Фонетика жєне оныњ салалары


Тапсырма. Екпін, оның түрлері (конспектілеу) Жаттығу. Мәтіндегі екпін түрлерін анықтаңыз



бет53/55
Дата23.06.2023
өлшемі475,64 Kb.
#103164
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
Ôîíåòèêà æºíå îíûœ ñàëàëàðû

Тапсырма. Екпін, оның түрлері (конспектілеу)
Жаттығу. Мәтіндегі екпін түрлерін анықтаңыз.


Далада қой бағып жүрген бала Әйтеке үш аттылы жо-лаушыға жолығады.
Ассалаумағалейкум, ағалар,-деп бала ізетпен үлкендерге сәлем береді. Баланың сәлеміне риза болған үш жолаушы:
Ауылда ойнап жүрген баламызды осы елдің бір жолаушы дамының аты теуіп, жазым қылды. Соның құнын даулап, бітімін қылайық деп келеміз. Қосуақ бидің ауылы қайсы?-деп сұрайды
Бала Әйтеке:
Балаңызды ат босағада тепсе – бүтін құн, жабықта тепсе – жарты құн, түзде тепсе – төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар. Бидің ауылы – анау боз үй, жолдарыңыз болсын! - дейді.
Жолаушылар келсе, Әйтеке бала айтқандай, Қосуақ би де осындай төрелік айтыпты. Баланы түздегі ат тепкендіктен құнның төрттен бір бөлігін төлеп қайтарады.
Сонда өлген баланың әкесі:
Апырмай, осы билікті бізге далада кездесіп, жөн сілтеген бір қойшы бала айтып еді. Түбінде сол бала елді аузына қарата-тын би болады-ау! – депті. («Шешендік шиырлары» кітабынан).


12. Дыбыстық құбылыстар

1. Протеза, эпентеза.


2. Эпитеза, элизия.
3. Метатеза, редукция.
4. Аккомодация.
5. Дыбыстық үнем.


Тапсырма. Дыбыстық құбылыстар (Көркем әдеби шығармалар-дан мысалдар теру)


Жаттығу. Мәтінде кездесетін дыбыстық құбылыстарды анықтап, болу себебін түсіндіріңіздер.


Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты. Сонда Төле би былай деген екен:
Бата - басқа,қына – тасқа, ақыл – жасқа, не қалайсың, балам?- депті.
Сонда Жетес бала:
О, қасиетті баба! Ат берсең - өліп қалады, тон берсең – тозып қалады. Ат-тонға бергісіз, өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз! Соған ризамын, - депті.
Онда қолыңды жай, балам, - деп, Төле би:
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма,
Бір елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Көп қолдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала,
Қараны қара деп қарала,
өзегің талса, өзен бойын жағала,
Басыңа іс түссе – көпшілікті сағала.
өзіңе-өзің кәміл бол,
Халқыңа әділ бол!
Жауыңа қатал бол,
Досыңа адал бол!
Әумин! – деп бата беріпті.
13. Қазақ орфографиясы мен оның негізгі принциптері

1. Орфография туралы түсінік


2. Орфографияның принциптері.
а) фонетикалық;
ә) дәстүрлі;
б) морфологиялық




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет