Хлорофилл дегеніміз – дикарбон қышқылының күрделі эфирі. Өсімдіктің жасыл жапырақтарында хлорофилл түйіршіктері, таяқша және таспа түрінде кездеседі.Фотосинтез процесіне тікелей қатысатын пигменттер хлорофилдер жатады. Бұл топтың қазіргі кезде оншақты түрі болатындығы анықталды.Фотосинтездік қабілеті бар организмдердің (бактериялар, балдырлар, жоғары сатыдағы өсімдіктер) хлоропластарында міндетті түрде а- хлорофилл болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде тағы да b-хлорофилл, қоңыр, диатом балдырларда қосымша с-хлорофилл, қызыл балдырларда d-хлорофилл кездеседі.Фотосинтездеуші бактериялардың барлығына бактериохлорофилл пигменті бар. Қара-қоқшыл балдырларда оның а және b түрлері, жасыл балдырларда қосымша c және d түрлері бар.

Фотосинтезге қатысатын пигменттердің әрқайсысы спектрдің әр түрлі аймағындағы сәулелерді сіңіреді. Хлорофилдер көк және қызыл аймақтағы бөліктерін (450 және 650 – 700 нм ), каротиноидтар толқын ұзындығы 400-500 нм, фикобилиндер 500 – 650 нм сәулелерді сіңіреді.Пигменттердің спектр сәулелерін сіңіру қабілеті олардың молекуласының қозған күйін сипаттайды. Органикалық молекулалардың, соның ішінде хлорофилдің электрондық күйлері олардың құрамына енетін көміртегі, сутегі, азот, оттегі және басқа да сиректеукездесетін элементтер атомдарының электрон алаңымен (орбиталь) анықталады. Ауысуы спектрдің көрінетін аймақтағы сәулелерді сіңіруге байланысты.