Физикалық География грек тілінен аударғандағы мағынасы: гео-жер графо-жазамын



бет28/90
Дата04.10.2022
өлшемі170,98 Kb.
#41278
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   90
Байланысты:
жалпы география

ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ




Зерттелген уақыты

Зерттеген
саяхатшылар

Зерттелген аймақтар


Б.з.б Vғ.

Геродот

Каспий теңізінің шығысы, Жайық, Жем өзендері


Б.з.б. 63-24 ж

Страбон

Каспий теңізі, Сырдария, Әмудария


Б.з. 90-160ж
Б.з.б. ІІ ғ

Птоломей

Каспий теңізі, Арал теңізі, Сырдария


Б.з.б. ІІ-І ғ.

Чжан Цянь, Сюань-Цзан

Жетісу, Ақсу, Шу, Талас өзендері


VІІ- VІІІ ғ.

Араб саяхатшылары

Сырдария, Шу, Жайық, Жем өзендері, Отырар, Тараз, Испиджаб қалалары


ХІ ғ.

Махмұд Қашғари

«Диуани лұғат-ат-түрік», «Дөңгелек карта»


ХІІІ ғ.
(1245 ж.)
(1253 ж.)

Итальяндық Плано Карпини, француз Вильгельм Рубрук

Жайық, Тянь-Шань, Тарбағатай, Сырдария, Алакөл, Балқаш, Еділ, Мұғалжар, Арал, Шу, Жетісу


ХVІ аяғы-ХVІІ ғ басы

Қадырғали Жалаири

Талас, Сайрам


ХVІІ ғ.

С. Ремезов

«Сібірдің сызба кітабына» Қазақстан аумағын кіргізді


1832 жылы

Левшин

Қазақстан жеріне тұңғыш рет физикалық-географиялық сипаттама берді


1856-1857 жылдары

П.П. Семенов Тянь-Шаньский

Орталық және Солтүстік Тянь-Шань, Хан-Тәңірі массивін зерттеді


1857-1858 жылдары

Н.А. Северцов

Арал теңізі, Сырдария, Тянь-Шань, Қызылқұм, Қаратау, Үстірт, Мұғалжар


1875-1876 жылдары

И.В. Мушкетов

Тянь-Шаньның солтүстігі, Жоңғар Алатауы, Ыстықкөл


1900-1903 жылдары

Л.С.Берг

Арал теңізін зерттеді


ХІХ ғ.

Ш. Уәлиханов

Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань, Ыстықкөл


1926-1929 жылдары

Қ. И. Сәтбаев

Жезқазған, Сарыарқа, Кенді Алтай



ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕР БЕДЕРІ


  1. Қазақстанның ең биік нүктесі: Тянь-Шань тауындағы – Хан-Тәңірі шыңы – 6995 м

  2. Тянь-Шань сөзі қытай тілінен аударғанда қандай мағына береді: «Тәңір шыңы»

  3. Қазақстанның ең төмен нүктесі: Маңғыстау түбегіндегі – Қарақия ойысы – -132м

  4. Қазақстан жерінің басым бөлігін алып жатыр: жазықты жер бедері

  5. Қазақстан жерінің нешесін биік таулар алып жатыр: 10%

  6. Қазақстанның қай жерлерінде биік таулар орналасқан: оңтүстік-шығысы мен шығысында

  7. Қазақстан таулары көтерілді: палеозойдың герцин тау түзілісі кезінде (Алтай, Жоңғар Алатауы, Сарыарқаның шығыс бөлігі, Мұғалжар)

  8. Қазақстан аумағында жер қыртысының қозғалуы баяу болып, бірде-бір тау жүйесі көтерілмеді: мезозой эрасы кезінде

  9. Қазақстанда альпілік тау түзілісі процесі жүріп, таулар екінші рет көтерілуге ұшырады: кайнозой эрасы кезінде (Алтай, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай)

  10. Қазақстанның ең көне жері: Шығыс Еуропа платформасы

  11. Шығыс Еуропа платформасы пайда болды: бұрынғы теңіз түбінің көтерілуінен


ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ ҮСТІРТТЕР

  1. Қазақстан жеріндегі ірі үстірттер: Үстірт үстірті, Торғай үстірті, Бетпақдала, Жем үстірті

  2. Қазақстанның оңтүстік батысында орналасқан: Үстірт

  3. Үстірт үстіртінің ең биік нүктесі: Мұзбел жоны – 340 м

  4. Үстірт биіктігі шектелген: 150 м болатын тік жарлармен

  5. Торғай үстірті орналасқан: Сарыарқа өлкесі мен Мұғалжар тауының аралығында

  6. Торғай үстірті жалғастырады: Батыс Сібір мен Тұран ойпатын

  7. Бетпақдала үстірті орналасқан: Сарысу өзені мен Балқаш көлінің аралығында

  8. Бетпақдала үстіртінің ең биік нүктесі: Желтау жотасы – 974 м

  9. Жем үстірті орналасқан: Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тау аралығында

  10. Қазақстанға оңтүстік-шығыс бөлігі ғана кіретін Орал тауы мен Еділ өзені аралығындағы қырат: Жалпы Сырт қыраты


ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛАСА ТАУЛАРЫ

  1. Қазақстанның аласа таулары: Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы, Маңғыстау таулары, Мұғалжар тауы

  2. Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы дегеніміз: Қазақстанның орталық бөлігін алып жатқан аласа таулы өлке

  3. Сарыарқаның ең биік нүктесі: Қызыларай тауындағы Ақсораң – 1565 м

  4. Маңғыстау таулары орналасқан: Маңғыстау түбегінде

  5. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі: Бесшоқы – 556 м

  6. Маңғыстау таулары тұрады: Ақтау және Қаратау жоталарынан

  7. Мұғалжар тауы пайда болды: герцин тау түзілісі кезінде

  8. Орал тауының Қазақстан жеріндегі жалғасы: Мұғалжар

  9. Мұғалжар тауының ең биік нүктесі: Үлкен Боқтыбай тауы – 657 м

  10. Қазақстан жеріндегі жаңа кайнозойлық құрылымдар: Балқаш, Алакөл, Зайсан тау аралық ірі қазаншұңқырлар

  11. Қазақстан жеріндегі жас платформалар: Батыс Сібір, Тұран


ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ ЖАЗЫҚТАР

  1. Қазақстан жеріндегі жазықтар: Каспий маңы ойпаты, Тұран жазығы, Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі

  2. Каспий маңы ойпаты орналасқан: теңіз деңгейінен -27 м

  3. Каспий маңы ойпатында таралған: тұз күмбездері

  4. Тұз күмбездерінен өндіріледі: ас тұзы, гипс т.б.

  5. Аймақтағы құм төбелерді қалай атайды: Бэр төбешіктері

  6. Қазақстанның оңтүстік-батысын алып жатыр: Тұран жазығы

  7. Тұран жазығының Қазақстанға кіретін бөлігі: солтүстігі

  8. Тұран ойпаты Торғай үстірті арқылы жалғасқан: Батыс Сібір жазығына

  9. Тұран жазығын 2 бөлікке бөліп ағады: Сырдария

  10. Батыс Сібір жазығы (Солтүстік Қазақ жазығы) орналасқан: еліміздің солтүстігінде

  11. Батыс Сібір жазығының Қазақстанға кіретін бөлігі: оңтүстік

  12. Батыс Сібір жазығы төмендейді: оңтүстіктен солтүстікке қарай




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет