Фонетика жєне оныњ салалары



бет53/80
Дата09.05.2022
өлшемі475,64 Kb.
#33450
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80
Байланысты:
Фонетика дарис (3)

Бақылау сұрақтары:
1. Ереже дегеніміз не?

2. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің бірінші басылы-мы қай жылы жарық көрді?

3. Бас әріпті қандай жағдайда пайдаланамыз?

4. «Қазақ тілі орфографиясы негізгі ережелері» қашан бе-кітілді?

5. Тілдік норма дегеніміз не?

6. Дефис дегеніміз не?




Орфоэпия
Тілдегі сөздердің, сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ереже-лері орфоэпия (орфос - гректің дұрыс, түзу және эпос - сөйлеу, сөз дегендерінен алынған) деп аталады.

Орфоэпия ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы болып табылады. Әдетте, сөздің бірізді дыбысталуы ауызба-ауыз тілдесуді жеңіл-детуге ықпалын тигізеді. Орфоэпия деген ұғымға тілдің фонети-калық жүйесіндегі фонемалардың, сөздер мен грамматикалық тұлғалардың, сондай-ақ суперсегменттік бірліктердің (сөз үн-дестігі, сөз үйлестігі, сөз екпіні, интонациялық құрылымдар, т.б.) дыбысталуын қамтиды.

Тілдік қатынас ауызша және жазбаша болатыны белгілі. Олар жетіліп, кемелденіп, әдеби тілдің көрсеткіші дәрежесіне жету үшін нормаға түсуі қажет. Норма – белгілі бір жүйе, заңдылыққа негіз-делген бірізділік. Сонда әдеби тіл дәрежесіне жеткен тілдегі сөздер-дің атылуында болсын, жазылуында болсын жалпыға бірдей ортақ, қалыптасқан бірыңғай нормалар болады деген сөз. Нормалар неғұр-лым бірізді, қалыптасқан болса, қатынас құралы да соғұрлым же-тіліп, кемелдене түсері сөзсіз. Ауызша әдеби тілге қойылатын бас-ты талаптардың бірі сөйлеу кезінде сөздерді дұрыс дыбыстап, дұ-рыс айту болып табылады. Тілдің ауызша формасын ғылыми тұр-ғыдан нормалауды орфоэпия қалыптастырады, ал ол нормаларды ғылымда орфоэпиялық нормалар деп атайды.

Қазіргі қазақ әдеби тілінің өзіне тән ғасырлар бойы қа-лыптасқан дәстүрлі нормалары бар. Әдеби тілдің орфоэпиялық нормасы, біріншіден, жергілікті ерекшелікке қарама-қарсы қо-йылады. Салыстырыңыз: жергілікті ерекшеліктерде – жылқы-дар, балдар, маңлай, чач, чыбық, бопа, т.б., әдеби тілде – жыл-қылар, балалар, маңдай, шаш, шыбық, бөпе, т.б.. Екіншіден, әдеби тілдің нормасы бейәдеби қарапайым сөйлеу тіліне тән дыбыстық элемент-терге қарама-қарсы қойылады. Салыстырыңыз: бейәдеби қарапа-йым сөйлеу тілінде – берсей, баратып, бошы, т.б., әдеби тілде – берсеңші, бара жатып, болшы, т.б.. үшіншіден, әдеби тілдің орфо-эпиялық нормасы ескі қазақ жазба тілінің дыбыстық элементтеріне қарама-қарсы қойылады: нәсәп айласа, жәмиғат, хұрметтлу, ұшбу, халал, т.б.. Төртіншіден, әдеби тілдің орфоэпиялық нормасы жазба тілдің емлесінде көрсетілген нормаға қарама-қарсы қойы-лады: [жұмұшшұ]- жұмысшы, [шэгара] - шекара, [кәсі'бодақ] – кәсіподақ, [қашша]-қазша, т.б.

Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде әсіресе дыбыс үндестігі ерек-ше орын алатындығы белгілі. Кейбір зерттеулерде сөздің бірыңғай жуан немесе жіңішке, бірыңғай езулік не еріндік болып айтылуы-ның фонологиялық мәні бар деп көрсетіледі. Мысалы: ен-сен-өн, іс-үс,т.б. сөздер бір-бірінен дискретті бірліктер, яғни жеке фонема-лар арқылы ғана емес, сөздің бірыңғай жуан немесе жіңішкелігі, я болмаса бірыңғай езулік не еріндігі арқылы ажыратылып тұр. Сон-дықтан дыбыс үндестігі қазақ тілі орфоэпиялық негізгі нормалары-ның бірі болып табылады.

Сондай-ақ қазақ тіліндегі дауыссыздардың бір-бірімен үйле-сіп, ассимиляция арқылы айтылуының да орфоэпиялық норма үшін ерекше мәні бар: жұмысшы [жұмышшы], сөзсіз [сөссіз], көк бояу [көк пояу].

Орфоэпия ұлттық тілдің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты болғандықтан, жалпыхалықтық тілде кездесетін «л»-«д» дыбыстық нұсқаларының маңдай//маңлай, жылқылар// жылқыдар болып айтылуы ұлттық әдеби тіл нормаларының қалыптасуымен байланысты.

Қоғамдық өмірде шаршысөз түрлерінің пайда болып, әлеу-меттік мәнінің артуы орфоэпиялық нормалардың орнығып, ұлт-тық сипатқа ие болуын жеңілдете түсті. Сөздердің бірізді айты-луы тілдік қатынасты жеңілдетеді. Сондай-ақ кейбір сөздерді, сөз тіркестерін жазылуынша айту да құлаққа жағымсыз естіледі. Сөздерді жазылуынша айту әсіресе жастар тілінде үйреншікті машыққа айналып бара жатқанын аңғару қиын емес. Мұны тілі-міздің табиғи дамуының нәтижесі деп қарауға болады.

Қазақ орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пікір айтушылардың бірі – профессор М.Балақаев. Ға-лымның пікірінше, сөздердің айтылу нормасы және сол нор-маны сақтап сөйлеу мәселесі үнемі ескеріліп отырылуға тиісті. Ал М.Дүйсебаева «Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері» атты еңбегінде дұрыс сөйлеудің нормасы тіліміз-дегі белгілі бір дыбыс заңдылығы бойынша қалыптасатынын ескеріп, тіліміздегі дыбыстардың әрқайсысының айтылуында-ғы ерекшеліктерге жеке-жеке тоқтайды. Автор қазақ әдеби тілі-нің сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына әсер еткен негізгі жағ-дайлар ретінде мыналарды атап көрсетеді:

- халықтың дәстүрлі сөйлеу тілі,

- белгілі бір мәдени орталық,

- баспа орындары мен мәдени мекемелер,

- жазба әдеби тіл мен көркем әдебиет.

Қазақ тілі орфоэпиялық нормаларын жүйелі түрде біршама дұрыс баяндаған, осы саладағы ізденістерге үлгі-өнеге болар-лық еңбек – Р.Сыздықтың «Сөз сазы». 1983 жылы жарық көрген бұл кітапшада «Орфоэпия қағидалары» жүйеге түсіріліп, 36 параграфқа топтастырылған.

Сонымен, соңғы 20 жыл ішінде орфоэпия саласында елеу-лі жұмыстар істеліп, бірнеше сөздік жарық көрді. Мысалы: Қ.Неталиеваның «Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі», М.Дүйсебаеваның «Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі», М.Серғалиевтің «Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі» (1996).

Ә.Жүнісбековтің өзінің еңбектерінде тіліміздегі дыбыс-тардың акустика-артикуляциялық қасиеттерін сипаттап қана қоймай, орфоэпияға қатысты да құнды пікірлер келтіреді. Ға-лымның пікірінше, сөздерді айтудағы кемшіліктер негізінен тіл-дің ауызша және жазбаша формаларының арақатынасын парық-тамаудан, орфоэпия туралы үгіт-насихаттың жеткіліксіз жүргізі-луімен байланысты.

Қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылықтарын танып-білу мен зерделеп-таныту, нормаларын әңгіме ету – соңғы онжылдықтар-дың жемісі. Тіл білімінің бұл тармағы 60-жылдардың ішінде қа-уырт қолға алынып, едәуір жұмыстар да істелді:

- орфоэпиялық сөздіктер жарық көрді;

- орфоэпиялық ережелер ұсынылды;

- ғылыми зерттеу еңбектері жарық көрді.

Орфоэпиялық нормаларды қазіргі аппараттарды пайдалана отырып ғылыми негізде зерттеу, орфоэпия ережелерін емле ере-желері сияқты, дұрыс пайдалануды қалың көпшілікке міндет-теу, ол үшін орфоэпиялық жаңа құралдар, ережелер кодексі, сөз-дік, анықтағыштар шығару жұмыстары тұр.

Қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясы өзара тығыз байланысты болып келеді.



Орфография мен орфоэпияның бір-біріне ұқсас жақтары мынадай:

- екеуі де практикалық-қолданбалы сала;

- нақтыланған ережелерге сүйенеді;

- жалпыға ортақ, міндетті болады.


Орфография мен орфоэпияға тән айырмашылықтар:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет