1.2.2 Қондырманы таңдау
Фонтан қондырмалары жез, қола, тот баспайтын болат, пластика немесе
осы металдардың үйлесімінен олардың ішкі беткейінің мұқият өңделуімен
дайындалады. Қондырғылардың бұдыр беткейі ауада ағындардың жылдам
бұзылуына ықпал етеді, сондықтан тотпен жылдам қапталатын болат
қондырмаларды қолдану ұсынылмайды. Цилиндрлік қондырмалардың шығыс
тесіктерін мұқият өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді, олардың кесігі
қондырмалардың осіне перпендикулярлы болуы керек.
Вертикальді, ықшам әрі жоғары ағындарды алу үшін түтіктің
қондырмаға біртекті ауысуын, түтіктен қондырмаға ақырындап ауысуды, кіші
диаметрден үлкеніне ақырындап ауысуды, бүйірлік кесінділердің күрт
өзгерісіне жол бермеу және қондырмалар беткейінің мұқият өңделуін
23
Нұсқа
нөмірі
|
Механика-
лық
қоспалар
мөлшері,
3
г/м
|
Насос типі
|
Насостың
массасы, кг
|
Өнімділігі,
л/сағ
|
Су
шығару
күші, м
|
Насостың
қуаты, Вт
|
1
|
150
|
Vihr PN-
1100N
|
4,7
|
4200
|
50
|
1100
|
2
|
PN-370
|
5,1
|
2700
|
30
|
370
|
3
|
PN-650
|
4,7
|
3300
|
45
|
650
|
4
|
PN-900
|
4,7
|
3600
|
45
|
900
|
қамтамасыз ету қажет. Лақтырылатын ағынның биіктігі мен формасы
қондырмадағы арын мен конструкцияға байланысты болады.
Ағынның ауада бөлшектенуі жердің тартылыс күші, ағынның
қондырмадан шығуында құйынды құбылысынан ағынның бұзылуы және
ағынның ауаға үйкелу кедергісінен болады. Соңғы шама кішігірім және
ағындарды есптегенде ескерілмейді. Құбырдың бағыты мен ондағы судың
қозғалу турбуленттілігін өзгертумен шақырылған құйынды құбылыстар
ағынның қондырмадан шығуында атылуы және жеке тамшыларға бөлінуіне
әкеледі.
Вертикальді немесе иілімді ағындардың жылдам бұзылуын болдырмау
және олардың максимальді ықшамдығы мен көтерілудің жоғары биіктігін
қамтамасыз ету үшін қондырманың кесігі алдындағы тік учаскенің ұзындығы
20d ден кем болмауы тиіс. Егер бұл талап тәжірибелік орындалмайтын болса,
онда тік учаскелерде қондырмалардың алдына арнайы түзулегіштер - бірқатар
қиысатын жалпақ пластинкалардан тұратын ендірме болып табылатын
ағындарды басушыларды қою керек .
Түзулегішті құйынның түзілуінің көзі болатынфасондық бөліктен
түтіктердің 3-4 диаметрінен кем емес қашықтықта қою керек; шығатын үшы
өте жұқа, қондырмаға кірістен 1-2 диаметр қашықтықта орналасуы қажет.
Тыныштандырушының ұзындығы оның ұяшықтарының енінен 12-15 есе
артуы қажет, ал диаметрі қондырмалардың диаметрінен 4-5 есе асуы қажет.
Мұндай түзулегіштерді орнату ағынның ұшу қашықтығын 8-10%
жоғарылатады.
Фонтандар үшін жиі тұтас бұзылмайтын ағын құатын цилиндрлік
немесе конустық қондырмалар немесе суды бүркетін қондырмаларды
қолданады.
Егер белгілі бір көркем әсер жасау үшін бөлшектелген вертикальді ағын
немесе қоңырау, бау, шиыршық, су таулары, көбік көздері түрінде су
фигураларын құру қажет болса, онда бұл жағдайдарда арнайы
конструкциядағы қондырмалар қолданылады.
Қондырмаға су шығыны м3/смен мына формула бойынша анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: |