Фонетика жєне оныњ салалары


Ессіз жүрек дария болып тасқандай



Pdf көрінісі
бет89/97
Дата16.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#25625
түріСабақ
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   97
Байланысты:
Фонетика дарис.

Ессіз жүрек дария болып тасқандай,

Күлкің, күнім, күндей күміс табаққа

Мінсіз сұлу меруертті шашқандай.  (М.Жұмабаев)

Ертеде Түркістанда Тұран дескен,

Тұранда ер түрігім туып өскен.,

Тұранның тағдыры бар толқымалы,

Басынан көп тамаша күндер кешкен. (М.Жұмабаев)

О, Муза, 

Тағдырыма иембісің?

Күрсініп көкірегім, күйеді ішім.

Мен сені жаңартам деп келгенім жоқ,

Сен мені жаралғансың сүйеу үшін.  (М.Мақатаев)

9. Буын, оның түрлері.

1. Буынға тән сипаттар.

2.  Буынның түрлері.

3.  Буынның дыбыстық құрамы.

4. Сөздердің буын құрамы.

52



Жаттығу. Мәтіндегі сөздерді буынға бөліп жазып, буын түрлерін ажыратыңыздар.

         Бір сапарында Құлтума мырза болып аты шыққан бір үйге келіп, әдетінше жайбарақаттанып,шешіне бастайды. Үй

иелері қазақ салты бойынша еш нәрсе дей алмай,мақұлдаған болады. Құлтума домбырасын алып,төрдің қақ алдында сүйеп

жатқанда, үйдің иесі тұрып: “Мына қара дөңбек басымызға шыға ма?”-десе керек. Сонда Құлтума домбырасын алып,

сүртіп, тиегін орнына қойып, бір айқайлап алып:

         Алдыма өңгергенім қара дөңбек,

         Дәулетіне сіздердің болдық еңбек.

        Жеті атаң Жетімберген мырза еді деп,

             Алдыңа ән шырқауға біз де келдік,-дей бергенде, арғы жа-ғын айтқызбай, бәйбіше тұрып,: “Е, бұл өзімнің немере

қайным екен ғой, оның домбырасы шаңырағыма шықса да көтеремін, самауырынды қой”,- деп бағанадан бері аузының суы

құрып, ән тыңдап тұрған қызына бұйырады. Үй иесі бәйбішенің сөзінен кейін қонақасының басқа жөнін қарастыруға

шығып кетеді. Құлтума шәйдің дайындалуын күтпей, түсінетін кісісі кездес-кенсін, әлгі сияқты дөкір еркекке жар болған

ақылды бәйбішеге риза болып, бастағы әннің әуенімен шырқай, жалғастырып кетеді:

        Дауысым ал дегенде бір саңқылдар,

        Жел болса қатпа түйе үйге аңқылдар.

       Жігіттің алған жары жақсы болса,

      Алдыңнан аққу ұшып, қаз қаңқылдар.

Бұл ән “Дөңбек” атанып кетеді.

                             

                              (А.Жұбанов.”Замана бұлбұлдары”кітабынан)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет