Фонетика жєне оныњ салалары


Дыбыстардың акустикалық сипаты



бет10/55
Дата23.06.2023
өлшемі475,64 Kb.
#103164
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55
Байланысты:
Ôîíåòèêà æºíå îíûœ ñàëàëàðû

Дыбыстардың акустикалық сипаты
Дыбыстардың жалпы теориясын физиканың акустика сала-сының қарастыратындығы белгілі. Акустикалық тұрғыдан алып қарағанда, дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ор-тада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлақ-қа естіледі. Ол дыбыс өтетін орта ауа кеңістігінсіз жасалып, пайда болуы мүмкін емес. Дыбыстардың акустикалық сипатын анықтайтын белгілер мынадай:

  1. дыбыс ырғағы,

  2. дыбыс күші,

  3. дыбыс әуені,

  4. дыбыстың созылыңқылығы.

Дыбыс ырғағы әдетте секунд өлшемімен өлшенетін уақыт мөлшерінің ішіндегі діріл санына байланысты болады. Дірілдің саны неғұрлым көбейсе, дыбыс ырғағы да соғұрлым өсіп күше-йе түседі, ал керісінше, діріл саны азайған сайын дыбыс ырғағы да солғындап әлсірей түседі. Ғалымдардың есептеуінше, адам-ның құлағы 1 секунд ішінде 16-дан 20000-ға дейінгі діріл нәти-жесінде пайда болған дыбыстарды естіп, қабылдай алады екен. Сөйлеу тілінде айтылатын дыбыстардың ырғағы фразалардың түрлеріне және олардың эмоциялық бояуы мен экспрессивті қызметіне сай түрленіп, өзгеріп отырады. Интонация немесе мелодика деп аталатын құбылыс сөйлеу үрдісіндегі ырғақтың өзгеруімен тығыз байланысты болып келеді. Дыбыс ырғағы ек-пінмен байланысты.
Дыбыс күші дірілдің қарқынына байланысты көрінеді. Егерде дірілдің амплитудасы не қарқыны неғұрлым көбейе түс-се, дыбыс күші де соғұрлым ұлғайып, күшейе түседі. Сөйлеу ке-зінде дыбыс күші екпінмен қарым-қатынасқа түседі.
Дыбыстың созылыңқылығы дірілдің саны мен дыбыс-тың созылу уақытына тығыз байланысты болып келеді.Екпінсіз буындағы дауысты дыбысқа қарағанда, екпін қабылдаған буын-дағы дауысты дыбыс созылыңқы, ашық дауыспен айтылады.
Дыбыс әуені дыбыс дірілінің түрлерімен тығыз байланыс-та болады. өйткені дыбыс толқынын тудыратын діріл қозғалы-сы күрделі болғандықтан, ол негізгі және көмекші тондардың қосындысынан тұрады. Көмекші тонды парциальды тон немесе обертон деп атйды. Дыбыс әуені обертонның санына, олардың дыбыс ырғағы мен дыбыс күші жағынан алғандағы негізгі тон-мен арақатынасына қатысты келеді.
Діріл ритмикалы және ритмикалы емес деп бөлінеді. Ритмикалы діріл дегеніміз дірілдің санының уақыт бірлігі бо-йында өзгермей, тұрақты болып қалуы, ал ритмикалық емес діріл – уақыт бірлігіне қарай діріл санының өзгеруі. Ритмикалық дірілдің нәтижесінде тон пайда болады, ол сөйлеу кезінде ауыз қуысы мен мұрын қуысын толтырып тұратын дауыс шымылды-ғы мен ауаның дірілінен тұрады. Ритмикалық емес дірілдің нә-тижесінде салдыр пайда болады. Оған ерін, кішкене тіл, тілдің дірілі мен сөйлеу мүшелерінің бір-біріне жуықтасуынан жасал-ған дыбыстар жатады. Дауысты дыбыстарға қатысты сөйлеу ті-лінде әуен не тембр деген ұғым қолданыс тапқан.
Дыбыстардың жасалуында резонанс айрықша қызмет атқаратындығы белгілі.
Дыбыстардың акустикалық сипатын анықтау барысында мына нәрселерге баса назар аударған жөн:
а) сөйлеу дыбыстарының күші өкпеден шыққан ауа күші-нің дауыс шымылдығына түсетін қысымымен айқындалады;
ә) сөйлеу дыбыстарының ырғағы дауыс шымылдығының ұзындығы және оның қысылу қалпына қарай анықталады;
б) дауысты дыбыстардың созылу қалпы дауыссыз дыбыс-тарға қарағанда басымырақ келеді;
в) дыбыс әуені сөйлеу кезіндегі ауыз қуысы мен мұрын қуысының көлемі және қалпына қарай айқындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет