Фонетикалық жаттығулар



бет1/3
Дата31.12.2021
өлшемі57 Kb.
#21214
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
000642ea-cfb04cf4

    Бұл бет үшін навигация:
  • Жерді

Фонетикалық жаттығулар

№ 1. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қой, көшіріп жаз.
 
Қаза...станның оңтүстіг...нде Отырар деген қала болған. Оны Шы...ғыс хан басып алғыс... келеді. Қала тұрғ...ндары Отырарды ерл...кпен қор...айды. Отырарды қорғауш...лардың ерліг...н хал...қ ешқашан ұм...тпайды.
 
Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.
 
№ 2. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қой, көшіріп жаз.
 
Б...з к...ршілерімізбен тату-тəтті тұрам...з. Көршілер...міз
– жақсы к...сілер. Олар бізге ...немі көмектеседі. Мен күнде аулада көрші балалармен ойна...мын. Мен...ң ор...с, қаза..., татар, ...йғыр көршілер...м бар.
 
№ 3. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қой, көшіріп жаз.
 
Мақта жазда гүлде...ді. Күзде мақтаның қауашақтары жарылады. Одан үлпілдеген ақ мақта көрін...ді. Мақтаның ашылмаған қауашағын қоза де...ді. Мақтадан көп нəрсе жасал...ды. Одан жіп иіріл...ді. Жіптен мата тоқыл...ды. Матаның шитінен май шығ...ды.
Мақта өте бағалы болғандықтан оны «Ақ алтын» деп те ата...ды.
 
Етістіктердің жасалу жолын көрсет.
 
№ 4. Көп нүктенің орнына д, т әріптерінің тиістісін қой, көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 
1. Жаңа ...əуір жастары өсіп келеді. Мен науқасымнан ...əуір болдым. 2. Сынып бөлмесі адамға ...олы екен. Оның көршісі - ...олы кісі. 3. Бұл поезд ...ақ күндері жүреді. Менің ақ көйлегіме ...ақ түсіпті. 4. Ғани мен Талғат екеуі мектептен ...ос. Сен əжеңді ...ос.
 
№ 5. Берілген сөздерді буынға бөл, буын түрін анықта.
 
Осы сөздермен сөз тіркестерін құра.
 
Қалам, сызғыш, ұштағыш, желім, өшіргіш, күнделік.
 
№ 6. Жуан түбірлі сөздерді теріп жаз.
 
Мектеп, оқушы, ұстаз, мұғалім, шəкірт, бала, қыз, үлгілі, тəртіпті, дарынды, сауатты.
 


№ 7. Сөз тіркестерін көшіріп жаз, дауысты дыбыстардың астын сыз.
 
Үлгілі оқушы, жақсы бала, білімді ұстаз, мəдениетті адам, əдемі қыз, талапты шəкірт, сауатты əже.
 
№ 8. Жіңішке түбірлі сөздерді теріп жаз.
 
Отан, ел, мемлекет, тəуелсіз, астана, əдемі, сұлу, халқы, ұлты, қорғайды, сүйеді.
 
№ 9. Жіңішке дауысты дыбыстарды бір, жуан дауысты дыбыстарды екі сызықпен сыз.
 
Күз түсті. Айнала сап-сары алтындай. Астық тиеген машиналар тізіліп келеді. Алтын дəн – ел ырысы.
 
№ 10. Берілген сөздерді буынға бөліп жаз.
 
Кітапхана, мектепте, сыныпта, тақтада, бормен, терезенің, есіктің, оқушының, мұғалімнің, балаға, қыздарда.
 
№ 11. Берілген мəтіннен жуан түбірлі сөздерді бір бағанға, жіңішке түбірлі сөздерді екінші бағанға көшіріп жаз.
 
Қарағанды жұртшылығы қонақтарды құрметпен қарсы алды. Абайлар кеш бата ауылға жетті. Ғарышқа ұшырылған ғарышкерлер жерге аман-есен оралды. Қазақстан бір миллиард 250 мың пұт астық тапсырды. Бүгін – құрылысшылар күні.
 
№ 12. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қойып, көшіріп жаз.
 
Қа...ты жел тұрды. Тең...здің толқыны к...шейді. Асп...нды қара б...лт қор...ады. Бір кезде с...л қ...йып ж...берді. Біз қайы...ты жағаға т...стай бердік. Панала...ға жер іздед...к. Ол күні жа...ын ашылмады. Балы... аула...ға шыға алма...ық.
 
№ 13. Мəтінді оқы, мұнда не туралы айтылған? Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 
Панама, Колумбия елдерінде «таупа» деп аталатын пальма ағашы өседі. Жаңғақтарының салмағы 10 килограмға жететін бұл ағаш100 жыл жасайды екен. Жаңғақтың ішінде 6-10 дəннен тұратын бірнеше қауашақтары бар. Қаттылығы піл сүйегімен теңдес. Осы дəндерден түймелер, моншақтар жасалынады.
 


№ 14. Үндестік заңына бағынбайтын сөздерді теріп жаз.
 
Талапты, қолөнер, көпшіл, қаламгер, атамдікі, өнерлі, ағар­тушы, күрекпен, кемпірқосақ, ғарышкер, шыдамды, əжелер, айлакер, терезе.
 
№ 15. Əр топтан артық сөзді тап.
 
1. Ата, аға, қалам, құлын, əке, оқу.
2. Құттықтау, немере, шеше, мақала, таза, тамаша.
3. Мұғалім, шілдехана, қазақ, кітап, жаман, қалам.
 
№ 16. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қой, көшіріп жаз.
 
1. Ш...кірттер өс...п қанат қақты. 2. Б...з тапсырманы орындадық. 3. Қысқа дайындық жақсы ж...ріп жатыр. 4. С...зім – шекер, тіл...м – бал. 5. Жанат газетті үзбей оқ...ды. 6. Б...лекті б...рді жығады, б...лімді мыңды жығады. 7. Ол Қанат пен Н...рбибінің үй...н нұсқады.
 
№ 17. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 
1.Жерді трактормен жыртады. 2. Егінді комбайнмен жинайды. 3. Бригада жұмысқа қызу кірісіп кетті. 4. Мен одан сөзді тоқтатуды талап еттім. 5.Ұжым тамаша табыстарға жетіп келді. 6. Ұстаздан шəкірт озар. 7. Жиналыста оқу-тəрбие жұмысын жақсарту туралы сөз болды. 8. Өзі қазақ тілінде судай сөйлейді. 9. Жəнібектің мұрны да, көзі де, бет-бейнесі де, басы да атасына тартқан.
 
№ 18. Мына мақал-мəтелдерде берілген сөздерді буынға бөліп, буынның түрін ажырат.
 
1. Су – диханның қаны, жер – диханның жаны. 2. Еңбек – ердің сəні. 3. Еңбек түбі – береке. 4. Халықтың ортақ үйі – Отан. 5. Бірлік – бұзылмас қамал. 6. Білім – таусылмас бұлақ, өнер – өмірлік мұрат. 7. Өнерлі өрге жүзеді. 8. Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер. 9. Ер дəулеті – еңбек. 10. Ырыс алды – ынтымақ.
 
№ 19. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жаз. Мəтінді аудар. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет