Фонетика жєне оныњ салалары


Дауыстылардың жіктелу кестесі



бет15/55
Дата23.06.2023
өлшемі475,64 Kb.
#103164
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55
Байланысты:
Ôîíåòèêà æºíå îíûœ ñàëàëàðû

Дауыстылардың жіктелу кестесі

Жақтың қатысына
қарай

Ашық

Жартылай ашық



Қысаң

Тілдің қатысына

жуан

а




о

ұ

у

ы




жіңішке

ә

е

ө

ү




І

и

Еріннің қатысына қарай

Езулік

еріндік

езулік

Сонымен дауыстылар дауыстан (тоннан) жасалады екен, оның жасалуында салдырдың қатысы елеусіз болады. Айтылған кезде өкпеден ауа ешқандай кедергісіз шығатын дыбыстарды дауысты дыбыстар деп атайды. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Оның ішінде 9 қазақ тіліне тән дыбыстар. Олар а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е. Бұдан басқа екі қосынды дауыстылар (диф-тонгоид) бар: и, у, э - орыс тілінен кірген сөздерде қолданылады.
Дифтонгоид дауыстылар - қазақ және кейбір өзге түркі тілдерінде кездесетін қосынды, яғни дифтонг дауыстылар. Олар - у және и. Ал К.Мұсаев қазақ әдеби тілінің кеңестік дәуірде да-муына арнап жазған мақаласында е және э дауыстыларын бір фонема ретінде қарастырса, қазақтың фонетист ғалымы І.Кеңесбаев е мен э-ні комбинаторлық варианттар ретінде та-нып, оларды а-мен айтылатын морфемалар құрамында кездеседі деп санайды. В.Радлов ешқашанда е дауыстысын өз алдына қа-зақ тілінің жеке дауыстысы ретінде қарастырмаған. Сол сияқты оның е-ні дифтонг ретінде қарастыратын пікірі де оқырман на-зарын аударғандай. Мұнда е-нің акустикалық-артикуляторлық қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы. Ерін, ерме, егіс, емен, елші,т.б.. Бұдан қазіргі, субьективті, обьективті түрде қа-зақ тілі дауыстыларын зерттеу барысында В.Радловтың е-ні дифтонг деп танитын пікірінің орынды екендігін әбден дұрыс деп тануға болады.
Сол сияқты қазіргі түркі әдебиетінде түркі семьяларында-ғы нақты тілдің фонетикалық структуралық ерекшелігіне байла-нысты дифтонгтарды бөлу үшін екі маңызды критерий қолданы-лады. Мысалы М. Дүйсебаеваның дифтонгтарды анықтауы бойынша ол екі дыбыстың қосылуы арқылы жасалады (дауысты + дауыссыз, дауысты + сонант немесе сонант + дауысты, қазақ тілінде екі И, У дифтонгты білдіреді, сөйтіп былай дейді, да-уысты О, Х және Е сөздің басында дифтонгтық мінез білдіреді. М.Дүйсебаева дифтонг түсінігі бойынша Артемовтың пікірін ұсынады, ол былай деп ойлайды: “кейбір тілдерде күрделі да-уыстылар бар, бірақ бұл сапалы элементтер екі бөліктің бүтіні емес, бір бүтін болып айтылады және қабылданады”.
Дәстүрлі фонетикада «дауыстылар буын жасай алады, ал дауыссыздар буын жасай алмайды» деген ереже бар. Зерт-теушілер осы ережені пайдаланады. Бұл ереже оқулықтар мен оқу-құралдарына да енген. Әдістеме саласында да осы ереже пайдаланылады. Алайда бұл ереже дыбыстарды тілдегі қызме-тіне сүйеніп жіктейді. Басқаша айтқанда дауыстылар мен да-уыссыздардың буын құрау қабілеті бірдей емес. Сонан соң біз-дің зерттеуіміз дыбыстардың жасалуына арналған. Ендеше ды-быстардың жіктелім белгісін дыбыстардың артикуляциясынан іздеуіміз керек. Мұндай белгі ретінде дауыс желбезегінің қа-тысы алынады. Дауыс желбезегінің қатысы әдетте дауыстылар-дың іштей (қатаң, үяң, үнді) жіктегенде пайдаланылады. Да-уыс желбезегінің дыбыс жасалымына қатысы одан мол боп шықты. Дауыс желбезегі дыбыстарды түгел қамтитын болған-дықтан ортақ жіктелім белгі ретінде алынады.
Қазақ тілі дыбыстарын жіктегенде дауыс желбезегінің (жарғағы, шымылдығы) тербеліс күшіне сүйенуге болады. Сон-да дауыс желбезегінің қатысы дыбыстарды төрт топқа (да-уысты, қатаң, ұяң, үнді) жіктеуге мүмкіндік береді. Мұның негізі ретінде дауыс желбезегінің тербеліс күшінің үдемелі қа-тысын алуға болады. Соның нәтижесінде дауыс желбезегі дыбыстың өзге жасалым белгілерінен бөлініп шығып, өз ал-дына артикуляциялық бірлік (единица) болады.
Дауыстыларды жалаң және құранды деп бөлген дұрыс. Сондықтан да жалаң дауыстыларды өз алдына, құранды дауыс-тыларды өз алдына талдауға тура келді. Олардың артику-ляциясында үлкен айырмашылық бар. Оларды жеке-жеке тал-дап болған соң, дауысты дыбыстар ретінде бір жерге топталады.
Дауыстылар жүйесінде жалаң және құранды ды-быстардың әрқайсысының өз орны бар. Оны модель арқылы көрсеттік. Құранды дауыстылар өз алдына бірігіп барып, ал-дымен өз алдына топ құрады. Оның өз моделі бар. Құранды да-уыстылар жалаң дауыстылардың тобына жеке-жеке барып қо-сыла алмайды, тек тобымен барып қана өз орнын табады. Жа-лаң дауыстылар да солай. Ендеше дауыстылар дегеніміз жалаң және құранды дауыстылардың екі тобының біріккен жиынтығы.
Жалаң дауысты дыбыстардың жиынтық көрнекі мо-делі олардың өздеріне тән жасалым белгілерінің бәрін түгел қамтып отыр. Сол сықылды құранды дауысты дыбыстардың жиынтық көрнекі моделі олардың өздерінің жасалым белгілері-нің бәрін түгел қамтып тұр. Ең соңында дауыстылардың жиын-тық жасалым моделі бүкіл дауыстыларға ортақ белгілердің басын қосып тұр.
Жалпы қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың құрамын анықтау әлі бір ізге түскен жоқ. Осы қайшылықтар көптеген өзге еңбектерде де сол күйінде қайталанады.
Сонымен қазақ лингвистикасы бойынша шыққан «Қазақ грамматикасына» сүйенетін болсақ, онда қазақ тіліндегі дауыс-тылар құрамын «Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстарының жүйесі 9 дауысты дыбыстан құралады. Олар: А, Ә, Ы, І, Е, ¦, Ү, О, ө» деп тоқтаған дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет