«Физикалық қасиеттерді дамыту»дағдысы бойынша дидактикалық ойындар кешені



бет2/5
Дата25.12.2022
өлшемі130,49 Kb.
#59494
1   2   3   4   5
Байланысты:
физикалық қасиет

Қажетті құралдар: Аю бетпердесі.
4
5
Допты қуып жет
Ойын мақсаты: балаларды шыдамды,сабырлы қалыпта берілген белгіні тыңдауаға,тез жүгіругі,түсетеріңн көлемін ажырата білуге баулу. Ойынның шарты: бұл ойынға 5-6 бала, тәрбиеші басқаруымен қатыса алады.Тәрбиеші доптарды себетке салып алып,балалрдың алдына домалатып жібереді.»Допты қуып жет»деген белгі бойынша ,балалар допты ұстап алып тәрбиеші ұстап тұрған себетке салуы керек. Құралдар: түрлі-түсті ,үлкен-кішілі доптар.
«Балапандар мен мысық»
Бастапқы қозғалыс: Жай жүріс, жүгіру.
Ойынға түсініктеме:
Балалар тәрбиешімен бірге мысыққа жақындап:
Мыс-мыс-мысығым,
Қандай күшті пысығым.
Пеш үстінде ұйықтайды,
Көзін қатты қыспайды.
Балапанды ұстайды?
Мысық: Мяу! деп балаларды қуа жөнеледі.
6
Қояндар мен қасқыр
Мақсаты: Балаларды алғырлыққа, қырағылыққа, татулыққа тәрбиелеу. Ептілік қасиеттерін арттыру. Денсаулықтарын шынықтыру. Шарты: Бір бала қасқыр болады, ал қалған балалар қояндар болады. Қояндар өз үйлерінде тығылып жатады, ал қасқыр өзінің апанында жатады. Тәрбиеші: - Секеңдеңдер қояндар, Жүгіріңдер жортыңдар- деген кезде, қояндар үйлерінен шығып секеңдеп ойнайды. Осы кезде қасқыр апанынан шығып қояндарды қуа жөнеледі. Ұстап алған қояндарды апанына апарады. Осылай 3-4 қоянды ұстағаннан кейін ойынды басқа бала жалғастырады. Ойын 2-3 рет ойналады.
Кеглиді көзде
Мақсаты: Балаларды мергендікке,ептілікке,белгілі бір бағытты көздей білуге үйрету. Шарты: Балалар екі қатарға бөлініп тұрады,тізілген кеглиларды қолдарындағы доппен көздеп құлату керек. Әрбір бала өзінің неше кегли құлатқанын есінде сақтап отырады.Допты оң қолымен , сол қолымен де домалатуға болады. 
7
8
9
Допты тордан лақтыр
Мақсаты: Допты лақтыра білуге үйрету, топпен жарыса білуді ептілікке,шапшаңдыққа үйрету. Шарты: Құрылған тордың екі жағынан бөлініп тұрады. Арақашықтығы 1-1,5 метр болуы керек. Балалар тор арқылы бір-біріне допты лақтырады.Допты жерге түсірмей қағып алып отыру керек.Тәрбиеші жерге түскен допты санап отырады.Қай топта доп көп жерге түсе сол топ жеңіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет