Франсуа Мари Аруз Вольтер (1694-1778 жж.) француз ағарту-шыларынын ұлы өкілі. Негізгі енбектері: «Философиялык хаттар», «Метафизикалык трактат», «Тарих философиясы» т с. с



Дата02.12.2023
өлшемі16,3 Kb.
#132568
Байланысты:
Вольтер Шаяхмет Марлен


Вольтер
Франсуа Мари Аруз Вольтер (1694-1778 жж.) – француз ағарту-шыларынын ұлы өкілі. Негізгі енбектері: «Философиялык хаттар», «Метафизикалык трактат», «Тарих философиясы» т.с.с.
Вольтердін дүниетанымдык кезқарастарынын негізінде сол кездегі кеңінен тараған деистік материализм болды. Дүниедегі сан алуан материалдық заттар мен құбылыстар жөніндегі деректерді біз сезімдік тану аркылы аламыз. «Мен тасты сипаған , кезде, оның орнын ала алмайтынымды өте жаксы сезінемін, олай болса бұл арада кеңістікте орын алып жаткан бір нәрсе барын түсінемін»,- дейді ойшыл.
Демокрит пен Эпикурдың атомистік көзқарасын қолдап, Вольтер: «Дүниенің элементтері материалдық және олар еткізбейтін созылған субстанция», - деген пікірге келеді. Сонымен катар И. Ньютоннын ашқан тарту қасиетін колдап, оны ол материяның негізгі қасиеттерінің бірі және табиғаттың әлі ашылмаған сан алуан қасиеттері бар деген тұжырымға келеді.
Ал енді Дүниенің бәрі материалдык болатын болса, онда адамның жан дүниесін калай түсінуге болады? «Жан-дүние дегеніміз - адамнын ойлауға және сезінуге деген қабілеті. Олай болса, денеден баска өмір сүріп жатқан жан-дүние жөнінде мәнін ешқандай түсінігім жоқ», - деп қорытады ұлы ойшыл. Мұндай көзқарас, әрине, дінге қарсы. Мәселенің қызықтығы - сол дінге қарсы пікірді Вольтердін діни жолмен дәлелдеуге тырысуы. «Егер осы ғажап дүниені Құдай жаратқан болса, онда ол материяға сезіну және ойлау қасиеттерін бере алмайды деп кім айтар екен», - деген сұрақ қояды.
Екіншіден, Вольтер сол кездегі жаратылыстану деректеріне сүйене отырып, адамнын жан-дүние құбылыстарының онын түйсіктері мен жүйесі, миымен байланысты екенін керсетеді.
Үшіншіден, жануарлардын да адамнын дене құрылысына ұқсас мүшелері бар екенін көрсетіп, олай болса олар да дүниені сезініп, бұлдыр да болса дүниені тани алады, - деген пікірге келеді.
Өзінің шығармаларында Вольтер адам мәселесіне де көп көңіл бөлген. Адам - әлеуметтік пенде. Ол өзінің ұлылығын дүние-тану және оны қайта өзгерту жолында айқын көрсетеді. «Адамның табиғатындағы «езін сақтау», «езін сүю» т.с.с. олар адамдарды бір-бірінен алыстатпай, керісінше, бір-біріне жақындатып, іштесіп, сүюге әкелетін инстинктер. Адам жалғыздан-жалғыз өмір сүре алмайды. Табиғи түрде пайда болатын еркек пен әйелдің ара-сындағы байланыстар жас ұрпақтарды дүниеге әкеліп, қоғамды біріктіреді», - дейді Вольтер.
Қоғам өзінің ішінде миллиондаған адамдарды біріктіргеннен кейін, олардың моральдық жене құқтық қарым-қатынастары саяси заңдар мен ережелер арқылы ретке келтіріледі. Оларды адамдардың өзі тудырады. Оған Құдайдың еш қатынасы жоқ.
Моральдық табиғи заң - ол «өзіңе не қаласаң, басқаларға да соны жаса» - бүкіл адамзатқа тан нәрсе. «Сиамнан бастап Мексикаға дейін шындық, қайырымдылық, достықты сыйламайтын халық жоқ». Құдай болмаса, адамдар ойларына не келсе, соны істейді, тізгінсіз кетеді деген осы уақытқа дейін кең тараған пікірге қарсы шығып, Вольтер ондай адамдарды қоғамның өзі-ақ неше түрлі заңдар арқылы ауыздықтай алады деген пікірге келеді. Екіншіден, халықтың өзі-ақ ондай адамдарға теріс қарайды, бұнын өзі - ондай адамдарға ең күшті тізгін. Олай болса, әр адам жетіле келе, коғам өмірінде өзін таза ұстау керектігін, өзінің басқа адамдар алдындағы борышын бұлжытпай орындау қажеттігін түсініп орындайды, - деп қорытады Вольтер.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет