ГЛОССАРИЙ Абруптив (глоттальды дауыссыз) – артикуляцияның соңғы кезеңінде дауыс шымылдықтарының жақындауынан немесе қосылуынан пайда болатын дауыссыз дыбыстар
Акустика(грек. аkustikos - есту) – дыбыстау мүшелері арқылы дыбыстың пайда болуын зерттейтін ілім.
Аллофон – фонеманың варианты, қосымша типі.
Алмасу (лат. аlternation ) - әр түрлі сөзформалардың құрамында кездесетін морфеманың бір дыбысының көрші дыбыстың әсерінен басқа бір дыбысқа өзгеруі.
Анаптикса -екі дауыссыз дыбыстың арасында тұрған дауысты-ның жеңіл түрде айтылуы.
Артикуляция (лат.articulatio – бөлшектеу) – дыбыстау мүшеле-рінің дыбыс жасау барысындағы қызметі.