Комбинаторлық және спонтандық өзгерістер
Дыбыстар өзгеруінің тіл білімінде екі түрлі жолы бар: бі-ріншісі – комбинаторлық немесе игерулі өзгерістер,
екншісі – спонтандық немесе игерусіз өзгерістер.
Комбинаторлық немесе игерулі өзгерістер көршілес ды-быстардың біріне-бірі тигізген ықпалымен байланысты
болады. Ол белгілі бір дыбыстың екінші түрлі дыбысқа алмасуы арқылы, не сөз шенінде тыңнан жаңа бір дыбыстың пайда
болуы арқылы немесе сөздегі өзге дыбыстармен үйлесу арқылы көрініс береді. Мысалы: Ол қызметке кетті деген
сөйлемдегі қызметке деген сөздегі –ке қосымшасы өзінен бұрынғы тұрған буынмен үйлесіп тұр. Сол сияқты Бұл - Арманның
кітабы деген сөйлемдегі п ды-бысы ы дыбысының ықпалымен ұяңдап, б дыбысына айналып отыр. Мұндағы сөздің соңғы
дыбысы қосымшаның ықпалымен өзгеріп отыр. Сол сияқты дыбыс түсіп қалуына мысал келтірер болсақ, ерін – ерні, мұрын
– мұрны, көңіл – көңлі деген сөздер-дегі -ы, -і дыбыстарының түсіп қалуы өзі тектес дыбыстың сөз соңынан жалғасуына
байланысты. Дыбыс қосылуына мысал келтірер болсақ, өзге тілдерден ауысқан сөз бірнеше дауыссыз-дан басталса не
бірнеше дауыссызға аяқталса, ол дыбыстардың алдынан немесе артынан не ортасынан ы(і) дыбысы дәнекерле-неді.
Мысалы: станция – ыстанса, т.б. Демек, комбинаторлық өз-герістер бойынша бір дыбыс екінші дыбысқа тәуелді болып тұ-
рады, бір дыбыс екінші дыбысқа игеріліп тұрады. Сондықтан дыбыстардың бұл тәрізді өзгерістерін қазақша игерулі өзгеріс-
тер деп атауға болады.
Комбинаторлық (игерулі) өзгеріс сөз мағынасына әсер ет-пейді. өйткені дыбыстардың комбинаторлық варианттары
бел-гілі бір фонеманың, оның ішінде көбінесе қосымшалардың тек сыртқы фонетикалық құбылыстары ғана болып
табылады. Мысалы: адамдар, үйлер, кітаптар деген сөздердегі –дар, -лер, - тар көптік жалғауы фонетикалық тұрғыдан
27
құбылғандығы болмаса, үстейтін мағынасы көптік мағына ғана. Сондай-ақ кей-бір негізгі морфемаларда да осындай
фонетикалық параллель бола береді, атап айтсақ: Саламатсыз ба? – Сәлеметсіз бе?, сықылды – секілді, дейін – шейін, т.б.
Бұлардың да ішнара бір-бірінен мағыналық ерекшелігі жоқ. Келтірілге мысалдардан бай-қағанымыздай, дыбыстар үндесуі
де, оның ішінде ассимиляция мен сингармонизм де дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері-нің қатарына жатады екен.
Спонтандық немесе игерусіз өзгерістерде көршілес ды-быстардың бір-біріне тигізген ешқандай ықпалы көрініс
таппай-ды. Онда дыбыс өзгерісі сөздің барлық позициясында өзге ды-быстың ықпалына түспей, «өздігінен» құбылып
тұрады. Мыса-лы: шелек – челек. Осы жерде бірде ш, неді бірде ч айтылуы – спонтандық өзгеріс. Сондай-ақ жергілікті
говорларға сай Жүсіп – Түсіп – Нүсіп – Үсіп формасында айтылу да осы спонтандық өзгерістер қатарына жатады. Жалпы
алғанда игерусіз, спонтан-дық, просодикалық өзгерістер – мофема құрамындағы дыбыс-тардың басқа дыбыстың
ықпалынсыз өзгеріске еніп айтылуы. Игерусіз өзгерістер фонетикалық емес, грамматикалық дыбыс алмасудың бір түрі.
Игерусіз өзгерістер дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың сәйкестігі арқылы жасалады. Мысалы: ары- әрі, ана -
әне, залым – зәлім, аңырау – еңіреу, адырай – едірей – ажырай, шұңғыл – шүңгіл, балуан – палуан, сәмбе – шәмбе – сама-
шама, т.б. жұптарын ешқандай фонетикалық құ-былысқа сай түсіндіруге келмейді.
Тіл білімінде игерусіз өзгерістерді тарихи не дәстүрлі ды-быстық алмасулар деп атайды, себебі бұл тілдегі ұзақ
дамудың көрінісі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |