163
20.7-сурет. Алынған спектрдің экрандағы көрінісі
Экранның сол жағында қолданушыға қажетті басты параметр- шашырау бұрышы мен
қондырғы жағдайы туралы мәлімет беретін терезе орналасқан.
Экранның оң жағы автоматты режимде жұмыс істейтін және спектр жинағы қосылған
сәтте демонстрацияға ауысатын эксперимент схемасын көрсетеді. Экранның осы бөлігінде
жұмыс режимін ауыстыруға арналған көрсетулер: «Эксперимент схемасы», «Спектр
жинағы», «Кесте» бар. Спектр жинағының терезесіндегі абцисса осі бойында – «каналдар»,
калибровкадан кейін кЭв түріндегі энергия орналасады. Ордината осінде - детектордан
келген электрлік импульс санына сәйкес келетін
кванттар саны болады. Төменде, спектр
терезесінің астында 3 кішігірім мәліметтер терезесі орналасқан: сол жағы барлық
каналдардан детекторға түскен
кванттардың санын; ортаңғысында каналдың номері
немесе маркер орналасқан абцисса осі бойымен энергия орналасқан. Оң жақ терезе-маркер
алып тұрған каналдағы бөліктер санын немесе егер, тартылған маркердің бөлігі спектрде
алыс болса, онда спектрдің осы бөлігіндегі бөліктер санын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: