Форма силлабуса


Білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалау жүйесі



бет16/17
Дата28.03.2022
өлшемі351 Kb.
#29087
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
көшбасшылық пси силлабус 2020-21

5. Білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалау жүйесі

Білім алушылардың білімі, шеберлігі, дағдылары келесі жүйе бойынша бағаланады



Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24


Кесте 1

Баға

Критерий

А бағасы

«Көшбасшылық психологиясы» курсына қамтылған кез келген тақырып бойынша терең әрі толық білімді; қарастырылған ұғымдардың, құбылыстар мен заңдылықтардың, теориялардың, олардың өзара байланысының мәнін толық түсінуді көрсете біледі. Оқылған материалдар негізінде толық әрі дұрыс жауапты құрастыра біледі; негізгі ережелерді белгілеп, жауапты нақты мысалдармен және деректермен толықтыра алады; қорытындыны жалпылау, дәлелді талдау жасай алады. Пәнаралық және пән ішіндегі (бұрын алынған білім негізінде) байланыстарды орната біледі. Түсіндіруде шығармашылық қабілетін танытады.

А- бағасы

«Көшбасшылық психологиясы» курсындағы кез келген сұрақтың мазмұнын бағдарламаның талаптарына сәйкес толық, жүйелі түрде баяндай алады. Бағдарламада ұсынылған негізгі және қосымша әдебиетті терең игерген, өз ойын жеңіл түрде мазмұндай біледі. Талқыланып жатқан мәселеге кең, әрі жан-жақты талдау жасай біледі. Елеулі нақты қателердің болмауы. Қорытындысы дәлелді және нақты материалға негізделген. Жауап беру кезінде білім алушының өздігінен түзетілген, сұраққа байланысты тақырыптан 1-2 жеңіл-желпі үйлеспеушілік пен қателердің бар болуы мүмкін.

В+ бағасы

«Көшбасшылық психологиясы» пәнінде оқылған материалдарды толық біледі. Оқытылған теориялар негізінде толық әрі дұрыс жауаптың болуы; оқытылған материалды баяндауда, ұғымдарға анықтама беруде, ғылыми терминдерді қолдануда немесе қорытынды жасауда кейбір үйлеспеушілік пен қателердің болуы мүмкін. Студент жіберген қателерін оқытушының көмегімен түзете алады. Жалпы оқытылған материалды меңгеріп, нақты мысалдармен дәлелдей алады.

В бағасы

«Көшбасшылық психологиясы» бойынша оқытылған материалдардан негізгі ережелерді өз бетімен атай біледі; негізгі ережелердің мағынасын аша алады; жауабында логикалық, жүйелі бірізділік бар. Дәлелдер мен мысалдар негізінде жалпылау, қорытынды жасай білу, пән ішіндегі байланыстарды орната біледі. Практикада алған білімді, ғылыми терминдерді қолдана біледі. Бірақ әдебиетпен, оқулықпен жұмыс істеуде дағдысы жеткілікті көрінбейді. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы түзей алады.

В- бағасы

«Көшбасшылық психологиясы» бойынша студент берілген сұраққа дұрыс жауап береді; бірақ жауап беру үдерісінде маңызды басты деректердің жоқ болуы мүмкін. Студент материалдың негізгі мазмұнын меңгергенімен, оны саралап, талдауда қиналады. Мысалдармен жауабын нақты дәлелдей алмайды. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы түзей алады.

С+ бағасы

«Көшбасшылық психологиясы» бойынша жауабы толық, бірақ жүйелі емес. Жауабында тақырыпқа байланысты елеулі ауытқулар болуы мүмкін. Негізгі ұғымдарды анықтауда студент тың жіберген қателерін түзетуге қиналған жағдайда қойылады.

С бағасы

«Көшбасшылық психологиясы» бойынша студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, тақырыптың, негізгі ережелердің мағынасын кеңінен аша алмайды. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды

С- бағасы

«Көшбасшылық психологиясы» бойынша студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, жауабында негізгі ережелерді ерекшелей алмайды, сұрақтың басты идеялары ашылмайды. Сөздік қорының жеткіліксіздігі, материалды толық меңгермегендігі байқалады.

D+ бағасы

«Көшбасшылық психологиясы» бойынша студент көптеген маңызды фактілерді ескермейді; қорытынды жасай алмайды; фактілер қарастырылып жатқан мәселеге сәйкес келмейді; олар салыстырып қарастырылмайды; негізгі мәселені көрсете алмайды (қате болса да). Көп елеулі қателер жіберіледі. Студент жауабында талқыланып жатқан мәселенің іргелі, әрі негізгі мәселелермен байланыстың жоқтығы байқалады. Студент оқытушының көмегінен кейін ғана жауабын түзетуі мүмкін.

D бағасы

«Көшбасшылық психологиясы» бойынша студент нашар жауап береді; тақырыпты толық меңгермегені, жауаптарында елеулі қателер байқалады. Студент қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды.

FX бағасы

«Көшбасшылық психологиясы» бойынша студент өте нашар жауап береді; сұрақтың мағынасын түсінбейді. Сөйлеу, жазу мәнері төмен деңгейде. Жауабында көптеген қателер байқалады. Оқытушының жетекші сұрақтарын студент түсінбейді.

F бағасы

«Көшбасшылық психологиясы» бойынша студент оқу материалын меңгере алмаған жағдайда қойылады. Сабаққа жауап пен бақылаудың қай түрінде болмасын, ұялы телефондардың, дыбыс және көрнекі ақпарат тасымалдайтын электрондық құралдардың көмегіне жүгінгенде 0 (нөл) қойылады






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет