Франция адвокатурасы және адвокаттардың құқықтық жағдайы



Дата26.03.2022
өлшемі50,27 Kb.
#28900
Байланысты:
9 апта семинар

КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ МІНДЕТТЕР МЕН МАҚСАТТАР

Тексерген: Жатқанбаев Е.Б.

Орындаған: Құрманғали Е.Қ.

  • Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігі-бұл компанияның материалдық, қаржылық, кадрлық, техникалық және технологиялық,яғни кәсіпорынның барлық жақтарының әлеуеті мен ұйымдық құрылымының стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуіне байланысты бәсекелестік артықшылықтардың болуы.
  • Экономикалық қауіпсіздік көп қырлы, күрделі және ауқымды ұғым болып табылады .
  • Бастапқыда кәсіпорындар үшін экономикалық қауіпсіздік тұжырымдамасы дискриминациондық құпияның және кәсіпорынның басқа да құпияларының шарттарын қамтамасыз ету ретінде қарастырылды. Алайда, қазіргі уақытта мемлекет экономикасының тоқырау кезеңінен шығуы жағдайында кәсіпкерлік субъектілерінің және басқа да қызмет түрлерінің тұрақты жұмыс істеуіне қол жеткізу ең өзекті және маңызды міндет болып табылады. Оны жүзеге асыру үшін, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды, сондай-ақ шешуші рөл атқарады.
  • Экономикалық қауіпсіздікті жүйесін қалыптастыру процесінде экономикалық жүйенің тепе-теңдік жағдайына қол жеткізудің және мүмкін болатын ең жоғары кірісті алудың әртүрлі әдістері қолданылады. Мұнда экономика, қаржылық талдау, құқықтану, математикалық статистика қауіпқатердің пайда болуын болжау, ықтималдық теориясы және т.б. байланыста болады. Кәсіпорынның немесе экономикалық жүйенің өміріне әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін барлық факторлар зерттеледі.
  • Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздік факторлары-бұл қауіпсіздік параметрлеріне әсер ететін қоршаған орта жағдайларының жиынтығы. Бұл факторлар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Факторларды , сонымен қатар эндогенді және экзогенді деп бөлуге болады
  • экзогендік (сыртқы) факторлар-экономикалық және саяси жағдай, мемлекеттің фискалдық саясаты, қаржы нарығының, еңбек ресурстарының, өндіріс құралдарының өндіріс факторлары нарықтарының қанықтылығы, өткізу нарықтарының қанықтылығы;
  • эндогендік (ішкі) факторлар-кәсіпорынның кадрлық саясаты және персонал, кәсіпорынның экономикалық саясаты, қаржылық тәуелсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін басқару, өнім сапасын басқару, маркетинг, инновациялық қызмет, форсмажорлық жағдайлар және т. б.
  • Жалпы, кәсіпорынның және қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпараттық базаны қалыптастыру өте маңызды. Сонымен қатар, ақпарат неғұрлым толық және егжей-тегжейлі болса, кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігінің сенімді жүйесін құру үшін объективті негізделген басқару шешімі үшін көбірек мүмкіндіктер пайда болады
  • Ол үшін кәсіпорынның әртүрлі ресурстармен қамтамасыз етілу жағдайын, қауіпсіздік объектілерінің қорғалу дәрежесін, кадрлық әлеуеттің сенімділігін және ең алдымен, коммерциялық құпияға қол жеткізе алатын және жауапты тәуекелдерді басқару шешімдерін қабылдайтындарды бағалау қажет. Сондай-ақ қаржылық, ақпараттық, кадрлық, техникалықтехнологиялық, экологиялық, зияткерлік және экономикалық қауіпсіздіктің басқа да құрамдастарына; кәсіпорынның өзінің қауіпсіздік қызметін құру және ұстау жөніндегі мүмкіндіктеріне бағалау жүргізген жөн. Кәсіпорынның жағдайын объективті бағалау стратегиялық талдау, яғни SWOT-талдау арқылы жүзеге асырылады.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет