы болды.
Достарыңызбен бөлісу: