Фонетика және фонология Дайындаған: Итенова Іңкәр



бет1/3
Дата02.10.2023
өлшемі3,55 Mb.
#112525
  1   2   3

Фонетика және фонология

Дайындаған: Итенова Іңкәр

Жоспары


4
Фонетика және оның мағынасы
1
2
3
Дыбыстың артикуляциялану аймағы
5
Фонетиканың зерттеу тәсілдері, терминдері
Фонология
Дауыс түрлері
Фонетика (грек. – дыбыстық, дауыстық) — тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы.
Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес,
материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын,
дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.
Дыбысты зерттейтін бейтілдік ғылыми пәндермен салыстырғанда фонетика дыбыстық құбылыстарды
тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің
элементі ретінде қарастырады. Тілдің дыбыстық жағы мұндай қызметтен ажырап қалса, түсініксіз болады.
Фонетика сөзінің мағынасы
Бүгінгі тіл білімінде фонетика сөзінің кең және тар мағынасы қалыптасқан. 
Кең мағынада фонетика тіл дыбыстарын зерттейтін ғылымның бір саласы,
ал тар мағынада тіл дыбыстарының сөз ағымындағы,
дыбысталған сөздегі көріністері мен әр түрлі құбылыстарын зерттейтін бөлімі дегенді білдіреді.
Кең мағынадағы тіл ғылымының бір саласы ретінде фонетика жалпы және жеке немесе жекелеген
тілдердің фонетикасы болып бөлінеді.
Фонетиканың зерттеу тәсілдері, терминдері
1) адамның дыбыстау аппаратының мүмкіндіктерін, дыбыстық бірліктердің акустикалық, артикуляциялық,
перцепциялық ерекшеліктерін зерттеп, оларды айырым белгілеріне қарай топтастырады;
2) дыбыстардың әуендік, әуездік сипаттарын анықтайды;
3) дыбыстардың тіркесімділігін, буын ерекшеліктерін, олардың сөздегі үйлесімі мен үндесімін;
4) буын табиғатын, дыбыстардың буынға бірігу заңдылықтары мен сөз ағымының буынға жіктелуінің
факторын;
5) сөздің фонетикалық ұйымдасуын, екпін мен үндестік заңын;
6) сонымен қатар тілдің интонациялық құралдары болып табылатын дауыс әуенін (негізгі тон жиілігін),
қаттылығын (интенсивтілігін), жылдамдығын, әуезін, кідірістерді қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет