поршенді және роторлы жатады.
сұйықтықтың көлемі, яғни жүзеге асырылатын көлемдік жіберу Q. Көптеген
сорғылар үшін маңызды техникалық параметрлер болып табылады: өрістейтін
қысым р немесе оған сәйкес арын Н, пайдаланылатын қуат N және п.ә.к.
Орталықтан тепкіш сорғының (1.4-сурет) негізгі жұмыс органы
корпустың ішінде еркін айналатын, білікке 2 орнатылған дөңгелек 1 болып
табылады. Жұмыс дөңгелегі білікке буаттың көмегімн орнатылады. Жұмыс
дөңгелегі бір бірінен біршама қашықтықта қалатын екі дискіден (алдыңғы 3
және артқы 4) тұрады. Дискілер арасында, оларды бірыңғай конструкцияға
байланыстыра отырып, дөңгелектің айналу бағытына қарама-қарсы жаққа
біртекті иілгн қалақтар 5 орналасқан.
Дискілрдің ішкі беткейлері жән де қалақтардың
беткейлері дөңгелектің
қалақ аралық арналарын түзеді, олар сорғының жұмысында тартылатын
сұйықтықпен толтырылады.
Ротор - айналмалы детальдер орнатылған білік - 6 мойынтіректерінде
айналады. Айналмалы және қозғалмайтын детальдер арасына тығыздамалар -
сорғыдан жылыстауларды төмендету үшін тығыздаулар 7 және сорғының
ішіндгі айналымды төмендету үшін тығыздаулар 8 орнатылуы мүмкін.
Дөңгелекті айналдырғанда біліктің осінен r қашықтықта орналасқан және v
жылдамдықпен қозғалатын қалақаралық арнада орналасқан сұйықтықтың
әрбір бөлігіне (m массамен) орталықтан тепкіш күш әсер ететін болады:
(1.1).
Осы күштің әсерінен сұйықтықжұмыс дөңгелегіне лақтырылады,
нәтижесінде дөңгелектің орталығында тоқты ажыратудан құрылады, ал оның
перифериялық бөлігінде - жоғары қысым. Сұйықтықтың сорғы арқылы
үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін
тартылатын сұйықтықты жұмыс
дөңгелегіне әкелу және оны әкетуді қамтамасыз ету қажет. Сұйықтық жұмыс
дөңгелегінің алдыңғы дискіндегі тесік арқылы сорылатын құбыр бойынша
түседі (9 әкелуіне). Соратын құбыр бойынша сұйықтықтың қозғалысы
қабылдау бассейніндегі (атмосфералық) сұйықтықтың бос беткейінде және
дөңгелектің орталық аймағында (тоқтың ажырауы) қысымдарының
әртүрлілігіне байланысты болады. Сұйықтықты әкетуүшін сорғының
корпусында кеңейтуші шиыршықты камира (ұлу формасында) болады, оған
жұмыс дөңгелегінен лақтырылатын сұйықтық түседі. Шиыршықты камера (10
әкету) әдетте арынды құбырмен байланысатын арынды келтер құбырды 11
түзетін қысқа диффузорға өтеді.
21