іші толу және т.б. Бұл етістіктерді сөйлеушінің талдауында эмотивті-
бағалауыштық қасиеттерімен қатар, тыңдаушыға қатысты стилистикалық
бояуы мен прагматикалық мәні де бірдей емес. Салыстырыңыз:
Болса да сән-салтанат қызық, әсем,
Тез жалығып айныймын тұрлауым кем (Абай);
Болат енді пионер бөлемсінде біраз отырып қалып, зеріге бастаған соң,
сыртқа шықты (Байтанаев);
Азаншы қайта-қайта айтудан ығыр болғандай, мұңды әнді ерініп,
босаңдау салып тұрғаны (Ибрагимов);
Абай Оспанның тентектігіне мезі болушы еді (Әуезов);
Тартынып іші пысса күй тыңдады,
Күй шіркін ылпылдады, бипыңдады (Жансүгіров);
Ішің толып бара ма, қу жүгірмек, – деп әжем маған қатты ұрысты (Қаз.
тіл. син. сөздігі) және т.б.
Мысалдардан көрсетіп тұрғандай, зарығу мағынасындағы етістік әр
автор контекске, ситуацияға, қойған мақсаты мен оның кейіпкерге көз-
қарасына орай әр түрлі стилистикалық мәнге ие болған.
189
Фразеологиялық коннотация
189
Коннотация ұғымының лингводидактикалық тұрғыдан нақтылануы
В.И. Шаховский еңбектерінде орын алған. Ғалым коннотация теориясына
мынандай анықтама береді: «Коннотация – это аспект лексического значе-
ния единицы, с помощью которой кодировано выражается эмоциональное
состояние говорящего и обусловленное им отношение к адресату, объек-
ту и предмету речи, ситуации, в которой осуществляется данное речевое
общение» [В.И. Шаховский, 1983; 14 б.].
В.И. Шаховский мағынаның коннотативтік аспектісі сөздің эмотивтік
функциясын жүзеге асыратын семантикалық микрокомпоненттерінің
жиынтығы болып табылатынын атап көрсетеді. Мұндай семантикалық
микрокомпоненттер семалар болып табылады, анығырақ айтқанда, олар
– коннотативті семалар. Бәрінен қиыны – семалардың қай жиынтығы
коннотацияға жататындығында.
Коннотация ұғымы «кең» мағынада түсінетін ғалымдар тобы бұл жиын-
тыққа мағынадағы (семадағы) эмоционалдықты, экспрессивтілікті, баға-
лағыштықты және стилистикалық микро-компоненттерді жатқызады.
Коннотация ұғымын «тар» мағынада қабылдайтын ғалымдар тобы
мағынада көрсетілген барлық микрокомпоненттерін коннотативтік семаға
кір гізбейді. Сондықтан да бұл ұғымды түсіндіруде әр түрлі қарама-
қайшылықтар кездеседі. Олардың кейбіреуіне тоқталып өтейік:
Мәселен, А.В. Филиппов мағынаның коннотативтік аспектідегі маз-
мұнына эмоционалдық және стилистикалық микрокомпоненттерді ғана
жатқызады [А.В. Филиппов, 1978; 60 б.]. Бағалағыштық пен экспрессивтілік
табиғаты коннотацияға жатпайды деген пікір айтады. Өзінің көзқарасын
дәлелдей отырып, А.В. Филиппов: 1. бағалағыштық – ұғымның (түсі-
ніктің) прагматикалық компоненті, сондықтан да коннотацияның емес,
денотацияның аспектісі; 2. экспрессивтілік сөздің семантикалық құры лы-
мынан алшақ, тыс жатқандықтан, ол әрқашан нормадан «сәтті» ауытқыған
окказионалдылықпен байланысты, экспрессивтілік тек сөйлеу үрдісінде
пайда болады, сондықтан да оны тілдік құбылысқа жатқыза алмаймыз.
Дәл осы позицияны В.И. Шаховский де қолдайды. Бағалағыштық және
экспрессивтік компоненттер коннотацияның құрамына кірмейді, себебі
олар денотацияның компоненті – деген пікірін ұсынады. Алайда, бұл
көзқарасты Э.Г. Ризель қолдамайды. Ғалымның ойынша, стилистикалық
микрокомпо-нент пен коннотация ұғымдары бір-біріне үйлесімсіз ұғымдар.
Стилистикалық микрокомпонент сөздің семантикалық құрылымының
құрамдас бөлігі болғанымен, коннотация лексикалық семантиканың бөлігі
бола алмайды. Коннотация мағынаның денотативтік және стилистикалық
компоненттерінің қосындысы (реакциясы) деп түйіндейді [Э.Г. Ризель,
1978; 10-18 бб.].
Осы пікірлерге диссонанс ретінде Л.Е. Кругликова көзқарасын келтіру-
ге болады. Ғалымның пікірінше, эмоционалдық және бағалағыштық ком-
поненттер семантикалық құрылымның құрамына кіреді, ал стилистикалық
|