Физикалық есептердің классификациясы және оларға қойылатын педагогикалық шарттар



Дата24.05.2023
өлшемі383,27 Kb.
#96621
түріСабақ
Байланысты:
реферат (копия) (копия)


Физикалық есептердің классификациясы және оларға
қойылатын педагогикалық шарттар

Физикалық есеп дегеніміз – ол оқушының алдына қойылатын қандай да бір проблема. Оны шешуде белгілі бір логикалық ақылой қызметі, жүзеге асып, физикалық эксперимент жасалынып, математикалық аппарат қолданылады.


Есеп шығару физиканы оқыту үрдісінің ұдайы бөлінбес құрамды бөлігі болып саналады, өйткені ол физика сабақтарының түгелдей барлық түрлері мен кезеңдеріне және сыныптан тыс жұмыстарында орындалынады. Есеп шығару, физиканы оқытудың әдістері, тәсілдері, амалдары ретінде әр жақты мағынада қолданылады
Физикалық есептерді шығару субъектінің ойлау қарекетінің негізгі түрлеріне байланысты жіктелінуі

Есепті талдау нәтижесі есеп шығаратын субъектінің біліміне, тәжірибесіне байланысты. Л.М. Фридман есеп шығарудағы мынадый іс-әрекеттерді көрсетеді:


1) есептің мазмұнын талдау;
2) шығару жолын іздеу;
3) шығару жоспарын жүзеге асыру;
4) есептің шығарылуының дұрыстығын тексеру.
Физикалық есептерді шығарудың жалпы алгоритмі:
1) есептің шартын мұқият оқып, процесті, не құбылысты анықтау;
2) берілген немесе қосымша шамаларды анықтау;
3) шартты белгілер арқылы есептің шартын қысқаша жазу;
4) қажет болса, есептің мазмұнына сәйкес сурет салу;
5) есепті қандай әдіспен және қалай шығару керек екенін анықтау (жоспар құру);
6) есеп мазмұнында сөз болып тұрған процесті сипаттайтын теңдеулерді жазу;
7) есепті жалпы түрде шығару яғни есептің талабына сәйкес белгісіз шаманы анықтайтын теңдеуді қорытып шығару;
8) есептің шығарылуының дұрыстығын тексеру (өлшем бірліктер арқылы);
9) белгісіз шаманың мәнін есептеп, анықтап алынған мәннің дұрыстығына көз жеткізу;
10) есептің жауабын жазу.

Есеп шығару барысында оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу деңгейі өскен сайын, сол типті есептерді шығарудың алгоритмін олардың есте сақтап меңгеруі жүзеге асады.

Физикалық есептерді мазмұнына қатысты физиканың жеке тарауларына (механика, оптика, т.т.) қарай және де тарихи, политехникалық мазмұнды, қызықты, шығармашылықты, экспериментті, кешенді болып бөлінеді

«Эксперименттік есептер мынадай типтес болып та келеді:

1) "Пружинаны белгілі масштабпен теңдей өлшем бірліктеріне бөліп (градуиовка), оның ұзаруы мен оған түсірілген күштің байланыстылығын көрсететінін формуланы өрнектеңіз".
2) "Берілген сұйықтың тығыздығын ареометрдің жәрдемімен анықтаңыз".
3) "Физика кабинетіндегі электр қоңыраудың істейтін моделі гальваникалық элемент, кілт, сымдар берілген, Электрқоңырау бір ақ рет шылдырауы үшін электр тізбекті қалай қосу керек? Оның сұлбасын сызып көрсетіңіз
Қызықты физикалық есептер көп кездеспейді.
Оған мынадай есеп мысал бола алады:
"Болат стерженнің екі ұшын да бірдей магниттік полюске магниттеуге болады ма? Егер болса, калай? Егер болмаса, неге?"
Шығармашылық есептердің ерекшелігі зерттеуішлік ("Неге?" деген сұраққа жауап беретін) және конструкторлық ("Қалай істеу керек?" деген сұраққа жауап іздейтін) есептер болыл екі түрге бөлінеді.
Өндірістік-техникалық (политехникалық) мазмұнды есептер физика сабақтарында көп шығарылады.
Бір мысал: "Шахтаға массасы 280 кг лифт бірқалыпты үдемелі қозғалыспен түсірілді. Ол 10 с ішінде 35 м тереңдікке түседі. Лифт канатының керілуін табыңыз."
Бұл есептердің 2-3 түрі бір есепте бірігіп келсе, оны аралас (біріктірілген) кешенді есеп деп атайды, олар көп кездеседі.
Барлық физикалық есептер берілу шарты бойынша текстік, эксперименттік, графиктік, сурет-есеп сияқты салаларға бөлінеді. Дидактикалық, мақсатта олар қарапайым, жаттығу, күрделі (біріктірілген) есептер болып саналады.
Карапайым (оңай) есептер 2 формула мен заңдылықтарды, жеңіл экспериментті пайдалану арқылы шығарылады.

Жаттығу есептері көбінесе жаңа материалды бекітуде сұрақ ретінде шамасы 10 Н күш әсер еткенде дене 0,2 м/с2 үдеу алады. Дененің массасын анықтаңыз.").



Ал "қиын" (күрделі) есептерді шығаруда бірнеше бөлімдердің заңдары мен формулалары, қорытындылары мен эксперименттік дағдылары пайдаланылады.

Есепті шығаруға қажетті мәліметтерді графикті талдаудан алатын болсақ, ондай есептерді графиктік есептер деп атаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет