ҒҰмарбек дәукеев атындағы алматы энергетика және байланыс


Сми өкілдерінің хабарлауынша



бет2/2
Дата11.03.2023
өлшемі27,93 Kb.
#73321
1   2
Сми өкілдерінің хабарлауынша : Мәдениет және спорт министрі өз сөзінде «Мәдениет туралы» заңға Парламент Сенаты деңгейінде мақұлданған өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін алға тартты. Енгізілген өзгерістерге сай, мәдениет ұйымдарын құру, тарату мен қайта құру мәселелері тек министрліктің келісімі арқылы ғана шешіледі. Бұдан бөлек қазіргі уақытта 2020 жылға дейін туристік саланы дамытудың жаңа тұжырымдамасының жобасы дайындалуда.
Мәдениеттің бөлшектеріне Э.Хобель «жүріс-тұрмыстық үлгінің немесе материалдық өнімнің бұдан басқа бөлінбейді деп саналатын бірлігі» жататынын пайымдады. Мысалға: қалам, қалпақ, құрал, кілем, соқа, үй, әлеуметтік теңдік пен әлеуметтік ойы, әр түрлі дәстүрлер (сәлем беру, қонақ күту, той жасау). Әр мәдениеттің мындаған бөлшектері болады. Бөлшектердің жиынтығын мәдени кешен деп атайды. Бір бөлшек арқылы жалпы мәдени кешенді тұтас елестетуге болады. Мәдени кешен бөлшектерден қиылыстырады. Әр бөлшектің мағыналық жүктемесі болады. Мысалы: спорттық ойынды, футболды алсақ. Онымен байланысты мәдени бөлшектері мынандай: стадион, жанкүйерлер, төрешілер, ойыншылар, шабуылшылар, жартылай қорғаушылар тағы да басқалары.
Мәдени кешендер – кітап басу, компьютерді ойлап шығару, өнер көрмесі, оқыту, үйлену дәстүрі. Мәдени кешен мәдени бөлшек пен мәдени институттың аралығында орналасады. Институционалды мәдениет бірқатар мәдени кешендерден тұрады. Мысалы, отбасы институты келесі мәдени кешендерден тұрады: өзіне өмірлік серігін таңдау, үйлену тойы, балаларға қамқорлық жасау. Бірақ мәдени кешеннің барлығы әлеуметтік институттарға жатпайды. Олар маңызды емес мәдени кешендерге жатады. Мысалы: әр тұрлі заттардың жиынтығы (маркалардың, ыдыс-аяқтың, қарулардың, темір, күміс, қағаз ақшалардың). Сонымен адам қызметінің қандай түрі болмасын ерекше мәдени кешендерден тұрады, ал олардың бөлшектерін талдауға болады:
Жоғары дамыған мәдениетке таңдаулы мәдениет жатады, ол қоғамның қалаулы тобының тапсырысымен немесе пұрсатты өкілдерімен жасалынады. Бұлар кәсіби жасаушылар: өнер, музыка, әдебиет шығармаларын тудырады. Оны тұтынушылар жоғары білімді құоғамның мүшелері: сыншы, жазушы, суретші, өнертанушы.
Халық мәдениетін белгісіз жасаушылар дүниеге әкеледі. Ол екі түрден – көпшілік қолды және халықтың ауызша шығармашылығы-нан тұрады. Көпшілік қолды мәдениет қазіргі халық тұрмысын, әдет-ғұрпын, әдеттерін, өлеңдерін, билерін суреттейді. Халықтың ауыз-әдебиеті шығармашылығында олардың өткен кезі суреттеледі.
Бұқаралық, көпшілікке түсінікті мәдениет таңдаулы топтың талғампаздығымен жасалынбайды. Жаппай мәдениеттің кең тарай бастауы ХХ ғасыр ортасы – поп музыка (рокэнролл, битлз, рэп) халыққа тез жететін болды. Өйткені ақпаратты – радио, басылымдар, теледидар, үнтаспалық жазулар, енді бейнефильмдер арқылы дүниенің барлық түпкірлерінде, әр үйде, әлеуметтік топтардың қайсысы болмасын қысқа мерзім ішінде, әрі қолайлы жағдайларда тұтынатын болды. Жаппай көпшілікке арналған музыка мен кино ешбір білімді, мәдениеттілікті талап етпейді. Көпшілікке оның көркемдік құндылығының төмен болғаны толғандырмайды. Оған ойсыздық, тәндік сезімдерден ләззат табумен шектелу, өмір күрделілігінен қашып құтылам деген алдамшы сенімге бөлену тән.
Мәдениет белгілі нақты нысандарда әр түрлі деңгейдегі қоғамдық өзара байланыста өмір сүріп, міндетті қызмет атқарады. Мәдениеттің болмысын нақты нысанда көрсететін түсінікті әлеуметтану ғылымында субмәдениет деп атайды. Ол – жалпы мәдениеттің бір ерекше бөлігі. Өйткені әр қауымдастық пен әлеуметтік топ өзінің шартты таңбалар, сенімдер, құндылықтар, мөлшерлер, жүріс-тұрмыстың үлгілерінің жиынтығын жасап шығарады. Жалпы адамзаттың мәдениетін жоққа шығармай, субмәдениет өзінің айырмашылықтарынсыз болуы мүмкін емес. Себебі әр қауымдастықтың өзіндік тіршілік әрекеті болады.
Қазіргі қоғамның мәдениеті көптеген мәдени кешендерден тұрады. Олар өзара байланысты болуы мүмкін. Мысалы, адамдарды басқару мәдени кешені немесе белгілі шамада оқшаулануы мүмкін. Мысалы: гүл өсіру немесе бағалы заттардың жиынтығын жасау. Әр қоғамда барлық мүшелері қабылдайтын және қолдайтын мәдени үлгілердің әлдебір жиынтығы бар. Бұл жиынтықты үстем немесе жалпыға бірдей мәдениет деп атайды. Сонымен қатар кейбір әлеуметтік топтар, осы қоғамның барлық мүшелері қолдамайтын мәдени белгілерді, мәдени кешендерді дамытады. Мысалы: басқа елден көшіп келген топтар аралас мәдени кешенді дамытады. Әр әлеуметтік институт өзіне тән, ерекше мінез-құлықтың үлгілерін жасайды және енгізеді. Оларды «кәсіпорынның мәдениеті», «мектептің мәдениеті», «басқарудың мәдениеті» кешендері жүйелерінен көруге болады. Сол сияқты «әскери өмір», «жатақханың тұрмысы» деген ұғымдар мәдени ерекшеліктерді көрсетеді. Осындай мәдени үлгілердің үстем мәдениет-пен тығыз байланысымен қатар оның айырмашылығы бар, сондықтан бұл субмәдениетті білдіреді.
Субмәдениеттер батыстық, шығыстық, ұлттық, діни, кәсіби, ұйымдардың, әлеуметтік топтардың, жастардың, студенттердің, бандалардың т.б. болып бөлінеді.
«Ұлттық мәдениет» түсінігі бір елдегі, мемлекеттегі адам қауымдасты-ғының шартты таңбаларын, сенімдерін, құндылықтарын, жүріс-тұрыстың
мөлшерлері мен үлгілерін анықтауын сипаттайды. Ұлттық құрамы бір тектес және бір тілді мемлекетте бір ұлттық мәдениет болуы мүмкін. Бірақ елдердің басым көпшілігінде бірнеше әр түрлі ұлттық мәдениеттер кездеседі.
«Діни субмәдениет» ортақ дінге сүйеніп қалыптасады. Дүниежүзінде жалпы христиандық, мұсылмандық, буддалық мәдениеттер бар. Олардың жеке тармақтары өзінің субмәдениетін жасайды.
«Кәсіби субмәдениет» кез келген кәсіби топтың шартты таңбалары, құндылықтары, мінез-құлықтың мөлшері мен үлгілерінің негізінде қалыптасады. Бұл кәсіптің өкілдерінің айналысатын еңбегінің мақмұны және олардың қоғамда алатын орнына тығыз байланыста өз субмәдениетін жасап шығады.
Үстем болатын мәдениетке қарсы қоятын жүріс-тұрыс үлгілерін бандылар тобы саналы түрде қалыптастырылады. Олардың ұстанатын құлықтық мөлшерлері қоғамдағы жалпыға бірдей мөлшерлерге кереғар келеді. Сөйтіп, қарсы мәдениетке жеке адам жалпыға бірдей іргелі мәдени үлгілерден бас тартады.
Қарсы мәдениеттің пайда болуы – қалыпты және кең таралған құбылыс. Кейде субмәдениет пен қарсы мәдениеттің арасындағы айқын айырмашылықты көрсету қиын немесе мүмкін емес.
Субмәдениеттік мінез-құлық оның субъектілерінің қандай әлеуметтік топқа, ұлтқа, нәсілге жататынына байланысты ажыратылады.
Әр әлеуметтік топтың өзіндік дүниесі және өзінің мінез-құлықтық жүйесі болады. Қарсы мәдениеттің ең айқын көрінісін қылмыстық топтардың, мафиялық ұйымдардың, астыртын секталардың субмәдениеті бейнелейді. Батыста, Ресейде сайтандар сектасы кездеседі. Бұл - өмірден сыртта қалғандар-дың қарсылығы. Оны болдырмау қоғамның негізінің жан-жақты дамуына және әлеуметтік әділеттіліктің орнығуына байланысты.
Мәдениаралық коммуникация - мәдениаралық өзара ықпалдасу негізінде субъектілер (жеке тұлғалар, әлеуметтік топтар, қауымдастықтар, мәдениеттер, өркениеттер) арасындағы байланыстар негізінде пайда болған құндылықтармен және құндылықты ұстанымдармен өзара алмасу процесі. Кейде мәдениаралық коммуникация жайлы сөз еткенде "мәдениеттер диалоги" және "өркениеттер диалогы" ұғымдарын қолданады. 1990- шы жылдарда мәдениаралық коммуникация мәселелері индивидуалистік, ұжымдық және коммунитарлық мәдени бағдарлар аясында қарастырыла бастады. Мәдениаралық коммуникация барысында әртүрлі мәдениет өкілдері осы мәдениетке тән ерекшеліктерді ескере отырып, әлеуметтік қарым-қатынастарда түсініспеушілік пен ыңғайсыздық жағдайларын төмендетуге көп септігін тигізеді. Кейбір әлеуметтанушылар ұжымдық және индивидуалистік құндылықтардан ең жақсыларын біріктіруге үміттене отырып, жеке тұлғаның шексіз еркіндігі мәдениеттің әлеуметтік бұйымын бүлдірмеуі үшін қоғам игілігіне индивиду алдылық құқық пен ұжымдық құқықты тепе-теңдестіруге тиісті коммунитаризм тұжырымдамасын жасауға тырысады. Осылайша, мәдениеттер өзара ықпалдасуы мен диалогы идеяларынан туындаған мәдениаралық коммуникация мәселесі уақыт өте келе тұлғааралық мәдени коммуникация деңгейіне өтті. Мәдениаралық коммуникация мәселесі жаһанданудың өзара әріптестік пен өзара түсіністік аспектісінде бүгінгі таңда аса өзекті болып отыр. Ықпалдастық процестер әлемді өзара байланысты, біртұтас етуде. Мәдениаралық коммуникация дағдыларын халықаралық менеджмент және маркетинг саласында, БАҚ қызметінде, трансұлттық корпорациялар және трансұлттық саясат, сондай-ақ мәдениаралық коммуникация зерттеулеріне түрткі болған - мәдениет саласында қолдануға болады. Мәдениеттер диалогы, өркениеттер диалогы негізінде жатқан мәдениаралық коммуникация идеяларын халықаралық ұйымдар (мысалы, саяси көшбасшылар, мемлекет басшылары, үкіметтік емес ұйымдар көп қолданады.
Мәдениет – адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал.
Әл-Фараби айтқандай, адам – «хайуани мадани», яғни, адам мәдениетті жан.
Адам – табиғат туындысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екеніне күмән жоқ. И.Гердердің тілімен айтқанда, адам – табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.
Ғасырлар – адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, құлдыратып жіберді.
Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. К.Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеялдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген занды сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние — бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні — руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады.
Ж.П.Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиясы — адамдағы «Мендік». Одан сыртқа ерекше бір нұр — азаттық, жауапкершілік, адамгершілік сәулесі нұр шашып тұр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің шығармашылығым.
Қоғам — әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, қоғам ұғымындағы негізгі мәселе — адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады. Осыған дейін қарастырылған ұғымдарды негізге алып, қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау мүмкіндігі бар:
Адамды қалыптастыру қызметі. Бұл — мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. «Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті». Маугли — көркем бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады.
Адамға ең қиыны — адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады.
Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Ақпараттық (информациялық) беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар — салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады.
Танымдық қызметі. Мәдениеттің қоғамдағы бұл қызмет-міндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе — мәдениет пен білімнің арақатынасы. «Табиғаттан қулығын асырып жіберуге» (Гегель) бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігіне жатады. Ертедегі гректің «пайдейя», ислам Өркендеуіндегі «маариф», қазіргі өркениеттегі «интеллигенттілік» ұғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді. Осы сипатта, әсіресе зиялылар (интеллигенция) мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады. «Бүгінгі күнге лайық адамдық қарым-қатынас орнату — интеллигенцияның басты міндеті.
Реттеу қызметі. Бұрынғы Кеңес Одағында шыққан кітаптарда «мәдениетті ғылыми жолмен басқару» атты сөз тіркесі кең етек алған-ды. Бірақ адамның дүниеде өмір сүру тәсілі ретінде түсіндірілетін мәдениетті басқару мүмкін емес, әйтпегенде адамды тетікке, қуыршаққа айналдырған тоталитарлық айла – шарғы үлгілерін көреміз. Айталық ертедегі Грекияда ешқандай шенеуніктер адам басына театрлар неше билет сатты деген ақпарат жинаған жоқ. Солай болса да елдегі жоғары мәдениеттің және рухани ізденістің қандай деңгейде болғаны бәрімізге белгілі.
Коммуникативтік, қарым – қатынастық қызмет. Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым – қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы – әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір өрісте – қарым –қатынас өрісінде болады. Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды нәзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар алмасуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық шеберлік тәжірибелерімен сезімдік үлгілерімен ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды.
«Мәдениет дегеніміз не?» – деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият»- қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырдағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні – мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық.
Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет — адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті ж.т.б.; б) мәдениет — адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті ж.т.б.); в) агро-мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет ж.т.б.).
Адам өзін қоршаған ортада, кеңістікте адамзаттың ақыл-ойынан тәуелсіз заңдылықтарын, ережелердің бар екенін аңғара отырып, онда жоғарғы «ақыл-ой» мен ең жоғарғы әділеттіліктік әрекет ететіндігін сезіне білді. Мәдениет тағы да адамның өз мүмкіндіктерін «жетілдіру», оның ішінде ақыл-ойды, ақыл-ой болғанда «табиғи» бұзылмаған және сеніммен толықтырылған ақыл-ойды «жетілдіру» тұрғысынан адамзат баласының алдына тұрған келелі мәселе дәрежесіне көтеріп, құпия дүниелер есігі айқара ашылды, қоршаған ортаға басқа рациональдылық қана емес екендігі айқындалып ендігі жерде адам бойындағы жаңа өлшемдер – махаббат, үміт, сенім және т.б. жаңа сатыға көтерілді. Адам өзінің әлсіздігін де сезіне бастады, бірақ ол өзінің дәрменсіздігіне қарамастан алып күш иесі екендігін де таныта білді. Құдай адамды, оның мәңгілік жанын жаратты. Адамның бақыты өзін тануда емес. Құдайды тануда. Адамның бақыты мен бостандығы оның тәуелсіздігінде емес, оның Құдай тағаланың ықпалында болуы мен оның рухани бірлікте екендігін мойындауында. Міне, сонда ғана адам барлық қиындықтарды жеңе отырып, өз мақсатына жетеді. Міне осындай сипаттарға ие болған ортағасырлық мәдениеті мен тәлім-тәрбие, үйлесімділік пен тәртіп өлшемі ретінде емес, шектеушілікті жеңу, адамның үнемі рухани жетілуі мен жан-жақты қалыптасуымен сипатталады.
Көне заманнан бастап ХІХ ғасырдың аяғына дейінгі мәдениеттанымдық ойдың дамуын ғылыми тұрғыдан қарастыра отырып, мынандай қысқаша қорытындылар жасауға болады. Еуропада кеңінен тараған мәдениет жөніндегі ұғым діни сипатта болды және ол мынандай қағидаларға келіп тірелді: мәдениетті ақыл – ойдың не табиғи сезімнің көмегі арқылы түсіну (энциклопедистер); мәдениетті – ішкі адамгершілік заңдарының көмегімен тану (Кант); мәдениетті-эстетикалық, көркемдік шығармашылық қызмет арқылы білу (Шеллинг); ең соңында мәдениетті-адамзаттың тегіне қатыстылығы және оның абсолюттік идея мен дүниежүзілік рухты жүзеге асырудың құралына айналғандығы (Гегель); адамзат мәдениеті үздіксіз дамып, өркендей отырып эволюция мен прогрестің жалпы сандарына сөзсіз бағынады. Бірақ біз қарастырған кезеңде мәдениеттің материалдық негізіне мән берілмей (әңгіме Л.Г.Морган мен Тайлордан басқа Маркске дейінгі мәдениет жайындағы концепциялар туралы болып отыр), мәдениетті тек құдайдың шапағатымен ғана байланыстырып, бұл ұғымға мәдениеттің – ғылым, адамгершілік, өмір, философия, құқық және т.б. сияқты салаларын ғана енгізген.
Мәдениет және өркениет. Жаһандану жағдайындағы мәдениет. Экологиялық мәдениеттің қалыптасуы. Қазақстанда мәдениет дамуының күйі мен перспективалары: мәдени=философиялық аспектілер.
Әрбір адам ұлттық әлеуметтік топтық таптық ортаның өкілі, яғни нақты мәдениеттің өкілі. В.М.Межуев: «Мәдениет дегеніміз – адамның іс - әрекеті, оның даму формасы» - деп анықтама береді. Адам табиғи заттар мен құбылыстарды өзінің мүддесіне, талап – тілегіне сай өзгертіп отырады. Мәдениет адам мен табиғаттың өзара тұтастығы, өзара қарым – қатынасының тарихи дамып өзгеруінің өлшемі. Адам табиғаттың бел баласы, бірақ оның өмір сүру қисыны басқа. Ол табиғаттан тыс өзіне жайлы ортаны, яғни өзінің болмысына имманентті қоғамды жасауы керек. О баста мәдениет деген сөз өзіндік лексикалық ұғым мағынасында «натура» /табиғат/ деген сөзге қарсы ілім ретінде қалыптасты. Табиғаттан тыс, адам қолынан шыққанның бәрі де мәдениет айғағы бола алады. Мәдениет әлемі – адамның өз әлемі, өйткені ол адамның творчестволық, жасампаздық қабілеттерінің жемісі. Адамзат тарихы – мәдениет тарихы. Адамдар өздері өмір сүріп отырған табиғи және әлеуметтік ортаны өзгертеді, ол тарихи нақты процесс. Ортаны өзгерту арқылы өзі де өзгеріп, дамып отырады. Осы даму процесінің нақты мағынасы мәдениет болып табылады. Мәдениет адамның өзіндік дамуымен барабар процесс.
Философия мәдениетті қоғам дамуына тән жалпы заңдылықтарға сүйеніп зерттейді.
Философиялық әдебиеттерде мәдениет ұғымын саралаудың көпжақтылығын, көпмәнділігін еске ала отырып, олардың бәрін бір жүйеге келтіруді мақсат ететін болсақ, онда екі үрдісті анықтауға болар еді.
Біріншіден, мәдениет дегеніміз табиғаттан өзгеше, одан тыс адам қолымен жасалған құбылыстар.
Екіншіден, мәдениет дегеніміз - өндірісте, ғылымда, өнерде адам қол деткізген жетістіктер. Мысалы, осы мағынада технологиялық, мәдениет, көркем, өнер мәдениеті, адамгершілік мәдениеті деп атап жүрміз. Бұл мәдениеттің нормативтік сипаты. Әрине, бұл екі үрдіс те біржақтылықты көрсетеді, ұғымның мәні ашылмайды.
Мәдениеттің өзіндік концептуалдық мәні оның адамның өзін қоршаған ортаны жетілдіріп, көркейтуге тырысқан саналы рухының, ізденістерінің көрсеткіші екендігін еске алсақ, жоғарыда келтірілген В.М.Межуев анықтамасының дұрыстығы дәлелденеді.
Адамның қоғамдық прогресс жолындағы әрбір қадамы оның мәдениет жолындағы қадамы болып табылады.
Адамның рухани мәдениеті оның айналасындағы адамдармен қарым – қатынасында көрініс табатын қадір – қасиетінде, адамшылығында, ұяттылығында, тәрбиелілігінде, интеллигенттігінде, қарапайымдылығында. Осы моральдік сана ұғымы, осы адамгершілік қасиеттер адамның руханилығының негізін құрайды. Ал басқа - өнер, әдебиет, ғылым, білім дегендер тәрбиелеу және еңбектену нәтижесінде ұғып алуға болатын материалдар болып табылады.
Адам нағыз гуманды бастаулардан нәр алатын қоғамда ғана қалыптасуы мүмкін. Рухани мәдениет және өркениет бір – біріне әруақытта сай бола бермеуі де объективті құбылыс.
Ғылыми – техникалық жетістіктердің адамға ізгілік әкелуімен қатар, бақытсыздық әкелуі де өмірде орын алып отырған жағдай. Хиросима және Нагасаки, Семейдегі ядролық полигон техникалық прогрестің жемісі. Бірақ оны адамға қарсы қолданған адамгершіліктен ада адамның іс - әрекеті. Гуманизмнен, адамның рухани мәдениетінен тыс шынайы прогресс болуы мүмкін емес. Адамды өнерге, рухани байлыққа баулып отыру адамды гуманизм рухында, гуманистік мақсат жолындағы кесапаттарды жеңіп отыратын іскерлік рухында тәрбиелейді.
Ғылымның жоғары мақсаты – адамдарға білім беру. Мәдениет пен өнердің жоғарғы мақсаты – тұлғаның жан жақты дамуы.
Біздің өтпелі қоғамымызда таным және өмір үшін, болашақ тағдырымыз үшін ең маңызды өзекті мәселе – мәдениет және өркениет мәселесі, олардың өзара қарым – қатынасы және бірлігі мәселесі.
Қорытындылай келе:......
Тақырыбымды қорыта келе, мәдениет адамдарға өз ортасында тұруға бірлестіктің басқа бірлестікпен өзара әрекетіндегі бірлік пен тұтастықты сақтауға көмектесетін адамның өзара әрекетінің маңызды механизмі ретінде қалыптасады
Социологияда әлеуметтік қатынастарда заттарды, иделарды, құндылықты түсініктерді жасауға, игеруге, сақтау мен таратуға бағытталған, алуан түрлі әлеуметтік ситуациаларда адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін әлеуметтік табиғаты бар мәдениет күрделі динамикалық құрылым ретінде қарастырылады.
Адамдардың бөтен мәдениетті қадірлеуі социологияның маңызды проблемасы болып табылады. Адамдар көбінесе басқа мәдениеттерді өз мәдениетінің келбеті арқылы бағалауға бейім. Осы тұрғыдан алғанда кез келген мәдениет егер ол өзіндік тұтастығында алып қарастырылса, өзіндік байланысында ғана түсінікті болады деген қорытынды шығады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет