Фонетика жєне оныњ салалары



бет30/80
Дата09.05.2022
өлшемі475,64 Kb.
#33450
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   80
Байланысты:
Фонетика дарис (3)

Диссимиляция
Диссимиляция (лат. dissimilis - өзгешелену, ұқсамау) – бірінен кейін бірі қатар келіп тұрған дыбыстардың өзара әсері нәтижесінде біреуінің артикуляция жағынан алшақтап, өзгеріске түсуі. Диссимиляция комбинаторлық өзгерістің бір түрі, ассими-ляцияға қарама-қарсы құбылыс. Диссимиляция құбылыс ретінде сөз ішінде немесе морфема жігінде бір дыбыстың қатар келуіне байланысты көрініс табады. Бұны тіліміздегі байырғы сөздерден гөрі басқа тілден енген сөздерден айқын аңғаруға болады. Мы-салы, араб тілінен енген алла, мола, күллі сөздерінің алда, молда, күлді болып айтылуынан қатар келген екі л дыбысының соң-ғысы диссимиляцияланатынын байқауға болады. Сол сияқты Мұхаммед – Мұқаммет – Мұқамбет – Мақамбет, уммәт – үмбет, хамма - әмме - әмбе мысалдарынан мм тіркесімінің мб-ға, ал суннат – сүндет, таннур – тандыр сөздерінен нн дыбыс-тық тіркесімінің нд болып өзгергенін көруге болады. Қазақтың төл сөздерінің ішінде ыссы(қ) – ыстық, ащы – ашшы – ашты сөздерінің құрамында да сс-ст, шш-шт диссимиляциясы кез-деседі. Ал тарихи фонетика тұрғысынан қарар болсақ, онда дис-симиляция жолымен қалыптасқан сөздер көбейе түседі. Мыса-лы, -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер көптік жалғауының л-дан басталатын варианты алғаш, д және т-дан басталатындары кейін пайда болғандығын еске алсақ, қолдар, құмдар, күндер сөзде-ріндегі көптік жалғауы қоллар, құмлар, күнлер түрінде қолда-нуы керек еді. Басқа тілдерде диссимиляция ілгерінді-кейінді ықпалдар арқылы жүзеге асса, қазақ тілінде тек қатар тұрып, іл-герінді ықпал арқылы ғана көрініс табады. Қазақ тіліндегі дис-симиляция фономорфологиялық құбылыс. Нәтижесіне қараған-да, диссимиляция – ассимиляцияға қарама-қарсы құбылыс. Ас-симиляция құбылысы бойынша әр басқа дыбыстар біркелкі не-месе өзара ұқсас дыбыстар болып үндессе, диссимиляция құбы-лысы бойынша біркелкі немесе өз ара ұқсастығы аз дыбыстар болып өзгереді. Диссимиляция құбылыс қазіргі тілімізде асси-миляцияға қарағанда сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет