Фонетика жєне оныњ салалары



Pdf көрінісі
бет45/97
Дата16.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#25625
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   97
Байланысты:
Фонетика дарис.

                    

Буын және оған тән белгілер

                   Сөз айтылғанда тұтас, бірден айтылмайды. Сөздердің ай-тылуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің

ішінде   ауа   толқынына   негізделген   бірнеше   бөлшек   бола   береді.  Сөздегі   бір   дауыстының   немесе   дауысты   мен

дауыссыздың   бөлшек-теніп   айтылуын   буын  дейміз,   өйткені   ауа   сөздің   құрамындағы   дауыстыларды   айтқанда   еркін

шығады да, дауыссыздарды айт-қанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан фонациялықа ауамен тікелей

байланысты болады. Сондықтан сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қан-ша дауысты дыбыс болса,

сонша   буын   болады,   өйткені   тек   да-уысты   дыбыс   қана   буын   жасай   алады.   Дауыссыз   дыбыс   буын   жасай   алмайды,   ол

дауысты дыбыспен бірге буын құрамына кіреді. Мысалы: қа-ла, ө-нер, жас-тық, та-ма-ша,т.б

Буынға тән негізгі белгілер: 

1. буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болу керек және оның саны бір буында біреуден артық болмауы

тиіс;


2.   буында   мағына   болмайды.   Кейбір   сөздердің   әрбір   буы-ны   лексикалық   немесе   морфологиялық   мағынасы   бар

бөлшек-терге тура келіп қалады. Мысалы: ат-ты-лар-ға деген төрт буынды сөздің бірінші буыны – ат (түбір), екінші буыны

– ты – сын есім тудыратын жұрнақ, үшінші буыны – лар- көптік жалғау, төртінші буын – ға – септік жалғау;

3. қазақ тіліндегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буын-ды, немесе жіңішке буынды болып келеді. Қазақ тілінде

жуан және жіңішке буынды (аралас буынды) орыс және өзге тілдер-ден енген сөздер кездеседі;

4. қазақ тілінің байырғы сөздері, буындары екі дауыссыз-дан басталмайды;

5. тіліміздің байырғы сөздерінің соңында еліктеуіш сөз-дерден басқа екіден артық дауыссыз дыбыс келмейді. 

Қазақ тіліндегі буынның дыбыстық құрамы төмендегідей болып келеді: 

Бір   дыбысты,   екі   дыбысты,   үш   дыбысты,   төрт   дыбысты.   Ал   орыс   тілі   арқылы   енген   сөздерде   буын   бес,   алты

дыбысты   бола   береді.   Мысалы:  спорт,   пункт,   спектр,   спринт.  Дыбыс-талу  жағынан   қарағанда   сөйлеу  жік   –   жігімен

айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде кіші топтарға бөлшектенеді. Олар

сөйлеудің фонетика-лық единицалары ретінде қаралады: 1) фраза, 2)такт, 3) буын, 4) дыбыс немесе фонема. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет