Фонетика жєне оныњ салалары


Үндестік заңы. Буын үндестігі



бет19/55
Дата23.09.2023
өлшемі10,64 Mb.
#109963
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55
Байланысты:
Лекция Фонетика

Үндестік заңы. Буын үндестігі

Адамның тілі – дыбыстық тіл. Біз өз ойымызды осы ды-быстардың тіркесі, тізбегі арқылы білдіреміз. Дыбыстардың өза-ра тіркесуінде әр тілдің өзіне ғана тән белгілі бір қалыптасқан заңдылық, жүйесі болатыны айтылды. Морфемалардың бірың-ғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың акустика-артикуляциялық жақтан бе-йімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз.


Үндестік заңы не сингармонизм (грек. syn – біркелкі, harmonia - үндесу) – сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айту, сөздің өн бойында біркелкі әуезді сақтап айту. Сөз құрамындағы дыбыстар (буындар) тілдің қатысына қарай жуан-жіңішке, ерін қатысына қарай еріндік-езулік болып үндеседі. Профессор Ә.Жүнісбектің көрсетуінше, қазақ тілінде үндесудің төрт түрі кездеседі:

  1. жуан езулік үндесу: бала, балық, қырық, қырау;

  2. жіңішке езулік үндесу: дәптер, кереге, кілем, кісі;

  3. жуан еріндік үндесу: құлқын - құлқұн, орын - орұн, бұрым - бұрұм, қорық - қорұқ

  4. жіңішке еріндік үндесу: түлкі - түлкү, өнер - өнөр, көрік – көрүк, түлек – түлөк.

Қазақ тіліне тән үндестіктің бұл түрлері жазуда ескерілме-генмен айтылуда толығымен сақталады. Сондықтан да үндестік заңы қазақ тіліне тән іргелі заңдылықтардың бірі болып саналады.
Түркі, оның ішінде қазақ тіл білімінде үндестік заңын да-уыстылардың үндесуі деп қабылдайтын жаңсақ көзқарас бар. Қазақ тілінде тек дауыстылар ғана үндесіп қоймай, дауыссыздар да үндеседі. Сондықтан да үндестік заңын бүкіл сөзге тән құбы-лыс деп танып, оны сөз просодиясының қатарына жатқызу ке-рек. Сөз құрылымындағы дыбыстардың (дауысты болсын, да-уыссыз болсын) біркелкі жуан, біркелкі жіңішке айтылуында Қ.Жұбанов, Н.А.Баскаков, Ә.Жүнісбек сияқты ғалымдар фоно-логиялық мән жатқандығына баса назар аударады. Ендеше сөздің айтылу үлгісін сақтап, оның мағынасын ұғуда үндестік заңының тікелей қатысы бар.
Дауысты дыбыстармен қатар дауыссыз дыбыстардың да үндестік түрлерін тіл фактілерінен аңғаруға болады. Оның үсті-не эксперимент әдісінің нәтижелері үндестік белгілерінің арти-куляция-акустикалық сипатын айқын көрсетіп беріп отыр. Қазақ тілінде сөздің өн бойындағы үндесім бұзылса, онда сөздің мағы-насы өзгереді. Мысалы, жуан езулік үндестігімен айтылатын тыс сөзі жіңішке езулік үндесіммен айтылса тіс, жуан еріндік үндесіммен айтылса тұс, жіңішке еріндік үндесіммен айтылса түс болып кетеді. Егер сөздің құрамындағы бірлі-жарым дыбыс-тың үндесімі бұзылса, құлаққа жат акцентпен естіледі. Мұндай құбылыстар қазақ тілінде сөйлеген өзге ұлт өкілдерінің тілінде байқалады.
Қазақ тілінде І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, С.Татубаев, т.б. ғалымдардың үндестік заңы мен екпін бір-бірін толықтырып отырады деген пікірі де кездеседі. Ал кейінгі кезде Ә.Жүнісбек, Ж.Әбуов, М.Жүсіпов тәрізді ғалымдар үндестік пен екпін сияқ-ты екі сөз просодиясы бір тілдің дыбыс құрамында қатар кездесе алмайтындығын айтады. Олар үндестік заңы түркі тілдеріне ға-на тән құбылыс болса, екпін – үнді-еуропа тілдеріне ғана тән құбылыс деп есептейді. Мұндай тілдегі қызметі бір, ал көрінісі әр түрлі фонетикалық заңдылық бір тілдің құрамында болуы мүмкін емес деп дәлелдейді.
Үндестік заңы қазақ тілінің іргелі заңдылығы болғандық-тан, оның ықпалы тілдегі дыбыстардың айтылым артикуляция-сы мен естілімдік акустикасында күшті болады.
Фонетиканы жақсы меңгеру арқылы қазақ тілінің үндестік заңын аңғаруға, айқындауға болады. Мәселен, қазіргі қазақ ті-лінде түбір мен қосымшаның немесе сөз бен сөздің арасында қ,к,п дыбыстарының дауыстылармен қатар тұру мүмкіндіктері жоқ деуге болады. Ал морфемалардың құрамында бұлар қатар тұрып та, айтыла береді: апа, әке, ақыл, -еке (Асеке, Қалеке, басеке). Бұл – тарихи дамудың нәтижесі. Әсіресе, морфемалар-дың аралығында қатар келген дыбыстар, олар акустика-артику-ляциялық жағынан үнемі бір-біріне жуықтап, өзара үйлесіп, тұ-рады. Қазақ тілінде көбіне алдыңғы дыбыс өзінен кейінгі дыбысқа ықпал етіп, игереді. Мұны тіліміздегі қосымшалардың көпва-рианты болып келуінен көруге болады. Мәселен, бір ғана көптік жалғауы тоғыз вариантта ұшырайды. Оның аталуы (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер) орфонографиялық норма болып есептеледі де, қалған үшеуі айтуда ғана кездеседі. Олар: -лөр, -дөр, -төр. Бір жалғаудың бұлайша көп варианты болып келуі сөздің соңғы буынына және дыбысына байланысты болады да, тіліміздің та-рихи дамуының нәтижесі түрінде танылады. Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың өзара үйлесімі, яғни ті-лімізге тән негізгі үндестік заңдар төмендегідей:
1. Түбірдің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қо-сымшалар жуан буынды болады.
2. Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке буынды болады.
3. Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын қосымшалар ұяң не үндіден басталады.
4. Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан бас-талады.
5. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымша тек қа-таңнан басталады. Бұл заң әсіресе түбір мен оған жалғанатын жалғаудың арасында жақсы сақталады. Ал жұрнақтар туралы бұлай деу бір жақтылау болып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет