Дыбыстық құбылыстар Әр тілдің өзіне ғана тән дыбысталу заңдылықтары – сол тілді дербес тіл етіп тұратын белгілердің бірі – десек, сол тіл өз-ге тілдерден сөз қабылдамай тұра алмайды. Ондай сөздер азды-көпті дыбыстық өзгерістерге ұшырап, игеріледі. Дыбыстың яғни фонетикалық өзгерістері әр түрлі болуы мүмкін. Кірме сөздің құра-мындағы кей алмастырылып, кейбір дыбыстар ара-тұра буындар аласталып, керісінше, енді бір дыбыстар мен буындар жаңаланып айтылуы заңды. Сөйтіп, сөз сапалық та, сандық та өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер төл сөздерде де болып жатады.