Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет106/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

Авакова Р.А. Фразеосемантика
198
параметрлерді  ескеріп,  атап  айтсақ:  номинация  иерархиясы,  номинация 
функциясы,  белгіленетін  объект,  атау  құрылысы,  номинация  тәсілі,  яғни 
«типологиядағы  типологияны»  жасау  оңайға  түспеді  [Языковая  номина-
ция. Общие вопросы, 1977; 230-293 бб.].
Фразеологиялық  номинацияны  кешенді  түрде  сипаттаудағы  қажет-
тілік  (номинацияны  кең  тұрғыдан  қарастырғанда)  фраземаны  номи-
нативтік  бірлік  ретінде  қарастырып,  аталмыш  параметрлердің 
коммуникацияға  бағышталған  құралы,  ал  сөз  сөйлемнің  номинативтік 
аспектісінде алдын ала шешілген функциясының акті» болуы міндетті 
[В.Н. Телия, 1986; 96 б.].
Сөйлемнің  номинативтік  қызметі  соңғы  жылдары  Ресей  және  шетел 
ғалымдары тарапынан қарқынды түрде зерттеліп келеді. Номинация мен 
предикатцияның арақатынасы мәселесі әр түрлі тұрғыдан шешілуде.
Сөз мағыналары денотаттық және сигнификаттық мағыналармен қатар 
олар эмоционалды-экспрессивтік мағыналардан да тұрады. Кейінгі кездері 
номинация  теориясына  деген  қызығушылық  пен  оған  көңіл  бөлушілік 
тілдік  таңбалардың  эмотивтік  жағына  тілші  ғалымдардың  назарын  ау-
дартты.  Ғылыми  ізденістер  мен  зерттеулер  көрсеткіштері  тілдің  барлық 
қабаттарының  қызметінде  номинативтік  және  информативтікпен  қатар 
бағалағыштық,  эмоционалдық  және  экспрессивтіліктің  де  ерекше  орнын 
атап өтеді [Языковая номинация. Виды наименования, 1977; 81-83 бб.].
Адамзат  өзін  қоршаған  дүиені  немесе  өмірде  болып  жатқан  құбы-
лыстарды,  олардың  түрлі  қасиеттерін  сезім  мүшелері  арқылы  қабылдап 
қана қоймайды, сонымен қатар құбылыс туралы өз көзқарастарын білдіріп, 
оны  өзгертуге,  өзіне  ыңғайлы  түрде  қайта  жасауға  әрекет  жасайды. 
Сондықтан  дүниені  тану  тек  сезім  мүшелері  арқылы  оның  көшірмесін 
қабылдау ғана деп түсінбеу керек, сонымен қатар қабылданған, түйсінген 
мәліметтерді адам ойының, санасының елегінен өткізіп, оған өзінше баға 
беруге тырысады. Адамзат өзін қоршаған дүниеге, өзі өмір сүретін ортаға, 
ондағы болып жатқан құбылыстарға баға беріп, көзқарасын білдіре алма-
са, онда мәліметтің жинақтық бейнесін жасап, өз қажетіне сай пайдалана 
алмаған болар еді.
Атадан  балаға  мұра  ретінде  сабақтаса  беріліп  отыратын  қоғамдық, 
табиғи  құбылыстарды,  өзгерістерді  әр  ұрпақ  өз  керегінше  бағалап, 
сұрыптап,  кейбір  өзгерістер  жасап,  келесі  ұрпаққа  қалдырып  отырады. 
Мұндай болмаған жағдайда, онда адамзат тарихында даму да болмаған бо-
лар еді.
Тілдің  екі  қарама-қарсы  (антонимді),  тілдік  таңбаның  ассиметриялы-
ғына  негізделген,  таза  мәліметтік  және  экспрессивтік  қызметтері  тілдік 
жүйе  қарқынының  күшті  стимулы  (себепшісі)  болып  табылады.  Тілдегі 
лексикалық  мағынаның  табиғатын  зерттеуші  атақты  ғалым  В.И.  Говер-
довский: «...Тілдің лексикалық семантикасының табиғатын эмоционалдық 
пен  рационалдықты  диалектикалық  түрде  байланыстыра  қарастыр-май 


199
Фразеологиялық коннотация
199
толыққанды ашу мүмкін емес, себебі коннотация мен денотация арасын-
да абсолютті қарама-қайшылық жоқ», – дейді [В.И. Горердовский, 1985; 
77 б.]. Мысалы, сезімтал адам, таза жүректі тіркестерін қара дүрсін, ұр 
да жық тіркестеріне қарсы қойып қана бұл тіркестердің табиғатын шын 
мәнінде түсіне аламыз. Қарама-қарсы екі полюстік мағынада, яғни жақсы 
мен жаман, қуаныш пен қайғы, ащы мен тұщы, махаббат пен зұлымдық, 
ақ пен қара, қарғыс пен алғыс сияқты түсінікте «екі түрлі сезім туғызу өмір 
тәжірибесі негізінде адамдар арасында белгіленген нормалар мен баға беру 
түсініктерімен тығыз байланысты» [М. Оразов, 1991; 108 б.]. Бұл қарсы 
полюстегілерге табиғатын салыстыра отырып қана беруге болады.
Эмоционалды-экспрессивтік сөйлеу үрдісіне тән құбылыс болғандықтан, 
кез келген сөйлемде айтылған хабарға сөйлеушінің көзқарасын білдіретін 
модальдықтың  шындығы  жатады.  Эмоционалды-экспрессивтік  мағына 
тіл элементтерінің барлығында болуы шарт емес. Бұл шарттылық сөздің 
негізгі  қызметінен  туындайды.  Мәселен,  фразалық  тіркестер  мағына-
сында  эмоционалды-экспрессивтік  мағына  анық  байқалады:  үріп  ауызға 
салғандай  «өте  әдемі,  сүйкімді»,  түйені  түгімен  жұту  «ойсырата  пара 
алу», мұрнынан шаншылу «әбден шаршау» немесе ұйғыр тілінде пути гөрә 
саңгилимақ «өте қарт адам», төгиниң қуйриғи йәргә йәткәнде «ешқашан 
болмайтын жағдай», томурини тутуп көрмәк «байқап көру» және т.б. 
Кейбір ғалымдар сөздің эмоционалды-экспрессивтік қызметін стилис-
тикалық мағына құрамында қарап, негізгі мағынаны қосымша коннотаттық 
мағына  қатарына  жатқызады  [Э.С.  Азнаурова,  1973;  83-88  бб.;  В.А.  Зве-
гинцев,  1957;  171  б.;  И.В.  Арнольд,  1973;  26  б.].  Сонымен  қатар  кейбір 
тілшілер  коннотацияға  кең  мағына  беріп,  оған  эмоционалдықпен  қатар 
стилистикалық  мағыналарды  да  қосады.  Экспрессивті-эмоцио-налдық 
мағына  сөздің  негізгі  мағынасы  емес,  оған  үстелетін  қосымша  мағына 
деп  ұғынатын  болса,  онда  тілдегі  тек  экспрессивті-эмоционалдық 
мағыналардан  тұратын  көптеген  сөздердің  (тентек,  сараң,  дана,  топас) 
мағынасын түсіндіре алмаған болар едік [М. Оразов, 1991; 109 б.].
Жоғарыда  айтып  өттік,  тілшілердің  барлығы  бірдей,  эмоционалды-
экспрессивтік мағынаны сөздің лексикалық мағынасының құрамына қоса 
бермейді.  Эмоция  түсінік  ретінде  өмір  сүреді,  ал  сөздің  эмоционалды-
экспрессивтік  мағынасы  мен  заттық-логикалық  мағына  тең  түсінетінін 
компонент болып көрінгенмен, оларды лексикалық мағынаның құрамына 
енгізуге  болмайтынын  ескертеді.  Сөздің  эмоционалды-экспрессивтік 
мағыналық реңкі сөздің лексикалық мағынасымен біте қайнас-пайды, оңай 
бөліне  салады,  ал  кейбір  сөздер  эмоционалды-экспрессивтік  мағынада 
қолданылуы мүмкін, бірақ ол негізгі мағына емес, көп мағыналы сөздің бір 
мағынасы болады деген қорытынды шығарады.
Сөздің эмоционалды-экспрессивтік мағынасын түсіндіре келіп, М. Ора-
зов, дүниені танып білудегі көп қырлылық пен көп сатылық адамдардың 
эмоциясының  берілуіне  әсер  етеді.  Сондай-ақ  адамдардың  амал-


Авакова Р.А. Фразеосемантика
200
әрекетіне, қоғамдық құбылыстарға баға бергенде, адамдар өздерінің дүние 
тәжірибесіне,  көзқарасына,  біліміне  және  т.б.  сүйенеді.  Бұның  өзі  оның 
берген бағасының қоғамдық сипатқа ие екенін көрсетеді деген тұжырым 
айтады [М. Оразов, 1991; 112 б.].
Тілдің сөздік құрамында эмоционалды-экспрессивтік мәнді білдіретін 
сөздерді  эмоционалды-экспрессивтік  лексика  деп  атайды.  Бұл  топтағы 
сөздердің саны аз болғанымен де, тілде белгілі бір дәрежеде орын алатыны 
белгілі.
Тіл-тілдегі  эмоционалды-экспрессивтік  мағынаның  көрінетін  тұсы 
фра зеологиялық  бірліктер  болып  табылады.  Бірақ  бұл  қасиетке  барлық 
фраземалар  ие  емес.  Мәселен,  сәске  түс  «түс  мезгілі»,  жол  көрсету 
«бағыт  беру»,  жүрек  жалғау  «тамақтану»,  беті  бері  қарау  «жазылу», 
жұмған  аузын  ашпау  «үндемеу»  және  т.б.  көптеген  фразеологизмдер 
мағынасында  эмоционалды-экспрессивтік  мағына  жоқ.  Сонымен  қатар 
көпшілік  фразеологизмдерде  эмоционалды-экспрессивтік  реңк  болады. 
Фразеологизмдердің пайда болуының негізгі себебінің бірі – адам ойының 
әсерлі, бейнелі жеткізілуі болып табылады. Мысалы: аузы құлағына жету 
//  ағзи  қулиғиға  йәтмәк  «шексіз  қуану»,  көзі  шарасынан  шығу  «қорқу, 
таңдану»,  жан  жүйесін  босатты  (тебірентті)  «толқыды,  көңілденді», 
өзегі өртенді «күйінді», төбесі көкке жетті «қуанды» және т.б.
Экспрессивтілік  пен  эмоционалдық  мағыналарға  жақын  реңктердің 
қатарына  бағалағыштық  қасиет  те  жатады.  Экспрессивтілікке  анықтама 
бергенде  де  тілдің  мәнерлілігі,  бағалағыштығы,  бейнелілігі  сияқты 
семантикалық  жағынан  бір-біріне  жуық,  жақын  құбылыстар  деп 
тұжырымдайды. Олардың табиғаты бір-біріне жақын болса да, зерттеушілер 
аталмыш құбылыстардың ара жігін ашуға талпынады. Осылардың ішінде, 
әсіресе  экспрессивтілік,  эмоционалдық  және  бағалағыштық  мағына-
ларының арасын ашу қиынға соқтырады.
Дәстүрлі  стилистикада  (Ж.  Вандриес,  Ш.  Балли,  В.В.  Виноградов) 
эмоционалдық  немесе  эффективтік  және  экспрессивтік  мағыналар  ара-
сына  теңдік  белгісі  қойылады.  Бірақ  қазіргі  лингвистикалық  еңбектерде 
бұлардың  аражігін  ажыратады.  Тілдің  мәліметтік  функциясы  тілдік 
бірліктердегі  бірқалыптылықты  (стандарттылық),  жүйелілікті  сақтаса, 
тілдің  экспрессивтік  қызметі,  керісінше,  ретсіздікке  (стандартсыздық), 
ерекшелікке,  яғни  тұрақтылыққа  (кең  мағынадағы  идиомалыққа)  әкеп 
соғады. Экспрессивтілік пен бейтараптық арасына қарама-қарсылық белгіні 
қоя салуға болмайды, себебі екі полюс арасында аралық құбылыстар саны 
аз  емес.  Көптеген  тілдік  бірліктер  қолданыс  аясында  екі  полюс  арасын-
да, бірде бірін-шісіне, бірде екіншісіне ауысып өтпелі қызмет атқаруы да 
мүмкін.


201
Фразеологиялық коннотация
201


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет