Фонетика жєне оныњ салалары



бет14/55
Дата23.09.2023
өлшемі10,64 Mb.
#109963
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55
Байланысты:
Лекция Фонетика

Дауысты дыбыстар жүйесі

Фонетиканың өзекті мәселесі – тілдегі дыбыстардың са-нын, сапасын анықтау және сол дыбыстарға қатысты түрлі заң-дардың басын ашу. Бұл салада қазақ тілінде де аз жұмыс істел-ген жоқ. Әсіресе, дауысты дыбыстар зерттелуден кенде емес. Қайта қазақ тілі фонетикасы жайындағы негізгі зерттеулер мен монография, мақалалар тұтастай дауыстыларға арналған деуге болады. Оның үстіне мектеп, орта арнаулы, жоғарғы оқу орын-дарына арналған оқулықтар мен тілдің әр түрлі саласына бай-ланысты зерттеулер де дауыстыларға соқпай кете алмайтыны белгілі. Бұлай болатыны, тіліміздегі дауыстылар немесе вока-лизмдер (лат.bokalis – дауысты) – «сөздің жаны» немесе «сөздің жанды тамыры». Сөйте тұра, қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны, сапасы жөнінде әлі күнге бірізділік болмай келеді. Мұның өзі тіліміздің дыбыстық құрылымын, буын құра-мын тұмшалап, ол жөнінде шалағай, тіпті кереғар ұғымның қа-лыптасуына жағдай жасап отыр. Бұдан тіліміздің фонетикалық құрылымын, болмысын шынайы түрде жете түсіну үшін да-уыстылардың санын, сапасын барынша байыптап, айқындап, зерделеп алу қажеттігі туады. Себебі түркі тілдеріне ортақ сегіз дауысты дыбыс тән деген пікір бар. Оның төртеуі ашық - А ,Ә; О, ө; төртеуі – Ы, І, ¦, Ү; төртеуі езулік – А, Ы, Ә, І; төртеуі еріндік - О, ө, Ү, ¦, төртеуі жуан – А, О, Ы, ¦; төртеуі жіңішке - Ә, І, Ү, ө деп есептеледі. Көптеген түркі тілдерінде дауыстылар осылай тепе-тең бөлінеді. Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский қазақ тілінің дауысты дыбыстарын сан-сапа жағынан «тоғыз дауысты» деп дәл анықтаған.


Қазақ фонетикасының бірнеше даму кезеңдері болды. Қазақ тілінің дыбыс құрылымын зерттеуді XIX ғ. орыс және европа ғалымдары бастады. Олардың еңбектері әлі күнге дейін құнын жоймай, фонетика тарихында өз алдына бір дәуір ретінде қалып отыр. В. В. Радлов солтүстік түркі тілдерінде кездесетін сөздердің фонетикасына анализ жасай отырып, олардың әр түрлі вокалистік жүйелерін салыстырмалы тұрғыдан қарастырады, со-ның ішінде қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар деп бөле қарас-тырады: а, а, е, о, о, у, і, и, и. Осы 9 дауысты дыбыстың артикуляциялық ерекшеліктерін сипаттай отырып, В.Радлов оларды Брюке, Сиверс және Винтлер сияқты белгілі тілші ға-лымдардың еңбектеріне сүйене отырып кейбір үндіеуропа тіл-деріндегі соларға ұқсас дауыстылармен салыстыра қарастырады.
В.В.Радлов түркі вокализмдерін фонетикалық структура ретінде көрсетеді. Бұл құбылыстар түркі тілдерінің бәріне тән. В.В.Радловтың айтуы бойынша біріншіден дыбыс – психоло-гиялық және бір тартыста негізделген дауыстылар бір-біріне не-гізделеді. Сол сияқты бірқатар дауыстылар еріннің бір қалып-тылығымен айтылады. Себебі дауыстылардың шығуына үлкен әсерін тигізетін ауыз-тамақтың ұзындығы мен жалпақтығы. В.В.Радлов дауыстыларды екіге бөлген: 1) бірдей біркелкі шы-ғатын; 2) басыңқы немесе бағыныңқы шығатын. Осымен байла-нысты ол дауыстылардың шығуын былай түсіндіреді: «...кейбір дауыстыларды айтқанда біздің тамағымыз тарылады. Мысалы о дауыстыны айтатын болсақ ерін жалпақтанады, и дауыстыны айтқанға қарағанда немесе дауысты і-ні алып көрейік, өте күшті дауысты а айтқанға қарағанда...» Осыған орай В. В. Радлов дауыстыларды 2-ге бөледі: 1) жалпақ дауыстылар - а, о а, о, е; 2) тар дауыстылар - у, и, и, і. Бұдан аңғаратынымыз, В.В.Радлов-тың пікіріне сай дауыстылардың бір тобы 2 топты толықтырып отырады екен. Қазақ тіліндегі дауыстыларды В.В.Радловтың принциптеріне сүйене отырып, қазақ ғалымдары өзіміз білетін-дей 2-ге бөлген. Ондағы дыбыстар: а, а, е, о, о, у, і, и, и. Со-нымен В.В.Радлов қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды құра-мына байланысты Н.И.Ильминскийдің көзқарасын ұстанады. Ондағы 9 дауысты дыбыстардың ішіндегі тек а дыбысын түбір сөздеріне келіспейді.
И.Лаптев – қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды 14-ке жеткізіп, біріншіден, ол бір дыбыстың екі түрлі дыбысталуын айтады.
Н.Созонтов – қазақ тіліндегі 13 дауысты дыбыстарды ай-тады. Соған қоса орыс тілінің и, ю, я, дауысты дыбыстарын қо-сады және е дыбыстарының екі түрлі дыбысталуын қосады.
Қ.Жұбанов – қазақ тілінің 9 монофтонг дыбыстарын бөліп қарастырса, І.Кеңесбаев оның пікірімен келісетіндігін білдіреді де, қазақ тілінде и, у деген екі дауысты дыбысты дифтонг ретін-де қарастырады.
Қазақ тілі дауысты дыбыстарының жасалым белгілері, негізінен, үш түрлі болып келеді. Оның үшеуі де белсенді (ак-тив) сөйлеу мүшелері болып саналатын тіл мен ерінге қатысты.
Қазақ тілі дауысты дыбыстарының жасалымына қатысты тілдің ауыз қуысындағы қалпы екі түрлі болады: тілдің ауыз қуысындағы көлденең қалпы және тілдің ауыз қуысындағы тік қалпы. Қазақ тілі үшін тілдің көлденең және тік қалпы бар болғаны екі сатыға бөлінеді. Ендеше қазақ тілі дауыстыла-рының тіл қатысына қарай жіктелімі қарапайым келеді.
Қазақ тілі дауысты дыбыстарының жасалымына қатысты еріннің қалпы да екі түрлі болады: еріннің езулік қалпы және еріннің еріндік қалпы. Қазіргі фонетиканың мәліметіне қараған-да қазақ тілі дауыстыларының жасалымына қатысты еріннің қалпы күрделі екен. өйткені еріннің езулік қалпының өзі езу және емеурін, ал еріндік қалпының өзі доғал және сүйір болып іштей екі-екіге тағы бөлініп кететін болып шықты. Ал езу да-уыстылардың өзі А.Байтұрсыновтың жіктеуінше кең шығысты-қысаң шығысты болып тағы екіге бөлініп кетеді. Ендеше қазақ тілі дауыстыларының ерін қатысына қарай жіктелімі тіл қа-тысына қарағанда күрделі болып шықты.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) деп екіге бөліп қарастырмақпыз. Оған себеп соңғы кездегі белгілі ғалым, ф.ғ.д., профессор Ә.Жүнісбектің жүргізген фонетикалық зерттеулерінің нәтижесі болып отыр.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды жалаң-құранды деп жіктегенде, төмендегі қарапайым ережеге сүйенеміз: бастан-аяқ біркелкі дыбысталатын дауысты дыбысты монофтонг деп, ал бір дыбыстан басталып, екінші дыбыспен аяқта-латын дауысты дыбысты дифтонг деп атайды.
Сонымен қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың құрамы күрделі болып шықты. Әрине дәстүрлі фонетикамызда дауыс-тылардың құрамына қатысты бірлі-жарым бөлек пікірлер бол-ған. Алғашқы қазақ тілі дыбыстарының зерттелу жайы сөз болғанда тоқталғанымыздай, кейбір дауыстылардың біркелкі айтылмайтындығы жайлы мәлімет бар. Атап айтқанда Е, О, ө дауыстыларының алдында өзгеше бір дыбыс кездесетіні, сондықтан да оларды дифтонгоид деп атау керектігін ескерт-кен. Бірақ бұл пікірді ұсынған І.Кеңесбаев, М.Райымбекова, Н.Сәдуақас, т.с.с зерттеушілер жоғарыдағы үш дауыстыны бәрі бір жалаң дауыстылар қатарына жатқызып, олардың ар-тикуляциясын жалаң дауысты ретінде сипаттап отырады. «...Әсіресе бұл тілдің ауыз қуысындағы қалпына қатысты. Се-бебі егер дауысты екі құранды дыбыстан тұратын болса, онда ол дауыстының тілдің көлденең қалпына байланысты қалпын бір сөзбен (белгімен) бере алмаймыз. Ол үшін дауыс-тының құрамындағы бірінші және екінші сыңарларының басын ашып алу керек. Сонан соң барып, бірінші сыңарын өз алдына, ал екінші сыңарын өз алдына сипаттап шығу керек. Сонда ға-на оның тілдің тік қалпына қатысты белгісі шығады»,- деген А.Жүнісбектің пікірі сауалға толығымен жауап береді..
Қазақ дауыстыларын жалаң-құранды деп жікте-генде ғана дауыстылардың құрамы орнықты болып шығаты-нын К.Хұсайынов, Т.Кеншибай, Ж.Нәзбиев, З.Базарбаева, А.Фазылжановалардың соңғы зерттеулері де көрсетіп отыр.
Дәстүрлі қазақ фонетикасында құранды (дифтонг) О, ө, Е дауыстылары жалаң (монофтонг) дауыстылардың құрамында қа-растырылып келеді. Соның нәтижесінде олардың жасалым си-паттамалары бірыңғай жалаң дауысты ретінде беріледі. Кей жағдайда дауыстының алдында сәл ғана өзгеше бір дыбыс бар екендігі аталып, дифтонгоид қатарына жатқызылып та жүр.
Соңғы фонетикалық зерттеулерде Ә.Жүнісбек аталған да-уыстылардың толық құранды (дифтонг) дауыстылар екенін дә-лелдеп, оларды жалаң (монофтонг) дауыстылардың құрамынан бөліп алып, өз алдына жіктеген пікірі дұрыс болып табылады. өйткені практикалық сабақ үстінде де олардың айтылым-есті-лімі аса күрделі екенін көрсетеді. Аталған дауысты дыбыстар-ды айтқанда олардың жасалымының бір дыбыстан басталып, екінші дыбыспен аяқталатыны анық байқалады.
Дегенмен дыбыстардың артикуляциясын, олардың сөз құ-рамындағы естілімін анықтауда қателіктер кеткен. Зерттеуші-лердің назарынан ешқашанда қазақ тіліндегі дауысты дыбыс құрамы, оның сан мөлшері, дауысты дыбыстардың сипаттамасы тыс қалып көрген емес.
Профессор А.Байтұрсынұлы «..дауысты дыбыс қазақтың нағыз тілінде бесеу...» деп көрсетуі кірме дыбыстар мен кірме әріптерге қатысты болуы керек. Ол дауысты дыбыстардың жі-ңішке үлгілерін жуан дауыстылардың сыңары деп есептейді. Сондықтан да қазақ тілінде бес дауысты бар деп отыр. Ал бұлар-дың бәрін қоссақ, қазіргі тоғыз дауыстымыз шығады.
Профессор Х.Досмұхамедұлы да дәл осы пікірді қолдайды: «Қазақ-қырғыз тілінде бес дауысты(бір жіңішке, төртеуі қос), екі жарты дауысты дыбыс бар». Дыбыстың жалпы санына келгенде А.Байтұрсынұлы мен Х.Досмұхамедұлының пікірлері бір жерден шығады. Ғалым «жарты дауысты» деп үнді дауыссыздарды ай-тады. Кейбір үнді дауыссыздарды «жарты дауысты» деп атау сол дәуірге тән болған.
Е.Омаров пен Қ.Кемеңгерұлының дыбыстарды жіктеуі А.Байтұрсынұлымен жүйелес болғанымен, тек жарты дауысты-лар құрамына келгенде ғана шамалы айырмашылық бар: А.Байтұрсынұлы жарты дауыстыларға й, у дыбыстарын жатқыз-са, Е.Омаров пен Қ.Кемеңгерұлы р, л, й, у дыбыстарын жатқызады.
Профессор Қ.Жұбановтың И, У дыбыстары туралы «...латын әрпінің жер жүзілік практикасында ұсталып жүрген u мен i-ні, біріншісінің ұу мен үу орнына, екіншісін ый мен ій орнына алу жағындамыз» деген пікірі қазақ лингвистикасында орнығып қалды. Ғалым оларды жалаң дауыстылар қатарына жатқызған.
Академик І.Кеңесбаев дауыстыларға байланысты: «Қазіргі қазақ тілінде мынадай тоғыз жалаң дауыстылар(монофтонг) бар: а, е, ы, і, о, ө, ұ, ү, ә. Бұдан басқа мынадай екі қосынды дауыстылар(дифтонгоид) бар: и, у»,- деп жазады. Ғалым «қазіргі қазақ тілі» деп қазақ тіліндегі дауысты дыбыс құрамын кеңінен қараған. Себебі орыс тілінен енген дыбыстарды да есепке алған. Дифтонгоид дауыстылардың есебінен дауысты дыбыстардың саны 11 болып отыр. Осы пікірді Ж.Аралбаев та қолдайды: «... Қазіргі қазақ тілінде он бір дауысты фонема бар. Оның тоғызы – монофтонг, жалаң дауыстылар: а, е-э, о, ө, ы, і, ұ, ү, ә, қалған екеуі – дифтонг дауыстылар: и, у». Дауыстылардың сан құрамы жағынан айырмашылық жоқ, бірақ ғалым соңғы екі дауыстыны «толық дифтонг» деп атайды. Бұдан кейбір дауыстылардың фо-нетикалық табиғатын ғалымдардың әр түрлі атап келгендігін байқауға болады. Осы жерде профессор К.Хұсайыновтың орын-ды пікіріне жүгінгенді жөн көрдік: «Рассматривая казахские дифтонги, мы делили их на сочетания гласных с одним из со-нантов, при этом для последних были характерны некоторые консонантные признаки. Идеальных дифтонгов, т.е. таких диф-тонгов, которые состояли бы из двух несомненных гласных об-наружить не удалось». Ғалым өз пікірін соңғы шыққан «Қазақ грамматикасында» да қуаттай түседі: «Қазақ тіліне енген кірме әріптер жеке дауысты дыбыстардың таңбасы емес. Олар арқылы қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар мен үнді й, у(w) дауыссыз-дарының тіркесі белгіленеді».
Профессор С.Мырзабеков қазақ тілінің төл дауыстыларын қарастырғанда А.Байтұрсынұлының пікіріне сүйене отырып, қа-зақ тілінде 9 дауысты бар деген пікірді берік ұстанған: «Қазақ ті-лінің байырғы төл сөздерінің құрамында тоғыз... дауысты ды-быс барлығы ешқандай дау тудырмайды». Ғалымдар Ә.Жүнісбек, Ж.Әбуов, М.Жүсіпов, А.Жүнісбектердің пікірлері де осыған келіп саяды.
Қазақ тіл білімінің, соның ішінде фонетикасының да негі-зін қалаған А.Байтұрсынов өзінің 1912 жылы «Айқап» журна-лында жариялаған «Жазу тәртібі» деп аталатын алғашқы мақа-ласында: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты. Дауысты дыбыстарға о, ұ, ы, е»,- деп анықтаса, осы пікірін кейінгі оқулықтарында 1927 жылы жазған «Дыбыстарды жіктеу туралы» деген мақаласында қайталады. Бұдан А.Байтұрсынов жіңішке дауыстыларды ескер-меген деген ұғым тумауға тиіс. Ол: «дауысты дыбыстар а, о, ұ, ы осы тұрған күйінде жуан айтылады», -дейді де, сөздің алдын-да дәйекше тұрса, «сөздің ішіндегі дауысты дыбыстарды жіңіш-ке сыңары болатынын әсте ұмытпаған. Ал бес дауысты, бес әріп сол кездегі араб графикасының мүмкіндігіне негізделген. Қыс-қасы, А.Байтұрсынов өзі атап айтпаса да, оның жазғандарынан қазақ тілінің дыбыстық жүйесінде сол кезде 9 дауысты дыбыс болғанына анық көзіміз жетеді. Олар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і. Осы дыбыстарды орыс зерттеушілері де атап көрсетеді. Бұл ды-быстар іштей жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік түрінде жіктеледі. Бұл күнде белгілі фонетист ғалым Ә.Жүнісбек қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды 60-жылдардың орта тұсынан бері зерттеу үстінде. 1969 жылы кандидаттық, 1988 жылы докторлық диссертация қорғады, бірнеше монография авторы. Қазақ тілін-дегі дауысты және дауыссыз дыбыстар жөніндегі қорытынды тұжырымы 1999 жылы жарық көрген «Строй казахского языка. Фонетика» деген еңбекте «Қазақ тілінде 9 дауысты бар» деп қысқа да нұсқа айтылған. Қазіргі тілімізде он бір, он екі дауысты бар деушілер шындыққа жақын тұр. Бұлардың біріншісіне екін-шісінің қосқаны – тек э дыбысы. Қалған жағдайда іштей жіктеу, сипаттауға келгенде бір-бірімен үндесіп жатады. Екі топқа да тән үлкен жаңсақтық – қазақтың байырғы сөздерінің құрамында и, у дауысты дыбыстары кездеседі деп қарауы. Бір қызығы, зерттеушілер мен оқулық авторларының көбісі бұл екі әріптің әрқайсысы екі дыбыстың ұу, ыу, іу, ый, ій қосындысы екенін біле отырып дауыстыға жатқызып жүр. Жатқызып қана қоймай, оларды дифтонг, дифтонгоид деп дәлелдеуге тырысады.
Мұндай дауыстылар бар десек, басқаны айтпағанда тілі-міздің екі үлкен заңының түп-тамырына балта шапқан болар едік. Біріншіден, сөздердің құрамында екі дауысты қатар тұра беретіні болады: суы, буын, келуі, миы, тиын, тиін. Екіншіден, сөз ішінде буын дауыстыдан басталып және дауысты жеке буын құрайтын болады. Мұның бәрі де тіліміздің табиғатына қайшы екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Ал қазақ тілінде 15 да-уысты бар дейтін пікір тіпті де сын көтермейді. Бұл дыбыс пен әріпті шатастырудың нәтижесі ғана. Қысқасы, қазіргі қазақ ті-ліндегі дауыстылардың саны, сапасы дейтін мәселеге қолда бар оқулықтар мен зерттеулердің бірде-біреуі толық жауап бере ал-маса керек. Сондықтан алдымен тіліміздегі дауыстыларды сан жағынан айқындап алу керек болады.
Біріншіден, қазақ тілінің байырғы сөздерінің құрамында то-ғыз дауысты дыбыс бар екені рас. Екіншіден, орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген сөздердің дыбыстық құрамын ескеру қа-жет. Ескеріп қана қоймай, олардың табиғатын терең тануға мәж-бүрміз.
Ал орыс тілінің дауыстыларын танып, игеруде онша бір-ауыздылық жоқ. Дауыстыларымыздың санындағы ала-құлалық-тың өзі алдымен осымен байланысты. Егер саусақпен санарлық сөздердің құрамында ұшырайтын ћ өз алдына дербес дыбыс деп танитын болсақ, тіліміздегі мыңдаған сөздердің құрамында кез-десетін орыс тілі дауыстыларының әрқайсысы өз құжаттарын алуға тиіс. Сондықтан да қазіргі қазақ тілінің дыбыс жүйесі сөз болған кезде оларға да лайықты орын берілуі қажет.
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар үш жақты жіктеледі:


1. Тілдің қатысына қарай:
а) жуан (гуттураль) дауыстылар: а, о, ұ, ы, у.
ә) жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, у, и.
Жуан дауыстыларды айтқанда, жіңішкелермен салыстыр-ғанда, тіл сәл артқа қарай тартылады, жіңішкелерді айтқанда тіл сәл ілгері жылжиды. Бұған көз жеткізу үшін дауыстылардың жуан және жіңішке сыңарларын (а//ә, о//ө, ұ//ү, ы//і) қатар айтып көруге болады. Дауыстылардың бұлайша (тіл қатысына) жікте-луін дұрыс білмейінше, тіліміздегі ең күшті фонетикалық заң – сингармонизмді түсіну мүмкін емес. Тіліміздегі сөздердің бір-ыңғай жуан, не жіңішке буынды болып келуі тілдің қалпымен байланысты.

2. Еріннің қатысына қарай:
а) еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.
ә) езулік дауыстылар: а, ә , ы, і, е, и.
Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сү-йірленеді де, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тарты-лып, езу жиырылады. Еріндік дауыстылардың тіліміздің байыр-ғы заңы сингармонизмді танып білуде мәні зор. Көрші буындар-дың бірыңғай жуан не жіңішке, еріндік не езулік болып келуі тіл мен еріннің неғұрлым үнемді қызметіне негізделген.
3. Жақтың қатысына қарай:
а) ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е.
ә) қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
Ашық дауыстыларды айтқанда астыңғы жақ барынша тө-мен түседі де, қысаңдарды айтқанда бір-біріне жуықтай түседі. Алайда ауаның еркін шығуына кедергі жасамайды. Ал жарты-лай ашықтар осы екеуінің аралығында айтылады.
Дауыстылардың жақтың қатысына қарай жіктелуін тілдің тік бағытта қозғалуы түрінде де тануға болады. өйткені тіл жақ-тың қалпына қарай жоғары, төмен қозғалатынын аңғару қиын емес. Орыс тілінде дауыстылар тілдің көлбеу және тік бағытта қозғалуына қарай жіктеледі.
Қазақ тілінде, сондай-ақ барлық түркі тілдерінде осы уа-қытқа дейін дауыстыларды ашықтар және қысаңдар деп екіге бөліп келді, біздің оқулықтарымызда әлі де осылай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет