Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы



бет71/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
фк1

86.Жоқтау
Өлік жөнелту фольклоры отбасы фольклорының бір түрі болып табылады.
Өлік жөнелту ғұрпына естірту, көңіл айту, жұбату секілді ғұрыптар жатады.
Жоқтау-дауыс қылу деп те аталады, қазақ халқының әдет-ғұрпында адам қайтыс болған күннен бастап оның жылы өтіп, асы берілгенше жоқтау айтылады. Қазаны естіген жанашыр туыстар ауылға “ой,бауырым" деп ат қойып шауа келіп, атынан жығыла түсіп, жақындары жоқтау айтып, қайғылы сарынмен көріседі.
Қазақ халқында жоқтау:
Жаз күндері қаралы ауыл көшіп-қонғанда,
үй жығып жатқанда дауыс салып жоқтау айтылады.
Таң сәріден тұрып, жүк артып болып, көш жолға шығар алдында да жоқтау айтылған.
Мұның бәрі – қайтыс болған адамның соңғы күндері өткен, соңғы рет жүріп-тұрған жерін, қоныстанған жұртын қимай, сол атамекені мен қайтқан адамның арасындағы үзілген байланыстың қайғысын жария етуді білдіреді. Баратын жеріне жеткенше қаралы көш жоқтау айтуды жалғастырып, сол мұңды, зарлы қалыптарымен келесі қонысқа жеткенше ешқайда бұрылмай жүре беретін. Жолда кездескен ауыл қаралы көштің қонақасын көтеріп алатын болған.
Жоқтау жырларын зерттеу 19 ғасырдан басталады. Ш.Уәлиханов оған алғаш ғыл. баға беріп, бірнеше үлгісін жазып алған. Жоқтау ауыз әдебиетінің бағалы үлгісі ретінде жинап, 1926 ж. “23 жоқтау” деп аталатын кітап етіп шығарған Ахмет Байтұрсынұлы болды. 19 ғасырдың соңы 20 ғасырдың басындағы ақын-жыраулардың шығармаларында әр түрлі жоқтау үлгілері кездесіп отырады. Әсіресе, 20-ші ғасырдағы қиын кезеңдерде ақын-жазушылар қаламынан туған жоқтау жырлар, Ұлы Отан соғысынан оралмаған, ерлікпен өмірін қиған ұлдарына арнаған халық жоқтаулары жеткілікті.
Жоқтауды Ахмет Байтұрсынұлынан кейін жүйелі түрде жинап, зерттеген тілші-ғалым Т.Арынов болды. Ол қазақтың жоқтау жырларын мұқият жинастырып, “Боздағым” деген атпен кітап етіп, бастырып шығарды.Жоқтау' – қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салты, тұрмыс-салт жырларының бір түрі.
Жоқтаудың әдебиеттегі үлгілеріне келер болсақ, Елдің сүйікті көсемі, батыр Алып Ер Тұңға қайтыс болғаннан кейін бүкіл халық қайысып жоқтау айтқан, сол жоқтау атадан балаға жетіп, ХІ ғасырда Махмұт Қашқари жазған «Түркі сөздерінің жинағы» деп аталатын кітапқа енген. Бұл жоқтау – Алып Ер Тұңға туралы жырдың соңғы тарауы болса керек. Осы жырдағы жоқтау салты қазақтың батырлық жырларында, ақын-жыраулардың толғау-өлеңдерінде өзіндік көркемдік жалғасын тапқан. «Ер тоңға» жырында ақын батырды жоқтай отырып, өмірдің барлық адамдар үшін өткінші екенін, ғұмырдың мәңгі еместігін, Тәңір адамды ажалмен сынайтынын, тағдыр оғы тисе, тау шыңдары да быт-шыт болатынын зор күйініш сезімімен жеткізеді. Алып Ер Тоңға қайтыс болғанда бүкіл ел қайғырғанын, ең қатыгез батырлардың өзі еңіреп жылағанын, адамдардың нұрлы жүздері сарғайып кеткенін, батырлар өз жағаларын жыртып, айғай сап жылағанын ақын эмоциялық тұрғыда әсерлеп жеткізеді. Мұнда «тау қойнауы жыртылар», «атса оны кезеп», «атын болдыртты», «қайғы тойдыртты», «жүз сарғайды», «запыран жаққандай» деген сияқты тұрақты сөз тіркестері жиі ұшырайды. Сондай-ақ жырда Алып Ер Тоңға қайтыс болғанда қайғы халықты жүдетіп, тоздырып жібергендігі айтылады. Алыстан келген бектердің аты жүдеп, өздерінің жүзі қайғыдан сарғайып кеткендігі зор шеберлікпен жеткізіледі. Ақын өмірде ешкім тағдыр оғынан қашып қүтылмайды деген ой-пікірді ортаға салады.
Жоқтау айтылып жатқан кезде,– деп жазады этнограф, тілші-ғалым Т. Арынов: «Айтушылардың барлығы жылап, көл-көсір көз жастарын төгу шарт емес. Тек өлген азаматтың жұбайы ерекше сарынмен, терең сезіммен айтқан кезде азаматқа арналған қайғылы сөздер мен ащы өкінішті көтере алмай талып қалатын әйелдер, қыздар болады. Осы бір ауыр сурет тыңдаушыларына қатты әсер етеді, әркімді ел үшін, өз халқы үшін қызмет етуге баулитын үлкен тәрбиелік мәні бар құбылыс болған». Жоқтау өлеңдерінің көнелік сипаты жайлы сөз еткенде ең алдымен тасқа басылған алғашқы үлгілер, көне түркі жазба ескерткіштеріне айырықша тоқталған жөн. Бұл жазулар жалпы түркі тектес халықтардың мол мұрасы, бастау бұлағы екені мәлім. Мәселен, Күлтеген жазуларында форма жағынан да, мазмұн жағынан да қазақтың жоқтау жырларымен үндес тұстары кездесіп отырады.
Сондай-ақ жоқтау қаралы хабарды кеш алған сыйлы адамдар келгенде де айтылады. Жоқтаудың созылыңқырап айтылатын, ғасырлар бойы қалыптасқан әр түрлі сарыны бар. Жамбылдың “Алғадайындағы”, Кенен Әзірбаевтың “Базар–Назарындағы” әуен-ырғақтар – ежелгі халық жоқтауның үлгісімен жазылған (қ. Жоқтау әні). Жоқтау жырының тілі мейлінше бай болып келеді. Онда “ақылға дихан кемеңгер”, “мұхит дария суындай”, “ақылы терең мол еді”, “жапырағы алтын шынарым”, т.б. шешендік өрнектер көп қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет