3.5 Өрт байланысы және дабыл беру
Дабыл беру және өрт байланысы өртті автоматты анықтауға, ол туралы
өрт сөндіру құрылымындарына дер кезінде хабарлауға арналған. Өртке
қауіпті объектілерде өрт хабарлаушы датчиктер орналастырылады. Олар өрт
болған кезде сым арқылы (немесе сымсыз) қабылдаушы аппараттарға дабыл
береді. Бұл автоматты өрт дабыл беру құрылғысы деп аталады. Автоматты өрт
дабыл беру құрылғысы сәулелік және
шеңберлі сұлбалар бойынша
орналастырылады. Қолданылатын датчиктерге байланысты олар жылулық,
түтіндік, күзетілмелі және аралас болып бөлінеді.
Сигналды өрт жылу құрылғысы СТПУ-1 СТ-5 деп аталатын 5 сәулелік
қабылдағыш станциядан және 25 ПТИМ-1 хабарлағыштан тұрады. Станцияға
220 В
айналмалы ток беріліп тұрады. Ол минус100С мен плюс 350С
темпера-
турада жұмыс істейді. Ал ауа ылғалдылығы 80% (пайыз) дейін. Бақыланған
аймақ 750 м2 жоғары болмауы керек.
Дабылды түтінді өрт СДПУ-1 құрылғысы өртті анықтауға, автоматты
дабыл беруге (ол өрт туралы мәлемет береді) арналған. Ол СДПУ-1 өрт
сөндіру құралдарының автоматты қосылуына
арналған және әр бір сәулеге
параллельді 10 өрт сөндіргіш аралас КИ-1 типті хабар берушілермен ДИ-1
типті түтіндік хабар берушілерге есептелген. Құрылғы 220 В кернеулі айнал-
малы токтың келуімен немесе 24 В аккумулятордан қоректенеді. Құрылғы
минус 100С мен плюс 350С температуралы диапазонда салыстырмалы ылғал-
дылықтың 80%-ға (пайыз) жеткеннен кейін жұмыс істейді.
3.6 Табиғи және жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру
Табиғи жарықтың негізгі көзі болып сәулелену энергиясын шығаратын
күн болып табылады. Беттің ашық жердегі табиғи жарығы тіке күн жарығы
аспанның диффузионды жарығы аркылы пайда болады. Тіке диффузионды
жарық пен жарықтану осінің ара қатынасы күннің
тұру биіктігі мен аспан
бұлттылығына байланысты. Тұтастай бұлттылық кезінде бөлменің
жарықтануы тек аспанның диффузияды жарығында ғана болады. Күннің
тұрақты жарықтануы оның тұрақсыз болуының салдары есептеулерде
60
ескерілмейді. Республика көлеміндегі ашық күндегі жарықтылық желтоқсанда