Физиология курсы



Pdf көрінісі
бет13/72
Дата06.01.2022
өлшемі0,64 Mb.
#14727
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72
Байланысты:
527 442 569 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ КУРСЫ ОЗ

 

Тесттік тапсырмалар: 

1. Патофизиологияның эксперименттік ғылым ретінде негізін қалаған 

A. Вихров Р. 

B. Павлов И.П. 

C. Клод Бернар 

D. Пашутин В.В. 

E.  Мечников И.Н. 

2. Патологиялық физиология зерттейді: 

A. құрылымдық ерекшеліктерді 

B. негізгі жүйелер мен мүшелердің қызметтерін 

C. организмнің метаболиттік процестерін 

D. аурудың кӛріністерін 

E.  аурудың  пайда  болуының,  дамуының,  ағымының  және  соңының  жалпы 

заңдылықтарын 

3. Патофизиологиялық экспериментте міндетті болып саналады: 

A. адам ауруларының моделін жануарларда алу 

B. функционалдық кӛрсеткіштерді зерттеу 

C. морфологиялық кӛрсеткіштерді зерттеу 

D. биохимиялық кӛрсеткіштерді зерттеу 

E.  аурудың клиникалық белгілерін зерттеу 

4. Жануарға эксперимент жасағанда зерттеу мүмкін емес: 

A. аурудың бастапқы кезеңін 

B. организмге жаңа дәрі-дәрмектердің әсерін 

C. аурудың жазылмаған формаларын 

D. аурудың субъективті белгілерін 

E.  аурудың дамуына қоршаған орта жағдайының әсерін 

5. Нозология - бұл: 

A. аурудың пайда болу себептері туралы ілім 




 

12 


B. аурудың пайда болу жағдайлары туралы ілім 

C. ауру туралы жалпы ілім 

D. аурудың пайда болу механизмдері, дамуы және ақыр-соңы туралы ілім 

E.  аурудан айығу туралы ілім 

6. Ӛлімнің қайтымсыз этапы: 

A. клиникалық ӛлім 

B. алдамшы ӛлім 

C. преагония 

D. агония 

E.  биологиялық ӛлім 

7. Патологиялық үрдіс дегеніміз: 

A. организм үшін бейімделулік мағынасы жоқ, қалыптан тұрақты ауытқуы 

B. қоршаған орта факторларынан ұлпалар мен мүшелердің зақымдалуы 

C. организмнің әртүрлі әсерлерге адекватты емес жауабы 

D. зақымдалған  ұлпада,  мүшеде  немесе  организмде  патологиялық  және 

қорғаныс бейімделу серпілістерінің сабақтасуы 

E.  бейімделу сипатының қалыптан ауытқуы 

8. Патологиялық жағдай - бұл: 

A. зақымдаушы факторлар әсерінен туатын организмнің жауаптық серпілісі 

B. организм  үшін  бейімдеушілік  мағынасы  жоқ,  қалыптыдан  тұрақты 

ауытқуы 

C. баяу ағымды патологиялық үрдіс 

D. қоршаған орта факторларынан мүшелер және ұлпалардың зақымдалуы 

E.  зақымдалған  ұлпада,  мүшеде  немесе  организмде  патологиялық  және 

қорғаныс бейімделу серпілістерінің сабақтасуы 

9. Патологиялық серпіліс - бұл: 

A. организмнің әсерге қысқа уақытта ерекше (адекватты емес) жауабы 

B. баяу ағымды патологиялық үрдіс 

C. организмнің қысқа уақытты адекватты серпілісі 

D. зақымдылған  ұлпада  патологиялық  және  қорғаныс-бейімделушілік 

серпілістерінің сабақтасуы 

E.  бейімделу сипатының қалыптан ауытқуы. 

10. Ауру алды - бұл: 

A. зақымдану мен бейімделу механизмдерінің қосарлануы 

B. патологиялық процесстің қарапайым формасы 

C. организмнің типтік патологиялық реакциясы 

D. аурудың бірінші кезеңі 

E.  ауру мен денсаулық арасындағы аралық жағдайы 




 

13 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет