Физикалық практикум


  Қысқаша теориялық кiрiспе



Pdf көрінісі
бет69/113
Дата12.04.2022
өлшемі3,87 Mb.
#30798
түріПрактикум
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   113
13.2. 
Қысқаша теориялық кiрiспе 
Осы  заманғы  техникада  Ом  заңына  бағынбайтын  тізбектердің  ролі  күшейіп  келеді. 
Мұндай  тізбектерде  ток  пен  түсірілген  кернеудің  арасындағы  тура  пропорционалдық 
қатынас  орындалмайды.  Олардың  сызықты  тізбектерден  негізгі  айырмашылығы    мұндай 
тізбектерде кедергінің мәні онда өтіп жатқан токтың немесе түсірілген кернеудің шамасына 
тәуелді  болады,  яғни  кедергі  сызықтық  емес  кедергі  болады.  Сызықтық  емес  кедергілердің 
вольт-амперлік  сипаттамалары  да  әр  түрлі  болады.  Іс  жүзінде  қолдануы  жағынан  (радио 
қондырғылар, есептегіш машиналар) ең қажеттілері  R

 және R
I
  түріндегі кедергілер болып 
табылады.  R

  түріндегі  кедергінің  негізгі  қасиеті  –  ол  өзі  арқылы  өтіп  жатқан    ток  белгілі 
шектерде өзгерген кезде ондағы кернеу аз ғана өзгереді. Ал  сызықтық емес  R
I  
кедергілер 
болса,  керісінше,  ондағы  кернеу  белгілі    шектерде  өзгерген  кезде  токтың  болмашы  ғана 
өзгерісін тудырады.  Кедергілердің екі түрінің де вольт-амперлік  сипаттамалары 1–суретте 
көрсетілген. 
  Сызықты активті кедергідей емес сызықтық емес активті кедергінің тұрақты ток және 
оның өзгерісі үшін әртүрлі мәні болады. Тұрақты токқа сәйкес кедергі  R
ст 
=U/ I  статикалық 
кедергі деп аталады. Тұрақты токтың өзгерісіне кедергі  R
дин
=
U/
I  динамикалық кедергі 
деп аталады. 
  Статикалық  кедергі  координаттар    басы  және  вольт-амперлік  сипаттаманың  А 
жұмысшы  нүктесі  арқылы  өтетін  түзумен  ток  осінің  арасындағы  бұрыштың  тангенсімен 
анықталады (1–суретті қараңыз). Динамикалық кедергі ток осі мен дәл сол А нүктесі арқылы 
өтетін  жанаманың  арасындағы  бұрыштың  тангенсімен  анықталады.  1–суреттен  R
ст
R
дин
 
екендігін  көруге  болады  және  де    R
I
    кедергі  үшін      R
ст
< R
дин 
,    ал    R

  кедергі  үшін 
керісінше    R
ст
>R
дин 
:            R

және    R

  түріндегі  кедергілердің  сызықтық  еместік  дәрежесі 
сызықтық емес кедергінің  Q сапалылығымен  сипатталады.   
Бұл параметр былай анықталады:    
 
Q
I  
= R
 дин 
/R
 ст
                                                               (13.1)  
Q

=
 
R
ст 
/R
дин                                                                                            
(13.2) 
 
 


102 
 
және  ол  вольт-амперлік  сипаттаманың  бір  ғана  нүктесінде  кедергінің  бір  түрінің 
(статикалық  немесе  динамикалық)  кедергінің  екінші  түрінен  қанша  есе  артық  екендігін 
көрсетеді.  
Сызықтық емес кедергі инерциялық деп аталады, егер ол өзіне түсірілген кернеудің бір 
периоды  өткенше  өзінің  мәнін  өзгертіп  үлгере  алмайтын  болса.  Сызықтық  емес  бір 
кедергінің  өзі  токтың  төменгі  жилігі  кезінде  инерциясыз  болып,  ал  жоғарырақ  жиіліктер 
жағдайында  инерциялы  болып  шығуы  мүмкін.  Инерциялы  сызықтық  емес  кедергілер 
тізбектегі ток қисығының түрін өзгертпейді, ал инерциясы жоқ кедергілер оларды жеткілікті 
мөлшерде  өзгерте  алуы  мүмкін.  Сызықтық  емес  сипаттаманы  тудыратын  процестердің 
физикасы бойынша сызықтық емес кедергілер екіге бөлінеді.  Кедергілердің бірінші түрінің 
вольт-амперлік  сипаттамасының  сызықтық  еместігі  токтың    жүруіне  себепші  физикалық 
процестердің  ерекшеліктерімен  анықталады.  Бұларға  газразрядтық  құралдар,  жартылай 
өткізгіш  резисторлар  мен  вентильдер,  сегнетэлектрлік  конденсаторлар  және  т.б.  жатады. 
Кедергілердің  екінші  түрінің  вольтамперлік  сипаттамасының  сызықтық  еместігі  ток  өткен 
кезде  пайда болатын қызудан туады. Мұндай кедергілер – токтың төменгі жиіліктерінде де 
инерциялық  болып  табылады.  Бұларға  қыздыру  лампалары,  барреторлар  және 
терморезисторлар жатады. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет