Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы



бет16/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76
Байланысты:
фк1

21. Құрт шақырудың түрлері
Құрт шақыру деп жауын шақыру, жылан, шаян уларын қайтару секілді арбау түрін айтамыз.Халық "арбау" сөзін жиі қолдана бермегендітен,
тіс еміне жүретін арбаулар кейде жай ғана құрт шақыру деп аталған.
Тісті құрт жейді деген ұғым дүниежүзі халықтарының көбінде-ақ кездеседі.Құртты орналасқан жерінен шақырып алса, қуып түссе, не өлтірсе, тіс жазылып кетеді деген сенім арбаудың магиялық күшін үстемелей түскен.Арбаушылар улы жәндіктерді әртүрлі шөп аттарымен (адыраспан, алабота, жалбыз, кекіре т.б.) , мал аттарымен (қой, қозы, түйе, сиыр т.б.) үрейлендіреді.
Жалпы, ғұрыптық фольклорда, соның ішінде арбау
құрылымында «түсініксіз сөздер» үлкен рөл атқарады. Б.Уахатов «түсініксіз, жұмбақ сөздерді неғұрлым көбірек қолданса, жылан, шаянның есін соғұрлым тез алып, тез өлтіруге болады»,—
деген халық сенімін айта келіп:
Мары, мары, мары жылан,
Ұзын, ұзын, ұзын жылан.
Ұзын шашы келте жылан
Марқары, сарқары-
дегендегі «мары» сөзі бүкіл Шығыс елдеріне белгілі болған жылан патшасы Шах-Маран емес пе екен деген ой тастайды.Жоқ, Шах-Маран емес. Мары—парсы тілінде жылан деген сөз.

22. Қоштасу өлеңдерінің бір үлгісіне талдау жасау
Көңіл күйді білдіретін өлең-жырлардың бірі – қоштасу. Қоштасу жақын адамынан айырылғанда айтылатын көңіл күй жыры болып табылады. Қоштасу өлеңдері сонымен бірге кір жуып, кіндік кескен атамекенмен, туған жермен қоштасу түрінде де айтылған. Мысалы, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында Ай мен Таңсық туған жерімен:
Балталы, Бағаналы ел аман бол,
Бақалы, балдырғанды көл аман бол.
Теруші ем еріккенде ермек етіп,
Екпе жиде, алма ағаш, гүл аман бол, –
деген өлең арқылы қоштасқан.
Жанры: зарлай арнау
Тақырыбы: Ай мен Таңсық ел-жұртпен, жер мен су, тау мен таспен қоштасуы
Идеясы: Туған жермен, ата-анамен, бауырмен қоштаса отырып, өзінің қоғамындағы Ер Баянның бейнесін көрсету, қай өлкеден шыққанын және сол өлкеге қимастығын білдіру
Көркем образдар: Ай, Таңсық, Тайлақ би
Шумақ: 2
Тармақ: 8
Буын: 11
Бунақ: 3
Ұйқас: қара өлең (а, а, б, а)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет