Фонетиканың өзекті мәселесі тілдегі дыбыстардың са- нын, сапасын анықтау және сол дыбыстарға қатысты түрлі заңдардың басын ашу. Бұл салада қазақ тілінде де аз жұмыс істелген жоқ
Фонетиканың өзекті мәселесі -- тілдегі дыбыстардың са- нын, сапасын анықтау және сол дыбыстарға қатысты түрлі заңдардың басын ашу. Бұл салада қазақ тілінде де аз жұмыс істелген жоқ. Әсіресе дауысты дыбыстар зерттелуден кенде емес. Қайта қазақ тілі фонетикасы жайындағы негізгі зерттеу- лер мен монография, мақалалар тұтастай дауыстыларға арнал- ған деуге болады. Оның үстіне мектеп, орта арнаулы, жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен тілдің әр түрлі сала- сына (тарихына, диалектологиясына т. б.) байланысты зерт- теулер де дауыстыларға соқпай кете алмайтыны белгілі. Бұлай болатыны, тіліміздегі дауыстылар немесе вокализмдер (лат. bokalis - дауысты)- «сөздің жаны»1, немесе «сөздің жанды тамыры»2. Сөйте тұра, қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардыңсаны, сапасы жөнінде әлі күнге бірізділік болмай келеді. Мұ- ның өзі тіліміздің дыбыстық құрылымын, буын құрамын тұм- шалап, ол жөнінде шалағай, тіпті кереғар ұғымның қалыпта- суына жағдай жасап отыр. Бұдан тіліміздің фонетикалық құ- рылымын, болмысын шынайы түрде жете түсіну үшін дауыс- тылардың санын, сапасын барынша байыптап, айқындап, зер- делеп алу қажеттігі туады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, оның ішінде дауысты ды- быстары жөнінде алғаш пікір айтқандар орыс ориенталистері (лат. ozientalis - шығыстық) болды. Атап айтқанда, Н. И. Иль- минский, В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, И. Лаптев, Н. Со- зонтов т. б. Олар қазақ тіліндегі дауыстыларды тап басып, дәл анықтай алған жоқ. Қайсібірі а мен ә-ні, е мен і-ні ажыра- та алмай, енді біреулері й мен у-дауыссыздарын көрші дауыс- тылармен біріктіріп әуре болды. Тіпті беріде, 1927 жылы «Қа- зақ тілі грамматикасын» (орыс тілінде, әрине) жазған Г. В. Ар- хангельский негізінен А. Байтұрсыновты қайталаумен қана- ғаттанды. Мұны ол өзі де жасырмайды. Кітапты 1924-1925 жылдары Қ. Кемеңгеров оқыған лекциялардың негізінде жаз- ғанын және мұны А. Байтұрсыновтың мақұлдағанын айтады. Қазақ тіл білімінің, соның ішінде фонетикасының да негі- зін қалаған А. Байтұрсынов өзінің 1912 жылы «Айқап» жур- налында жариялаған «Жазу тәртібі» деп аталатын алғашқы мақаласында: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі да- уысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты. Дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы, е»,- деп анықтаса, осы пікірін кейінгі оқулықтарында, 1927 жылы жазған «Дыбыстарды жіктеу ту- ралы» деген мақаласында қайталайды. Бұдан А. Байтұрсынов жіңішке дауыстыларды ескермеген деген ұғым тумауға тиіс. Ол: «дауысты дыбыстар а, о, ұ, ы осы тұрған күйінде жуан айтылады»,- дейді де, сөздің алдында дәйекше (арнайы белгі) тұрса, «сөздің ішіндегі дауысты ды- быстарды жіңішке айтамыз»,- дейді. Яғни төрт жуан дауыс- тының төрт жіңішке сыңары болатынын әсте ұмытпаған. Ал бес дауысты, бес әріп сол кездегі араб графикасының мүмкін- дігіне негізделген. Қысқасы, А. Байтұрсынов өзі атап айтпаса да, оның жаз- ғандарынан қазақ тілінің дыбыстық жүйесінде сол кезде 9 да-уысты дыбыс болғанына анық көзіміз жетеді. Олар: а, ә, е, о, ө, ү, ү, ы, і. Осы дыбыстар орыс зерттеушілерінде де жүр. Бұл дыбыстар араб жазуынан латын жазуына көшкен соң (1929) ғана бас-басына таңбаға (әріпке) ие болды 2. Олар іш- тей жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік түрде жіктеліп бір жөнге түсті. Бұлар осы қалпында кейінгі зерттеулер мен оқулықтардың бәрінде де жүр. Еуропа, шығыс тілдерін жақсы білетін белгілі лингвист- Қ. Жұбанов 1935 жылы «Қосар ма, дара ма?» деген мақала жазып, сөз ішінде ұу, үу, ый, ій түрінде келетін дыбыстар тір- кесіне айрықша көңіл аударды. Оның «Қазақ тілі грамматика- сында» (1936) бұлар қосынды дауыстылар қатарына енді. Мұ- ның өзі көп ұзамай қабылданатын и, у әріптеріне жол ашты. 30-жылдардың екінші жартысында Коммунистік партия- ның сұрқия саясаты жан түршіктірер зобалаңға жалғасқаны белгілі. Осыдан соң қазақ оқығандарының партияға, орыс ті- ліне деген «ықылас -- ниеті» түзелмеске шарасы жоқ еді. Мұның өзі әліппені (алфавитті) жетілдіруді, орыс сөзде- рін қабылдауға икемді етуді керек етті. 1938-жылдың басында Қазақстан Орталық Атқару Коми- теті мен Халық Комиссарлар Советі «Қазақ тілінің әліппесі мен емлесіне кейбір өзгерістер енгізу туралы» қаулы қабыл- дады. Ол бойынша алдымен жазудың принципі өзгерді. Осыған дейін қолданылып келген бірден-бір фонетикалық принциптің орнына орыс тілінің морфологиялық принципі басшылыққа алынатын болды. Тыңнан х, ф, в таңбалары енгізілді. Сөйтіп дауыстылар саны 11-ге (а, ә, е, о, ұ, ү, ы, і, и, у) дауыссыздар саны 21-ге жеткізілді. Бұл орыс жазуын, орыс тілін құшақ жая қарсы алуға жа- салған дайындық еді. Осыдан көп ұзамай-ақ қосынды дыбыс- тарды таңбалауға алынған и, у әріптері дауысты дыбыстар бо- лып шыға келді. Бұлар - қазақ топырағында орыс тілінің ме- рейін үстем етіп, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жарты ға- сырдың ішінде жартыкеш еткен жебір дыбыстар. Бұл аз болғандай, 1940-жылдың күзінде орыс жазуына көшіп, орыс әріптерін төкпей-шашпай, соламайымен (тұтас) қабылдап алдық. Содан былай қазақ тіліндегі дауыстылардың саны сан құбылып, тұрақтамай келеді. 1941-жылы ақпан, наурыз айларында «Социалистік Қа- зақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде С. Аманжолов: «Жаңа алфавиттің принциптері», «Жаңа алфавитті үйренуші- лерге көмек» деген атпен бірнеше мақала жазып, қазақ тілін- дегі дауыстылардың санын 14-ке жеткізді. Алдыңғы 11-дің үс-тіне енді, э, ю, я әріптерін қосып, оларды жуан-жіңішке, ашық- қысаң деп бөліп тастады. Осы жылы М. Балақаевтың үлкендер мектебіне арналған «Қазақ тілінің грамматикасы» 3-рет өңделіп басылды. Мұнда дауыстылардың саны - 13 (а, о, ү, ү, і, э (е), у, и және я, ю (14-б.). 1944 жылы Ғ. Бегалиев пен Н. Сауранбаевтың педучили- ще оқушылары мен бастауыш мектептерінің мұғалімдеріне ар- налған оқу құралы - «Қазақ тілінің грамматикасы» жарық көрді. Бұлар дауыстылардың санын 12-ге түсірді, бұрынғы 11-ге қосқаны тек - э. Педагогикалық училищелерге арналған «Қазақ тілі» оқу құралында да (1953) Н. Сауранбаев дауыстыларды осы қал- пында қалдырды. 1954 жылы «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен көлемді ең- бек дүниеге келді. Бұл қазақ тілі жөніндегі ғасырға жуық зерттеулердің қорытындысы, жеткен биігі іспетті. Мұның 80 беттік фонетика тарауы акад. С. Кеңесбаевтың қолынан шық- қан және мұның өзі күні бүгінге дейін бірден-бір оқулық бо- лып келе жатқаны кіріспеде айтылды. Мұнда дауыстылардың саны - 11. Тоғызы монофтонг, екеуі (и, у) дифтонг. Бұдан соң дауыстылар төңірегіндегі дау-дамай саябырлап, бір ізге түскен- дей болды. Белгілі тіл маманы К. Аханов та өзінің «Тіл біліміне кі- ріспе» (1973) атты әйгілі оқулықтарында қазақ тілінде он бір дауысты дыбыс барын қуаттайды. Қазақ тіліндегі дауыстыларды экспериментті - фонетика- лық жолмен мұқият зерттеп, 170 беттік еңбек жазған (1970) Ж. Аралбаев та осы он бір дауыстыны қуаттап, дәлелдеген болды. Осы 11 дауыстыны қайталаушылардың бәрін тізіп жат- паймыз. C. Кеңесбаев бастап, К. Аханов қостап, Ж. Аралбаев да- мытқан жаңалық қазақ тіліндегі дифтонг (и, у) дыбыстар ту- ралы теория деуге болады. Үшеуі де бұған жеке тақырып ар- нап, еуропалық ілімге орайластырып, и, у әріптерін қазақ тілі- нің төл дыбыстарына жатқызды. Қысқасы, қырқыншы жылдардан күні бүгінге дейін қазақ тіліндегі дауыстылар жөнінде пікір айтушылардың дені осы екі (и, у) әріпті 1938 жылы ый, ій (ұй, үй - бұлар алда ай- тылады), үу, үу сияқты дыбыстардың түйдегін (қосындысын) белгілеу үшін алынған шартты таңбалар екенін әсте ескергісі келмейтіні таңдандырады. Мұны орыс тілінің «игі ықпалы» деп түсіну керек болады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесіншырмауықша орап алған «игі ықпал» бұл екеуімен қанағат- танбайды. Қазақ тілі фонетикасының бас оқулығын «игі ық- палмен» толықтыру жүріп жатты. 1960 жылы Ғ. Әбуханов педучилищеге арнап «Қазақ тілі» оқулығын шығарды. Бірнеше рет қайта басылған осы оқулық- та: «Қазіргі кезде қазақ тілінің дыбыс жүйесінде қолданыла- тын дауысты дыбыстар саны 12» (1982, 3-басылуы, 36-б.) бо- лып, баяғы Н. Сауранбаевтағы ә әрпін қайта қатарға қосады. Осы он екі дыбысты мектеп оқулықтарынан да кездестіруге болады (Ысқақов А., Аханов К. Қазақ тілі. 4-класқа арналған. 11-басылымы. Алматы, 1979, 34-б.). 1973 жылы А. Исабаев «Қазақ тілі дыбыс жүйесі методи- касының негіздері» деп аталатын 180 беттік еңбегін жарияла- ды. «Дыбыстарды айтамыз және естиміз, әріптерді көреміз жә- не жазамыз» дейтін қағиданы қайталап келеді де, С. Аманжо- лов айтатын 14 дауыстыны 15-ке жеткізеді. «Бастауыш мектеп оқушыларына дауысты дыбыстарды танытудан бұрын мұғалім класс тақтасының ортасына осы тақырыпты жазады, сол жа- ғына мына таблицаны іліп қояды»,- дейді. Таблицада әр «ды- бысқа» бір мысал келтіреді және сөйлем ішінде қолданады. Қазақтың байырғы тоғыз дауыстысына қосқандары: ё (само- лёт), и (киім), у (тау), э (электр), ю (аю), я (қоян)» (97-б.). Бір қызығы ,тау сөзінің құрамындағы у дыбысын дауысты деп таниды. Мұны оқулық, зерттеулердің баршасы бір ауыздан да- уыссыз дейтіні белгілі. Осыдан-ақ қазақ тілінің дыбыстық жү- йесінің жүйкесі қаншалықты жұқарғанын аңғару қиын емес. 15 дауыстының тарихы осымен аяқталса ғой. 1979 жылы Бектұров Ш., Серғалиев М. өздерінің 190 беттік «Қазақ тілі» кітабын ұсынды. Кітаптың оныншы бетінен мынандай жолдар- ды оқимыз: «Қазіргі қазақ тілінде 9 жалаң дауысты а, ә, е, о, ө, ү, ү, ы, і және екі қосынды и, у дауысты дыбыстары (осы- лай жазылған - М. С.) бар. Орыс тілінен э, ё, ю, я дауысты- лары енген. Сонда, не бары қазақ тілінде 15 дауысты дыбыс болады» (10-б.) деген сөздің мәнін түсіндіру артық болар. Бұл кітап араға 15 жыл салып, жаңарып (лексикамен толықтыры- лып) қайта жарық көрді. Онда: «Қазақ тілінде 9 жалаң (мо- нофтонг) дауысты а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і және екі дифтонг и, у дауысты дыбысы бар. Сонда қазақ тілінің дауыстылары 11. Орыс тілінен енген э, ё, ю, я дауыстыларын қосқанда, небары 15 дауысты болады»,- делінген (24-б.). Аздап ғылыми термин (монофтонг, дифтонг) қолданып, не бары дегенді бірікітіріп жазғаны болмаса, баяғы тұжырымнан қайту жоқ. Мұны оқы-ғанда орыс тілінде қанша дауысты болды екен?- демеске ша- ра жоқ. Осындай түсінік-таным бастауыштан басталса, өкінішті- ақ. Мәселен, Р. Әміров, А. Бәкірова жазған 1-кластың «Қазақ тілі оқулығы» (1986, 11-б.) 15 дауыстыдан басталады. Бұл 16-басылуы дегеніне қарағанда, сол А. Исабаевтың алдына шы- ғып кетсе керек және бұл әрі қарай жалғаса береді. 3-класқа арналған «Қазақ тілі» де (1982, 12-басылуы) э (8-б.), ё (12-б.) «дауысты дыбыс» дегеннен басталады. 4 - класс оқулығы (1989) оны и, у, я ю дыбыстарымен жалғастырады. Тіпті бұл шетелдерде тұратын қазақтарға да етене таныс болуға тиіс. Өйткені мектеп оқулықтарын місе тұтпай, 1984 жылы Құлма- ғамбетова М., Мұқашев С. шетелде тұратын отандастарымызға арнап арнайы «Қазақ тілі» оқулығын жазды. Кітаптың 6-беті 15 дауыстыны жариялайды. Бұл күнде белгілі фонетист ғалым Ә. Жүнісбеков қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды 60-жылдардың орта тұсынан бе- рі зерттеу үстінде. 1969 жылы кандидаттық, 1988 жылы док- торлық диссертация қорғады, бірнеше монография авторы. Қа- зақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар жөніндегі қо- рытынды тұжырымы 1991 жылы жарық көрген «Строй казах- ского языка. Фонетика» деген еңбекте қысқа да нұсқа айтыл- ған. Ол 30 жыл бойы қазақ тілінде 9 дауысты бар деуден жаңылған да, жалыққан да емес 1. Бұған біз де имандай сене- міз және оны жазып, студенттерге жеткізуге тырысудамыз 2. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғылым, білімімізді сараптап, саралап, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарсақ керек еді. Бұл тілге ауадай қажет. Амал не, баяғы 11 дауыстымен док- торлық қорғатып 3, 12 дауыстымен оқулықтар шығарып жа- тырмыз4 (орыстарға арналған оқулықтарға ойымызды бөлгі- міз жоқ). Қазақ тілінің байырғы сөздерінің құрамында тоғыз (а, ә, о, ө, е, ү, ү, ы, і) дауысты дыбыс бар. Мұны ешкім де жоққашығара алмайды. Бұл қырқыншы жылдарға дейінгі тіліміздің дыбыстық жүйесіне сәйкес келеді. Алайда қазіргі қалпын та- ныта алмайды. Бүгінде тіліміздің сөздік құрамы күрт дамыды. «Қазақ ті- лінің орфографиялық сөздігіне» (1978) енген сөздердің 20 про- центке жуығы орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген ха- лықаралық сөздер. Оларды біз орыс тіліндегідей жазып, айтып жүрміз. Бұл сөздерді айтуда біздің әлгі тоғыз дауыстымыз кейде әжетке жарағанымен, көбіне дәрменсіз болып қалары аян. Олай болса, қазіргі қазақ тіліндегі дауыстылар туралы айтқанда, осы тоғызбен шектелуге әсте болмайды. Қазіргі тілімізде он бір, он екі дауысты бар деушілер шын- дыққа жақын тұр. Бұлардың біріншісіне екіншісінің қосқа- ны -- тек э дыбысы. Қалған жағдайда іштей жіктеу, сипаттауға келгенде бір-бірімен үндесіп жатады. Екі топқа да тән үлкен жаңсақтық - қазақтың байырғы сөздерінің құрамында и, у (мысалы: бу, су, ки, қи т. б.) дауысты дыбыстары кездеседі деп қарауы. Бір қызығы, зерттеушілер мен оқулық авторларының көбісі бұл екі әріптің әрқайсысы екі дыбыстың ұу, ыу, іу, ый, ій қосындысы екенін біле отырып дауыстыға жатқызып жүр. Жатқызып қана қоймай, оларды (и, у әріптерін) дифтонг, диф- тонгоид деп дәлелдеуге тырысады. Мұндай дауыстылар бар десек, басқаны айтпағанда, тілі- міздің екі үлкен заңының түп-тамырына балта шапқан болар едік. Біріншіден, сөздердің құрамында екі дауысты қатар тұра беретін болады: суы, буын, келуі, миы, тиын, тиін. Екіншіден, сөз ішінде буын дауыстыдан басталып (бару-ым, келу-ін, оқи- ын, су-ық) және дауысты жеке буын құрайтын (су-ы, бару-ы, келу-і, қи-ы) болады. Мұның бәрі де тіліміздің табиғатына қайшы екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. (И, у байырғы сөздеріміздің құрамында дыбыс бола алмайтыны алда әлдене- ше айтылады). Ал қазақ тілінде 15 дауысты бар дейтін пікір тіпті де сын көтермейді. Бұл дыбыс пен әріпті шатастырудың нәтижесі ғана. Қысқасы, қазіргі қазақ тіліндегі дауыстылардың саны, са- пасы дейтін мәселеге қолда бар оқулықтар мен зерттеулердің бірде-біреуі толық жауап бере алмаса керек. Сондықтан алды- мен тіліміздегі дауыстыларды сан жағынан айқындап алу ке- рек болады. Біріншіден, қазақ тілінің байырғы сөздерінің құрамында тоғыз дауысты дыбыс бар екені рас. Екіншіден, орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген сөз-дердің дыбыстық құрамын ескеру қажет. Ескеріп қана қоймай, олардың табиғатын терең тануға мәжбүрміз. Қазіргі орыс тілінің дауыссыздарына үйрендік. Тіпті ба- йырғы сөздеріміздің өзін в, ф, х дыбыстарымен (орфоэпиялық сөздіктерді қараңыз) айтамыз деушілер де бар. Ал орыс тілінің дауыстыларын танып, игеруде онша бір- ауыздылық жоқ. Дауыстыларымыздың санындағы ала-құла- лықтың өзі алдымен осымен байланысты. Егер саусақпен санар- лық сөздердің құрамында (қаһар, гауһар, жаһан) ұшырайтын өз алдына дербес дыбыс деп танитын болсақ, тіліміздегі мың- даған сөздердің құрамында кездесетін орыс тілі дауыстылары- ның әрқайсысы өз құжаттарын алуға тиіс. Сондықтан да қа- зіргі қазақ тілінің дыбыс жүйесі сөз болған кезде оларға да ла- йықты орын берілуі қажет. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала: «Дауысты ды- быстар мыналар: а, ә, е, ё, и, о, ө, ұ, ү, ы, і, э, ю, я. Бұлардың ішінде орыс тілінен енген дауысты дыбыстар мыналар: ё, э, ю, я деуге мәжбүр. Сонда орыс тілінде қанша дауысты фонема болғаны? Орыс тілінің академиялық грамматикасының айтуынша, негізгі дауысты фонемалар: и, у, е, о, а1. Рас, бірсыпыра оқу- лық, зерттеулерде бұларға ы дыбысын да қосады 2. Әлгі аталған грамматикада мұның өз алдына фонема бола алмайтындығы, тек и фонемасының бір (жуан) түрі ғана екені айтылған 3. Орыс тіліндегі дауыстылар сан жағынан аз болғанмен, са- па жағынан аса күрделі. Қазақ тілінің байырғы дауыстылары- нан ерекшелігі - олардың дауыссыз дыбыстарға тәуелді бо- лып, солардың жетегінде кететіндігі, бір дауыстының бірнеше сапаға ие болатындығы. Мәселен, бір ғана а фонемасы екпін- нің түсуіне, екпінді буыннан ара қашықтығына, дауыссыздар- дың жуан және жіңішке түрлерімен қатар тұруына қарай он шақты түрлі сапаға ие болады. Егер орыс тілі арқылы енген сөздердің айтылуын дұрыс меңгереміз десек, дауыстылардың осы қасиетін танып, білуіміз керек-ақ. Орыс тіліндегі екпін түсіп тұрған а, о, э дыбыстарының қазақ тіліндегі а, о, е дыбыстарына азды-көпті ұқсастығы бар, сондықтан да оларды қосып қарауға болады десек, ал и, у ды- быстарының табиғаты мүлде бөлек, оларды орыс тіліне ғана тән дауыстылар деп білген жөн. И - қысаң, езулік монофтонг (гр. моно - бір, жеке, жал- ғыз). Ол тек жіңішке айтылады. Қазіргі кезде жастардың (әсі- ресе мектеп оқушыларының) байырғы сөздерімізде кездесетін и әрпін орынсыз жіңішке айту тенденциясы байқалып жүр: мійіміз ашійді, жіина, қійна, қійын, қійсық, бійіл, сійа, сійақ- ты т. б. Бұл өзі орыс тіліндегі и-дің әсері. Қазақ тілінде ол ій-ге жуық (мыс., ійністійтут) айтылатын сияқты болғанмен, дұрысы, оның өз қалпын сақтауға тырысқан жөн. У дыбысы да қысаң монофтонг, бірақ еріндік, жуан. Мұ- ны меңгеру қиындық келтірмейді. Қазақ тілінде ол ұу-ға жуықтайды. Орыс тілінде қазақ тіліндегідей е дыбысы және осыған жуық дыбысталатын э бар. Ерекшелігі е-нің алдынан әнтек й (йе) айтылады, э-де ол жоқ. Оның үстіне э аздап ашықтау, жуандау (ә-ге жуық). Бірақ оларда бас-басына фонемалық (сөз мағынасын ажырататын) қасиет жоқ. Сондықтан да бір- ақ фонема деп танылады. Қазіргі кезде ерін үндестігіне мән бермеудің салдарынан екінші буында ө айтылатын жерде э дыбысының қалыптасып келе жатқанын аңғару қиын емес. Бұл - әсіресе жастардың тілінде көбірек байқалатын құбылыс. Мысалы: өлэң, өзэн, өнэр, үлкэн, бөлэк, түлэк, күрэк т. б. Бұлай болатыны, еріндік буын- нан кейін езулік, қысаң е дыбысын анық айту өте қиын. Ал э өзінің жартылай ашықтығының арқасында айтуды жеңілде- теді. Орыс тілінде ы фонема ретінде толық танылып болған жоқ дедік. Оны и-дің жуан түрі ғана деп қарау бар. Екінші- ден, орфографиялық сөздікте музыка, монастырь, цыган деген сияқты бірер сөз ғана кездеседі.Үшіншіден, қазақ тіліндегі ы және й дыбыстары бірігіп (ый) осы ы-ға жуық дыбысталады. Салыстырыңыз: мы (біз) - мый (жазылуы ми), ты (сен)- тый. Сонымен қазіргі қазақ тілінде он бір дауысты фонема бар. Олар дыбыстау мүшелерінің қызметіне қарай іштей үш топқа жіктеледі. 1. Тілдің қатысына қарай: a) Жуан (гуттураль) дауыстылар: а, о, ұ, ы, у; ә) Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә, ө, ү, і, е. у, и. Жуан дауыстыларды айтқапда, жіңішкелермен салыстыр- ғанда, тіл сәл артқа қарай тартылады (ортасы көтеріліңкірей- ді), жіңішкелерді айтқанда тіл сәл ілгері жылжиды. Бұған көз жеткізу үшін дауыстылардың жуан және жіңішке сыңар- ларын (а//ә, о//ө, ұ//ү, ы//i) қатар айтып көруге болады. Да-уыстылардың бұлайша (тіл қатысына) жіктелуін дұрыс біл- мейінше, тіліміздегі ең күшті фонетикалық заң - сингармо- низмді (оның ішінде тіл үндестігін) түсіну мүмкін емес. Тілі- міздегі сөздердің бірыңғай жуан, не жіңішке буынды болып келуі тілдің қалпымен байланысты. 2. Еріннің қатысына қарай: a) Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ү, ү, у; ә) Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и. Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тар- тылып, езу жиырылады. Еріндік дауыстылардың да тіліміздің байырғы заңы сингармонизмді (оның ішінде ерін үндестігін) танып білуде мәні зор. Көрші буындардың бірыңғай жуан не жіңішке, еріндік не езулік болып келуі (яғни сингармонизм заңы) тіл мен еріннің неғұрлым үнемді қызметіне негізделген. 3. Жақтың қатысына қарай: a) ашық дауыстылар: а, ә; ә) жартылай ашық дауыстылар: 0, ө, е; б) қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у. Ашық дауыстыларды айтқанда астыңғы жақ (үстіңгі жақ қозғалмайды) барынша төмен түседі де, қысаңдарды айтқанда бір-біріне жуықтай түседі. Алайда ауаның еркін шығуына ке- дергі жасамайды. Ал жартылай ашықтар осы екеуінің аралы- ғында айтылады. Дауыстылардың жақтың қатысына қарай жіктелуін тілдің тік (вертикаль) бағытта қозғалуы түрінде де тануға болады. Өйткені тіл жақтың қалпына қарай жоғары, төмен қозғалаты- нын аңғару қиын емес. Орыс тілінде дауыстылар тілдің көлбеу (по горизонтали) және тік (по вертикали) бағытта қозғалуы- на қарай жіктеледі. Қазақ тілінде, сондай-ақ барлық түркі тілдерінде осы уа- қытқа дейін дауыстыларды ашықтар (а, ә, о, ө, е) және қысаң- дар деп екіге бөліп келді, біздің оқулықтарымызда әлі де осы- лай. А, ә фонемаларының ашықтығы еш күмән тудырмайды. Ал о, ө, е дауыстыларын солардың қатарында қарау ойлануды керек етеді. Орыс тілінде о және е фонемалары жартылай ашыққа жа- тады және олардың алдынан әнтек у, и дауыстылары қосам- жарланып, о, "е түрде айтылады делінеді. Қазақ тіліндегі о, ө, е дауыстыларын Ә. Жүнісбеков ашық-қа да, қысаңға да қоспай, өз алдына дифтонг (лат. қос дыбыс) дыбыстар деп бөліп қарайды. 1980 жылғы кітабында е=й+і (йі), о=у+ұ (уү), ө=у+ +ү (уү) деп, әнтек айтылатын, й, у дыбыстарының күші 40% болатынын эксперимент жолымен дәлелдейді (17-21 бет). Кейінгі (1991) еңбекте де, е, о, ө дифтонгтар делініп, олар- дың бірінші сыңары үнді й, у, екінші сыңары жалаң қысаңдар ы, і, ұ, ү екені нақты анықталған (тек ы әрпі қате жазылған) (10-24-бет). Қазақ тілінде сөздер й, у үнділерінен басталмайтыны бел- гілі. Сөйте тұрып, олардың е, о, ө дауыстыларының алдынан әнтек қана селбесіп келетіні қалай? Орыс тілінде ғой олар (и, y) дауысты. Біздіңше, е, о, ө-нің алдынан селбесетін й, у емес ("ел, "ер, Уол, он, Уөрт, Уөн), ій, үу, үу ("ел, 10ер, УУол, УУөн, Уөрт, Рөн). Егер мұны объективті шындық деп танысақ, онда бұл (о, е, е) дауыстыларды ашықтан гөрі қысаң деп қараған жөн бо- ларАлайда бұлардың нағыз қысаңдардан (ұ, ү, ы, і) өзгеше- леу өзіндік ерекшеліктерін де ескеру керек. Атап айтқанда: 1. Кейбір екі буынды сөздердің екінші буынындағы (да- уыссыздар қоршауында тұрған) қысаңдар дауыстылардан басталатын қосымша жалғанғанда түсіп қалады. Мысалы: қорұқ: қорқ-а, қорқ-ақ, қорқ-ып, қорқ-ыңқыра, қор-ыт, қорқ-у; үрүк: үрк-е, үрк-ек, үрк-іп, үрк-іңкіре, үрк-іт, үрк-ү; қырық: қырқ-а, қырқ-ыл, қырқ-ын, қырқ-ып, қырқ-у; ірік: ірк-е, ірк-іл, ірк-іңкіре, ірк-іс, ірк-іп, ірк-у. Ал ө, е дыбыстары екінші буында ешқашанда түспейді. О дыбысы байырғы сөздерде тек бірінші буында ғана айтылады, қалған буындарда кездеспейді. 2. Қысаң дыбыстар кірме сөздерге жамалып (протеза жа- сап) айтылуға бейім. Мысалы, ұ-рұқсат, ү-рүстем, ы-рақмет, ірәсім, ы-рас (рас), ү-стел стол), танк-і-лер т. б. Сондай-ақ бұлар сөздердің екінші буынында көмескіленіп (редукцияға ұшырап), әлсіз айтылады. Мектеп оқушылары жазуда оларды аңғармай қалатыны да содан. Мысалы, жұд'рық, құм'ра, көк'- рек, құд'рет, аз'рақ, қат'нас, ад'раңдау, тәж'рибе, қас'рет, қаб'- лет т. б. Мұндай қасиет ө, е дыбыстарында жоқ дерлік. Рас о, е дыбысы да бірер сөзде протеза түрде кездеседі: орыс (рус- ский), орамал (румал), ораза (руза), ережеп (раджап). 3. Дауыстыларды жақтың қатысына қарай жіктегенде елеулі белгі ретінде ұйқастың жасалуын ескеру керек. Өлең ұйқастарын жасауда буын құрамындағы дауыстылардың жаққатысы жағынан деңгейлес болып келуі өте маңызды. Сонда үйқасатын сөздердің буындары бірыңғай не ашықтардан (а, ә), не қысаңдардан (ү, ү, ы, і) тұрады екен. Ал е, о, ө дыбыс- тары әлгілердің ешқайсысымен де ұйқаса алмайды, тек өзімен- өзі, мәселен, о дыбысы: даңғой, жан ғой, байқалған ғой (Абай) түрінде ғана үйқасады. Мұның өзі бұларды жартылай ашық дауыстылар деп қарауды қажет етеді. Түркі тілдері фонетика- сын салыстырмалы-тарихи тұрғыдан қарастыратын соңғы бір іргелі еңбекте де бұлар жартылай ашық түрінде танылған.
8. Қатаң дауыссыздардың жасалым белгілері
9. Ұяң дауыссыздардың жасалым белгілері
10. Үнді дауыссыздардың жасалым белгілері
11. Дауыстылар мен дауыссыздардың айырым белгілері
12.