205
Фразеологиялық коннотация
205
ген күннің алдында кенеттен ауырып, тұла бойы от боп жанып кетті
(С. Мұқанов);
Құлындай қылып шыңғыртты. Жәбір қылып жанына (Ба-
тырлар жыры); Бәрімізді
малға санады. Жұрт көзінше ішкілікке салын-
ды, семьясын бұзды, бейқамдық жасады (Е. Оразақов); Әлпештеген ата-
ана, қартаятын күн болар. Қартайғанда жабығып,
мал тоятын күн болар
(Ы. Алтынсарин) және т.б.
Сөз мағынасы бірнеше элементтерден құралады, бірақ объектив
дүниенің субъектив бейнесі басқа мағына компонент-теріне негіз мағынасын
түрлі жақтан талдау жасауына, түрліше топтастыруына негіз болып жүр.
А.А. Уфимцева сөздің
атқаратын қызметіне қарай, оларды үшке бөлді
•
номинативтік (атау болу);
•
сигнификативтік (жалпылауыштық қасиет);
•
прагматикалық (эмоциялық және экспрессиялық):
М. Шингарев сөз мағынасына арнайы тоқталып, мағынаны үшке бөлді:
эмпирикалық, рационалдық (ойдың қызметі арқылы пайда болатын мағына
элементі), коннотативтік [М. Шингаров, 1971; 1 б.]. Автор сөз мағынасының
құрылымдық элементтеріндегі эмпирикалық элементі адамның сезім
мүшесіне әсер етіп, көрнекілік-бейнелік ойлау негізінде қабылданып, ұғым
негізінде қалыптасқан объектив дүниенің бейнесі ретінде анықтайды. Ра-
ционалды мағына абстракты ойлау негізінде пайда болады. Коннотативті
мағына бөлшегі – адамдардың көңіл-күйіне, айту-шының не жазушының
айтылған ойға көзқарасын білдірумен байланысты болған мағына элементі.
Сонымен бірге көрнекті тілші ғалымдардың бір тобы, М. Шин-
гарев қатысу актісінен тыс тұрады да, тек заттар туралы хабарлай-
ды. Екінші түрі қатынас құралының элементтері ретінде қатынасады.
Информацияның бірінші бөлімі сөздердің денотаттық мағынасымен
сәйкес келеді де, ол ұғым деп аталынады. Ұғым арқылы, таным тео-
риясынан белгілі объектив дүниені сәулелендіреді, денотаттық мағына
сыртқы дүниемен байланысады.
Пікір алысудың екінші бөлігі сөйлесуге қатынасушылармен, олардың
жағдайларымен байланысты болып, коннотацияға тең келеді. Оған эмо-
ция, экспрессия, бағалау және мағынаның стилистикалық компоненттері
енеді. Егер сөз мағынасының құрамындағы грамматикалық мағынаны
денотаттық мағына құрамына қосып жіберсек, онда сөз мағынасының
адамға заттардың түйсік туғызуы қалыптасқан және ойлау негізінде пай-
да болған мағыналық бөлшектердің барлығына сенім туғызып, түйсіктік
немесе сезімдік және түйсік туғызбайтын, ойлау процесі негізінде пайда
болған абстракты-жалпылаушы мағыналық бөлшектерден тұрады деуге
болады. Бірақ бұл жағдайда тілдің коммуникативтік қызметі есепке алын-
байды. Сондай-ақ сөздің ауыспалы мағынасы, объектив дүниенің бейнесіне
негізделген мағыналық элементтер ғана бар десек, қателесеміз. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: