Фонетика жєне оныњ салалары


Фонология (грек. phone – дыбыс, logos – сөз, ілім дегенді білдіреді) немесе функционалдық фонетика -



бет5/55
Дата23.06.2023
өлшемі475,64 Kb.
#103164
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Ôîíåòèêà æºíå îíûœ ñàëàëàðû

Фонология (грек. phone – дыбыс, logos – сөз, ілім дегенді білдіреді) немесе функционалдық фонетика - тілдегі дыбыс құбылыстары мен ондағы дыбыстардың қызметін фонетикалық тұрғыдан зерттейтін сала. Фонологияның дыбыстардың жасалы-мы мен естілімін зерттейтін фонетиканың басты айырмашылы-ғы осы аталған жайтпен байланысты. Ол дыбыстардың бір сөз-дің бір сөзден өзгешелігін салыстыру арқылы дыбыстық құбы-лыстарды зерттейді. Мысалы, тас-таз сөздерінің екі түрлі ма-ғынаға ие болатындығы с дыбысының қатаң, ал з дыбысының ұяң айтылуымен байланысты түсіндіріледі. Сондай-ақ тас-тақ сөздеріндегі мағыналық айырмашылық с дыбысының тіл алды, ал қ дыбысының тіл арты болып айтылуына байланысты қарас-тырылады. Енді ас-ат сөздерінің екі мағынаға ие болыр тұрған жағдайын с дыбысының жуысыңқы, т тоғысыңқы болып айтылуымен түсіндіруге болады. Қазақ тілінің дыбыстық құры-лысында кездесетін мұндай фонологиялық тіркесім (позиция-лық) белгілердің құрамын ғалым Ә.Жүнісбек былай түсіндіреді: «жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік, қатаң-ұяң-үнді, жа-бысыңқы-жуысыңқы-діріл». Кей жағдайда фонология мен фо-нетиканың терминдері әр түрлі түсіндіріліп жүр. Атап айтқанда, фонологиядағы жуан-жіңішке терминдерін фонетикада тіл арты-тіл алды деп қарастырады. Терминдердің бұлай түрліше аталуы-ның өзінде де ғылыми мән жатқандығын жоққа шығаруға бол-майды. Сол сияқты фонология дыбыстардың сөз құрау, яғни сөздің қазақы естілуін қамтамасыз ету белгісі мен сөйлеу кезін-де бір сөз бен бір сөздің жігін ажыратып отыру қабілетін айқын-дайтын шекара белгісінің болуына да көңіл бөледі.
Бұл айтылғандардың бәрін сегментті фонологияның зерт-теу нысанына жатқызуға болады. Бұдан басқа суперсегментті фонология да бар. Қазақ тілінде сингармонизм немесе үндестік заңы суперсегментті бірлік болып табылады. Сондықтан да син-гармонизм құбылысына қатысты үрдістерді суперсегментті фо-нология зерттейді. Фонология жалпы, тарихи және салыстыр-малы болып та жіктеледі. Жалпы фонология дүние жүзі тілде-ріне ортақ фонологиялық құбылыстарды қарастырса, тарихи фо-нология фонемалардың құрамы мен даму жолдарына назар ау-дарады. Салыстырмалы фонология болса, бір тіл мен екінші тіл-дің арасында кездесетін түрлі фонологиялық өзгешеліктер мен ұқсастықтарды айқындап, сараптайды.
Тіл білімінде фонология саласында түрлі ғылыми бағыт-тағы мектептердің болғандығын атап өткен жөн. Атап айтсақ: орыс фонологиясында – Ленинград немесе Петербор фоноло-гиялық мектебі, өкілдері – Л.В.Щерба, Л.Р.Зиндер, т.б. , Мәскеу фонологиялық мектебі, өкілдері – Р.И.Аванесов, А.А.Реформатский, т.б. Қазақ фонологиясында да өзіндік бағыт ұстанған ғылыми мектептер бар: классикалық фонема мектебі – Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, Т.Талипов, т.б.; сингармо-низм мектебі - Ә.Жүнісбек, М.Жүсіпов, Ж.Әбуов, т.б. Аталған мектеп бағыттарының көзқарасында біршама маңызды айырма-шылықтар бар екендігін атап кеткен орынды. Мысалы, класси-калық фонема мектебіндегілер қазақ тілінде екпін бар деген ере-жені негізді деп санайды. Сол сияқты фонологиялық бірлік ре-тінде фонеманы қарастырады. Ал сингармонизм мектебіндегі-лердің пікірі бұларға қарама-қарсы болып келеді. Олардың пікі-рінше, қазақ тілінде екпін жоқ, сингармонизм заңдарына сәйкес қазақ тілінде фонологиялық бірлік бар, ол буын, оны негізінен алғанда сингема деп атаған дұрыс.
Фонетиканың қолданбалы бағытта да, жазуды жетілдіріп, икемді ережелер жасауға да тікелей қатысы бар. Дыбыстарды дұрыс айтып дағдылануға, тілдің мүкістігін жоюға септігін тигі-зеді. Сондықтан да фонетиканың жетістіктері орфографияда, тіл мәдениеті мен оқыту әдістемесінде, логопедия мен байланыс жүйесінде кеңінен қолданылады. Сөйлеу мүшелері, дауысты жә-не дауыссыз дыбыстар, буын, сөз просодиясы, интонация фоне-тиканың негізгі құрамды бөліктері болып табылады.
Фонетика тіл білімінде ғылымның арнаулы бір саласы бола отырып, тілдің лексикасымен де, грамматикасымен де тығыз байланыста өмір сүреді. Олай болу себебі, фонетикалық құбы-лыстар мен процестер тілдегі сөздерден тыс қаралуы мүмкін емес, олар сөздердің ішінде өмір сүріп, содан көрініс табады. Ал сөздер грамматикамен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, омонимдерінен басқалары бір-бірінен дыбыстық айырмашылық-тары арқылы ажыратылады. Әр түрлі тілдердегі сөздердің ды-быстық жағының ұқсастықтарымен қатар өзіне ғана тән айырым белгілері де кездесуі мүмкін.
Фонетиканың грамматикамен байланысы морфология жә-не синтаксистен айқын көрініс табады. Морфология сөздердің өзгеру, түрлену ережелерін белгілей отырып, сөз құрамындағы дыбыстық алмасуларды фонетикалық заңдылықтар арқылы тү-сіндіреді. Дыбыстардың алмасу құбылысы грамматикалық тәсіл ретінде морфологиялық қызмет атқарған жағдайда ішкі флексия деп аталатын тәсіл пайда болады. Түбірдің дыбыстық құрамы-ның өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдіру тәсілі ішкі флексия деп аталады. Ол кей тілдерге ғана қатысты болып келеді. Фонетиканың синтаксиспен байланысы сөйлемдер инто-нациясы, пауза, фразалық екпін және мелодикамен тығыз бай-ланыста көрінеді.
Фонетиканың практикалық мәні әр саладан көрінеді. Тіл-дің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты мәселелер тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдылықтарды терең білуді қажет етеді.
Фонетикалық заңдылықтар немесе дыбыс заңдылықтары – дыбыстардың өз қалпын сақтауы мен үздіксіз болып отыратын өзгерістерін, өзара алмасуы мен тіркестерін зерттеп отыратын дыбыстардың даму заңдылықтары. Дыбыс заңдылықтары фоне-тиканың күнделікті сөйлеу үстінде жүзеге асатын нақты құбы-лыстардың, аллофондық түрленулердің, дыбыстың сөздегі ор-нына байланысты болатын өзгерістердің себепшісі болады. Ал-лофондық түрленулер көрші дыбыстардың әсеріне байланысты жүзеге асады және кез-келген сөзге тән, сол тілде сөйлейтін кез-келген адамның тілінде кездесе береді. Мысалы, қазақ тілінде етістіктің соңында кездесетін –ды, -ді өткен шақ көрсеткіші сөйлеу кезінде –т көрсеткішімен алмасатындығы белгілі жайт: барады – барат, келед і- келет, т.б. Екі дауыстының арасындағы қатаң дауыссыздың ұяңдануы (жақ- жағып, сабақ – сабағы, т.б.), көрші дыбыстардың бір-біріне икемделуі (басшы- башшы, көзсіз – көссіз, т.б.) сияқты құбылыстар белгілі бір фонетикалық заңдылықтардың әсерінен болатындығы айқын. Мұндайда арти-куляциялық пен акустикалық өзгерістер қатар жүреді: мен кел-дім – мең гелдім, тап басты – тап пасты , т.с.с. Тіл дами келе шынайы фонетикалық өзгерістер тұрақты күйде көрініс табады: қол қап – қолғап, жар қанат – жарғанат, т.б.
Фонетикалық заңдылықтар деген ұғымды тіл біліміне ал-ғаш рет «младограмматистер» енгізген. Олар бір тілдің ішіндегі диалектілерде немесе бір-біріне деген талас екі дәуірде қатар жүрген дыбыстардың бір тілге қалай сыйысып жүргендігі осы жол арқылы түсіндіріледі. Фонетикалық өзгерістер тұрақты заң-дылықтардың арқасында ғана жүзеге асады. Егер тұрақты заң-дылыққа бағынбайтын фонетикалық өзгерістер кездесіп қалса, олардың өзіндік себебі бар екендігін білу керек. Мысалы: арша-ты – аршалы, қаракөл елтірісі – қарагөл елтірісі, т.б. Фоне-тикалық заңдылықтар барлық тілдерге тән әмбебап болуы да мүмкін немесе бір не бірнеше туыстас тілдердің өзара ұқсасты-ғына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет