Франциядағы классицизм[өңдеу] Уикипедия ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет



бет1/7
Дата16.12.2022
өлшемі226,76 Kb.
#57673
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Франциядағы классицизм


Франциядағы классицизм[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
XVII ғасырдың бірқатар Еуропа елдерінде корольдік билік орнаған соң, өнердегі ең басты бағыт болып классицизм қалыптасады. Классицизм (classicus) латын тілінен аударғанда "ең үлгілі" деген мағынаны білдіреді. Драматургия мен театр жағынан классицизм, әсіресе Францияда XVII—XVIII ғғ. кең етек жайды. Әдебиеттегі классицизм ерте замандағы грек және римнің классикалық әдеби шығармаларын үлгі тұтты. Классицизмге тән негізгі ерекшелік — көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру. Мысалы, драмалық шығармаларды "үш бірлікті" сақтай отырып жазу керек. Бұл "үш бірлікті" сақтамаса, жоғарыда айтылған ережеге сәйкес болмайды. "Үш бірлік" дегеніміз — уақыт бірлігі (оқиға бір тәулік — 24 сағат ішінде ғана болуы керек), орын бірлігі (оқиға тек бір жерде, бір декорацияда өтуі керек) және оқиға бірлігі (мұнда оқиға бірінен-бірі туып, бір ізбен дамып отыратын бір ғана сюжеттік шиеленісте болуы керек). Трагедия міндетті түрде 5 актіден құрылып және бөлек — александрин өлеңіменжазылуы керек болды.
Классицизм драмасында суреттелген кейіпкерлер, әдетте, үстем тап өкілдерінен ғана алынды. Төменгі тап өкілдері тек комедиялық шығармаларға ғана тән болды. Тақырыпты және шығармаға қатысушы кейіпкерлерді осылай таңдап алудың әсерінен, классицизм әдебиетінің жаңа түрлері — трагедия, комедия және батырлықты суреттеген поэмалар, поэзияның лирикалық түрлерінен ода болды. Бұл кезеңдегі классицизмнің ірі өкілдері — Никола Буалоның поэтикалық толғаулары, Пьер Корнельдің, Жан Расиннің трагедиялары, Жан Батист Мольердің комедиялары, т.б. кеңінен мәлім.

Пьер Корнель
Театр өнеріндегі классицизм XVII—XVIII ғғ. Францияда кең өріс алды. Ол Н.Буалоның "Поэтика өнері" атты теориялық поэмасы негізінде қалыптасты. Классицизм трагедияға тән кейіпкердің көңіл күйі мен сезім дүниесін орынсыз әсерлеп кәрсететін тәсілден арылуға әрі драмалық шығармалардың идеясын тереңірек ашуға жол салып, театрды шынайы өнер биігіне көтерді. Рөл үстінде саналы оймен жұмыс істеу актерлер шығармашылығының негізгі бір шартына айналды. Бірақ актер ойнайтын қаһарманының ішкі жан дүниесінен гөрі оның сыртқы бейнесіне, сахналық қимыл-әрекетіне көбірек көңіл аударды. Мысалы, трагедиялық актерден өлең жолдарын мәнеріне келтіріп, сезіммен әсерлеп оқу ғана талап етілді. Ал, жалпы, актерлік өнерде шартты сахналық кимыл-әрекет кең қанат жайды. Мұның өзі актерлік амплуаны туғызды. Актерлік өнерде классицизмге тән қайшылықтар да бой көрсетті. Табиғатқа, ақыл-ой мен шындыққа негізделген сахналық ұстанымдар, көбіне тоғышар ақсүйектердің және сарай төңірегіндегілердің талғам-талабынан аса алмады. Актерлер — сахнада кімнің рөлін ойнаса да, оны сұлу, өмірдегіден әлдеқайда "биігірек" етіп көрсетуге тырысты. Көрерменнің жан дүниесін баурап алар актерлік сезім дүниесі, театрдан алыстады. Трагедиялық актер өнерінде музыкалы-поэтикалық декломацияға негізделген принцип тұжырымдалды. Сана мен эмоция, борыш пен сезім арасындағы қайшылықтар және оның борыш пен ақыл-ой пайдасына қарай шешілуі драмалық әрекеттің негізгі өзегіне айналды. Осыған байланысты классикалық спектакль — аналитикалық психологизмге, характерлерді ашуда монологтік қағидаға негізделді. Пьер Корнель, Жан Расин сияқты көрнекті француз драматургтері өз пьесаларын зор каһармандық пафосқа, психологиялық шынайылыққа, тартыстың ішкі трагизміне құрды.
Пьер Корнель (1606—1684)[өңдеу]
Қаһармандық трагедияның жаңа үлгісін жасаушы. Ол ғасырдың гуманистік идеяларын толық білдіріп, классикалық драматургия жанрының биік эстетикалық нормаларын іске асырды. Корнельдің 1936 жылы жазған “Сид” трагедиясы француз театр тарихының өте маңызды кезеңін бастады. Драматургия мен театр саласындағы XVIII ғасырдағы француз театрын өз ықпалына бағындырған классицизм, осыдан бастап ең басты стильдік бағыт болды және Еуропаның басқа елдерінің драмалық және сахналық шығармашылығының дамуына әсер етті.

Жан Расин
Классикалық трагедия жанры дамуының екінші кезеңі Жан Расиннің (1639—1699) атымен байланысты. Ол бұл жанрды терең эстетикалық мәселелермен және каһармандарын психологиялық жағынан суреттеумен байытты.
Салтанаттық дерексіздік пен монументтілікке құрылған сахналық безендірулер спектакль формасын айқындады. Әсем көріністі декорация аясындағы тар, үнсіз просцениумдақозғалыссыз, симметриялы мизансценалар құрылды. Спектакльдер, негізінен, симметрияға құрылған мизансценаларымен, монументтік сән-салтанатымен ерекшеленеді, ал актерлер тарихи және тұрмыстық нақтылықтан жұрдай декорация аясында ойнады. Классицизмнің актерлік өнерде орнығып калыптасуы Г.Мондори, Ж.Флоридор, Т.Дюпарк, М.Шанмеле сияқты француз актерлерінің шығармашылығымен байланысты болды.
XVII ғасырдың ортасында классикалық комедияның реалистік реформасын жасаған Жан Батист Мольер қызметінің нәтижесінде, қарапайым халық өкілдерінің сахналық бейнесі жасалды. 1680 жылы Парижде "Комеди Франсез" театрының негізі қаланды. Актерлік өнерде әлеуметтік типтендіру мен түрлену өнерінің алғашқы белгілері орын тебе бастады. Мұның өзі еуропалық театрдың кейінгі даму сатысында, әсіресе трагедиялық актерлер ойынынан айқын көрініс тапты. Шынайы толғаныс, қарапайым стильге деген ұмтылыс Мишель Бaрон мен Адриенна Лекуврёр және т.б. актерлер өнерінен байкалды.
Жан Батист Мольер (1622—1673)[өңдеу]

Жан Батист Мольер
Реалистік драматургияның өркендеуіне негіз салған "жоғары комедия" жанрын туғызушы, буржуазиялық қоғамның әлеуметтік мерезін аяусыз әшкерелейтін комедиялық шығарманың жаңа типін жасаушы. Жан Батист Поклен патша сарайының үй жиһазын жасаушы Жан Поклен шебердің отбасында туған. 1639 жылы Клермон колледжін бітіргеннен кейін Жан Батист Поклен театр жұмысына беріліп, Мольер деген бүркеншік ат алып, 1643 жылы "Әшекейлі театрды" ұйымдастырушыларының бірі болады. Бірақ оның пьесалары орындаушылардың тәжірибесі аз, актерлік шеберліктері төмен болғандықтан, бұл ісінен оншалықты нәтиже шыға қоймайды. Бұдан кейін ол Парижді тастап, соңғы он үш жыл ішінде (1645—1658) көшпелі театр труппасымен халық алдында өнер көрсетіп, шағын комедиялық пьесалар жазумен шұғылданды. Провинцияда өткен жылдарында Мольер халық өмірінің ащы шындығын көреді. Болашақ драматург қайыршылықпен катар халықтың ақылын, күшін, ерлігін бағалайды. Мольер және оның актерлері — Франция қалалары Нанта мен Тулуза, Нарбонне мен Лиможде, Лион мен Гренобльде, Безье мен Руанда, доп ойынына арналған залдарда, қонақ үйлерде және ашық аспан аясында өз өнерлерін көрсетті. Мольер алғашқы көлемді "Ерке”, "Махаббат өкініші" атты комедияларын италия драматургтеріне еліктеп жазып, қарапайым халық өкілдерінің өмірін суреттеп көрсеткен. Мольер есімі патша сарайында 1659 жылы қойылған "Сөлекет қылымсы" пьесасынан кейін кеңінен мәлім болды. XIV Людовик корольдің сеніміне ие болып, театр ұйымдастыру, пьеса жазу, спектакльдер көрсету жұмысымен қызу шұғылданды. Сарай маңындағы тоғышарлардың қудалауына қарамай, шығармашылық үлкен табысқа ие болды. Ол: "Әйелдер мектебі", “Версалъ экспромты” т.б. комедияларын жазды. Әйтсе де Мольердің даңқын шығарған, оның: "Тартюф", “Дон Жуан", "Мизантроп" атты комедиялары болды. Аталған шығармаларында Мольер әлеуметтік мәселелерді шынайы суреттеп, ақсүйектер әулетінің екіжүзділігін, діни ар-ұжданның жалғандығын, Сарай маңындағы жандайшаптардың тоғышарлық жұмысын аяусыз әшкерелеп көрсеткен. Бұдан кейінгі жылдары жазған: "Сараң" "Скапеннің айласы", “Жалған сырқат” т.б. драматургиялық шығармаларында буржуазиялық қоғамның сан алуан мерезді көрінісін терең бейнеледі. Мольер комедиялары XVIII ғасырдың басынан Ресейдің театрларында қойылып келеді. Қазақ театрларында Мольердің "Сараң" “Ақымақ болған басым-ай" ("Жорж Данден"), т.б. комедиялары қойылды. Кейіннен Мольер қайтыс болғанда, шіркеуліктер "Тартюф" комедиясы үшін сүйегін шіркеу қасындағы зиратқа қойғызбады. Тіпті корольдің сөзіне де бағынбады. Париж архиепископынан приходтық зиратқа жерлеуге әрең рұқсат сұрап алынады.[1]
Сәулет және бейнелеу өнеріндегі классицизм[өңдеу]
Архитектура мен бейнелеу, сән және қосалқы өнерде Классицизм бароккомен, 18 ғ-дан бастап рококомен жарыса дамыды. Классицизмге қатаң үйлесім, көбінесе, салтанатты сипат тән. Оның негізіне пішіндердің айқындығы мен тектоникалығы, композицияның жинақылығы мен орнықтылығы, қатаң ритм мен пропорциялылық алынды. Архитектурадағы Классицизмде ежелгі дәуір сәулет өнерінің көптеген принциптері мен жекелеген желілері көрініс тапты. Архитектурадағы К. құрылыстарының бітімінде геом. өлшем дәлдігі және симметриялы түзу сызықтар үстемдік етеді. Сәулет ғимараттары алдында асқақ бағаналары бар, қасбеті үшбұрышты, ежелгі дәуір ғимараттарына ұқсастырыла тұрғызылды. Мұндай құрылыстар біртіндеп бүкіл Еуропаға тарады. Мүсін мен сурет өнеріндегі Классицизмге композиция тұйықтығы, түрдің пластикалық шешімі тән болып келеді. Классицизм белгілері алғаш, 16 ғ-дың 2-жартысында Италияда пайда болды. Ал біртұтас стильдік жүйе түрінде 17 ғ-дың 1-жартысында Францияда қалыптасты. Франция рационализмінің эстетикалық өзегі ретіндегі Классицизм, әсіресе, бейнелеу өнерінде жан-жақты ашылды. Франция Классицизмнің көрнекті өкілдері Жак Луи Давид, оның шәкірті Доминик Энгр (1780 – 1867) және италиялық мүсіншіАнтонио Канова (1757 – 1822), даниялық Бертель Торвальдсен (1768 – 1844) болды. 19 ғ-дың 1-ширегінде Классицизмде жалаң стиль қуалаушылық пен академизм белгілері бұрынғыдан да күшейе түсті (Францияда Давидтің кейінгі кезеңдегі суреттері, ішінара Энгрдің суреттері).
Еуропа елдерінде Классицизм[өңдеу]
18 ғ. мен 19 ғ-дың басында Еуропа елдерінде Классицизм стилі басым бағытқа айналды [Англияда арх. У.Кент, Дж.Пейн, Германияда – арх. Ф.В. Эрдмансдорф, К.Ф. Шинкель (1781 – 1841), Д.Жилли, суретшілер В.Тимбейн, А.Я. Карстенс (1754 – 98), мүсінші И.Г. Шадов (1764 – 1850); Испанияда – арх. Х.де Вильянуэва; Италияда – арх. Дж. Пьермарини]. 19 ғ-дың басында Классицизм АҚШ пен Латын Америкасына тарады. Ресейде Классицизм 18 ғ-дың 60 – 70-жылдарында және 19 ғ-дың басында өнердегі басым бағытқа айналды. Санкт-Петербург қаласы Классицизм жобасымен салынды, бұл орыс сәулет өнерін жаңа биікке көтерді. Классицизм шеңберінде монументті сәндік және қондырма мүсін [мүсіншілер Ф.Г. Гордеев (1744 – 1810), М.И. Козловский (1753 – 1802), Ф.П. Толстой (1783 – 1873), т.б.], кескіндеме өнері [А.П. Лосенко (1737 – 73), А.И. Иванов (1776 – 1848) т.б.], сән және қосалқы өнер кеңінен өрістеді. Классицизм бағытындағы орыс архитектурасының дүниежүзілік маңызы артты [арх. В.И. Баженов (1738 – 1799), М.Ф. Казаков, И.Е. Старов (1745 – 1808), А.Н. Воронихин (1759 – 1814), А.Д. Захаров (1761 – 1811), К.И. Росси (1775 – 1849), В.П. Стасов (1769 – 1848 және, т.б.].
Театр өнеріндегі Классицизм[өңдеу]
Театр өнеріндегі Классицизм 17 – 18 ғ-ларда Францияда кең өріс алды. Ол Буалоның “Поэтика өнері” атты теориялық поэмасы негізінде қалыптасты. Классицизм трагедияға тән кейіпкердің көңіл күйі мен сезім дүниесін орынсыз әсірелеп көрсететін тәсілден арылуға әрі драм. шығармалардың идеясын тереңірек ашуға жол салды; сөйтіп, театрды шынайы өнер биігіне көтерді. Рөл үстінде саналы оймен жұмыс істеу актерлер шығармашылығының негізгі бір шартына айналды. Бірақ актер ойнайтын қаїарманының ішкі жан-дүниесінен гөрі оның сыртқы бейнесіне, сахналық қимыл-әрекетіне көбірек көңіл аударды. Мыс., трагедиялық актерден өлең жолдарын мәнеріне келтіріп, сезіммен әсерлеп оқу ғана талап етілді. Ал жалпы актерлік өнерде шартты сахналық қимыл-әрекет кең қанат жайды. Мұның өзі актерлік амплуаны туғызды. Актерлік өнерде Классицизмге тән қайшылықтар да бой көрсетті. Актерлер сахнада кімнің рөлін ойнаса да, оны ең алдымен сұлу, өмірдегіден әлдеқайда “биігірек” етіп көрсетуге тырысты. Спектакльдер, негізінен, симметрияға құрылған мизансценаларымен, монументтік сән-салтанатымен ерекшеленді, ал актерлер тарихи және тұрмыстық нақтылықтан жұрдайдекорация фонында ойнады. Классицизмнің актерлік өнерде орнығып қалыптасуы Г.Мондори,Ж.Флоридар, Т.Дюпарк, М.Шанмеле (1642 – 98) сияқты француз актерлерінің шығармашылығымен байланысты. Француз Классицизмі Еуропадағы басқа елдердің театрларына да ықпал жасады. Классицизмнің ірі өкілдерінің санатына Классицизм.Нейбер(1798 – 1860; Германия), Т.Беттертон мен Дж.Кембл (1757 – 1823; Англия) болды. Ресейде Классицизм 18 ғасырдың 30 – 50-жылдарында белең алды. Батыс Еуропа Классицизммен салыстырғанда орыс театрының көрнекті қайраткерінің шығармашылығында ұлттық, патриоттық тақырып пен тәрбиелік-ағартушылық сарын басымырақ болды. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында Классицизм идеялық және көркемдік дағдарысқа ұшырады. Алайда Классицизм өнер тарихында барлық өнер түрлерін өзіне бағындырған бірден бір бағыт болды. Одан кейін пайда болған қосымша өнер бағыттары Классицизмдей тарай алмады. Буало Н.,[4], М., 1957; Коваленская Н.Н.,[5], М., 1964; Жұмалиев Қ.,[6], А., 1969; Қабдолов З.,[7], А., 1970; Ротенберг Е.И.,[8][9]

Романтизм[өңдеу]


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет