Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет115/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

ҚОРЫТЫНДЫ

  Қазақ  лингвистикасында  фразеология  мәселелерінің  жан-жақты 
теориялық  тұрғыдан  зерттелуі  оның  жеке  сала  ретінде  қалыптасуына 
септігін тигізді. Қазіргі таңда фразеологизмдер басқа тілдік бірліктерден 
ерекшеленіп,  олардың  зерттеу  нысаны  мен  көлемі,  құрылымдық-
семантикалық және грамматикалық тұрғыдан айқындалған коммуникативтік 
және коммулятивтік қызмет атқаратын тілдің бейнелі бірліктері болып та-
былады. 

Қазақ  тіліндегі  фразеологизмдер  –  мағынасының  «объек-тивті 
мазмұндағы»  бағалағыштық-экспрессивтік  қасиеттер  мен  стилистикалық 
бояулардың мағыналық ерекшеліктері тән  тілдік қабаттың  деңгейаралық 
жүйесін құрайтын номинативтік бірлік.

 ХХ ғасырдың негізгі ерекшелігі – ғылымның әр түрлі салаларының 
өзара қарқынды дамуы. Гуманитарлық пәндер арасындағы мұндай синтез 
тіл – этнос – мәдениет феномендерін өзара байланыста қарауға мүмкіндік 
береді. Қазақ тілінің фразеологиялық қорындағы ғылыми зерттеулер олар-
ды  халық  тарихымен,  этнографиясымен,  мәдениетімен,  әдет-ғұрпымен 
байланыста, «бүтіннің бөлшегі» ретінде қарастыруға мүмкіндік берді. Бұл 
зерттеулер қазір әлем тіл білімінде лингвистика мен басқа пәндер негізінде 
қалыптасқан шектес ғылымдар – лингвистикалық мәдениеттану (лингво-
культурология),  елтану,  тіл  философиясы,  этнолингвистика,  когнитивтік 
лингвистика,  нейролингвистика,  қолданбалы  тіл  білімі,  әлеуметтік 
тіл  білімі  т.б.  нәтижесі  болса,  екіншіден,  қазақ  халқының  (басқа  түркі 
тілдес халықтардың) тәуелсіздігіне қолы жетіп, өз тарихы мен дәстүріне 
мақтанышпен қарауынан да болуы керек.

 Тіл – мәдениеттің құрамдас бөлігі, оны меңгерудің негізгі құралы, 
ұлттық  менталитеттің  ерекше  белгілерін  сақтаушы.  Солай  бола  тұрса 
да,  мәдениет  тілде  көрініс  табады,  сонда  өмір  сүреді.  Бұдан  тіл  мен 
мәдениеттің  арасына  теңдік  белгісін  қоюға  болады  деген  ой  тумаса  ке-
рек.  Тіл  қарым-қатынас  құралы  ретінде  жалпылық  қасиетке  ие  болса, 
мәдениетке талғампаздық тән; тілмен салыстырғанда мәдениетте өздігінен 
ұйымдастыру қасиеті жоқ. Тіл мен мәдениет әр түрлі семиотикалық жүйеге 
жатқандықтан, бірінің орнына екіншісін ауыстырып қолдана беруге бол-
майды. Тілдік моделдерді мәдениет саласына, керісінше, мәдениет моделін 
тіл саласына ауыстыруға көнбейді.
Лингвистикалық  мәдениеттану  –  лингвистикалық  пән  болғандықтан 
антропологиялық бағыт ұстаған шектес пәндермен, атап айтсақ, когнито-


Авакова Р.А. Фразеосемантика
216
логиямен,  лигвосоциологиямен,  этнолингвистикамен,  лингвополентоло-
гиямен,  лингвопсихологиямен  тығыз  байланыста  дамиды.  Қазақ  тілінің 
фразеологизмдері  ғылымдараралық  сабақтастықты  талап  ететін  күрделі 
тілдік бірлік болып табылады.

 Тілдік фактілер көрсетіп тұрғандай, фразеологизмдердің біріншілік 
уәжділігі  және  олардың  ішкі  мазмұнына  жасалынған  талдаулар  экстра-
лингвистикалық  факторлардың  шығу  көзін  ашуға  мүмкіндік  береді. 
Бұл  факторлар  фраземалық  бейнелердің  пайда  болу  негіздерін  түсінуге, 
олардың  ұлттық  санамен,  болмыспен,  тарихпен,  рухани  мәдениетпен, 
халықтың әдет-ғұрыптары мен салт-санасымен байланыстылығын түсінуге 
жол ашады. Қойнауында ғасырлар сыры мен құпиясын сақтай білген ру-
хани  байлығы  –  халықтың  фразеологиялық  қоры  болмақ.  Сондықтан  да 
фраземалардың  пайда  болуының  экстралингвистикалық  көздерін  аша 
білу  олардың  қалыптасу  кезіндегі  әлеуметтік  жағдайлар  мен  қоғамдық 
ситуациялардың тарихын ашуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

 Қазіргі кезеңде фразеология өз бойына жаңа нысана мен жаңа бағыттар 
жинақтауда. Бұл тұста фразеологизм таңба ретінде қарастырылып, тілдік 
таңба  табиғатына  сәйкес  коммуникативтік  актіге  қатынасатын,  тіл  және 
сөйлеуде өзіндік фукциясы бар, ұлттық-мәдени сипатымен ерекшеленетін 
тілдік  бірлік  ретінде  фразеологизмдердің  мағынасындағы  объективтік 
және субъективтілік факторларының арақатынасын зерттеу жолға қойылып 
отыр.

 Қазақ халықының рухани шығармашылығының жемісі, тілдің ажа-
рын  кіргізетін,  оның  құдіретін  арттыра  түсетін,  ойды  бейнелеп,  астар-
лап жеткізетін, ата-бабадан мұра ретінде келген сөз қатынасының дайын 
қолданылатын  үлкен  саласы  фразеологизмдерді  этнолингвистикалық, 
лингвокультурология-лық, когнитивтік, социолингвистикалық, психолинг-
вистикалық және т.б. ғылымдар тоғысында зерттеу еңбектің негізгі мақсаты 
болып табылады.

 Сөздердің көнеру немесе қолданыстан шығып қалу үрдісі бірден бола 
қалатын құбылыс емес. Әуелі қолдану жиілігін бәсеңдетіп, пассив сөзге ау-
ысады да, соңынан жаңа ұрпақтың біреуіне жеткенмен кейінгілерге емін-
еркін жете алмай, түсінік-сіз болып ұмытыла бастайды.

  Бұндай  сөздер  бара-бара  ығысып,  тілде  қолданудан  шығып  қалуы 
да  мүмкін.  Қазіргі  қазақ  тілінің  фразеологиялық  қорында  тек  фразема 
құрамында ғана қолданылып мағынаға ие болатын, жалпыхалықтық тілде 
жеке  қолданылмайтын  сөздер  кездеседі.  Фразема  құрамындағы  мұндай 
сөздерді  лексикалық  архаизмдер  деп  атаймыз.  Тіркес  құрамындағы 
сөздердің  мағы-насын  (кеңірек  этимологиясын)  тек  олардың  шығу  төр-
кініне этимологиялық талдау жасағанда ғана ашуға мүмкіндік туады.

  Тілдің  екі  жақтық  функциясы  –  қарым-қатынас  құралы  және  сөй-
леушінің когнитивтік қызметінің бейнесі болуы, тілде адамзат өмір сүрген 
ортаның бейнесі көрініс табады, адам үшін қызмет ететін тіл адамзат өмір 


217
Қорытынды
217
сүретін  әлемге,  дүниеге  де  өз  әсерін  тигізеді,  әлемдегі  өзгерістер  адам-
дар  ұжымына,  олардың  көзқарасына,  мінез-құлқына,  қарым-қатынасына 
да  әсер  ете  алады  деген  антропологтар  мен  культурологтар,  философ-
тар  мен  этнографтар  пікірлеріне  сүйене  отырып,  лингвист  ғалым-дарға 
өзіндік тұжырым жасауға ықпалын тигізеді. Әлемдегі өзгерістер, тарихи 
құбылыстар мен халық басынан кешірген оқиғалар тілде өз ізін қалдырары 
сөзсіз.

 Кез келген тілде халық санасында қалыптасқан символдар болады, 
ол  символдар  әрқашан  уәжделеді,  яғни  олар  дәлелді.  Тіл-тілдің  идиома-
сына фразема жасайтын символдық компо-ненттер болады, оларды кейбір 
ғалымдар  ұйытқы  компоненттер  деп  атайды.  Осы  символдар  барлық 
тілдерге  ортақ  болып  келеді.  Соматикалық,  зооморфтық,  түске  байланы-
сты, санға байла-нысты және т.б. символдар – әлем тілдеріне ортақ тілдік 
құбылыс. Бұл ортақ қасиеттер тек тілмен ғана емес, адамдардың қоршаған 
ортасымен, табиғатпен, қоғаммен, өмір сүру тіршілігімен де тікелей бай-
ланысты.  Объективті  өмір  сүру  ортасы  мен  өмірдің  нақты  материалдық, 
әлеуметтік жағдайы сол халықтың тілінде, соның ішінде идиомасында да 
көрініс тапқан. Сондықтан да фраземалардың түп-төркінін әріден іздеген 
жөн деп ойлаймыз.

  Тіл-тілдегі  эмоционалды-экспрессивтік  мағынаның  көрінетін 
тұсы  фразеологиялық  бірліктер  болып  табылады.  Бірақ  бұл  қасиетке 
барлық  фраземалар  ие  емес.  Сонымен  қатар  көпшілік  фразеологизмдер-
де  эмоционалды-экспрессивтік  реңк  болады.  Фразеологизмдердің  пайда 
болуының негізгі себебінің бірі – адам ойының әсерлі, бейнелі жеткізілуі 
болып табылады.
Ерекше экспрессивтік-бейнелі мағынасымен, номинация тұтастығымен, 
компонент  құрамының  жекелігімен,  даяр  қалпында  қолданылу  ерекше-
лігімен,  ерекше  фразеологиялық  тұрақтылығымен  айқындалатын  фразе-
малардың іздерін әдет-ғұрыптардан, салт-саналардан және т.б. халықтық 
таным түрлерінен көруге болады.

 Фразеологизмдер мазмұнында жинақталған ғасырлар жемісі ұлт тық-
мәдени  коннотацияда  көрініс  табады.  Номинативтік  бірлік  болып  табыла-
тын  фраземалардағы  коннотация  –  эмотивтік,  ассоциативтік-бейнелі  және 
стилистикалық  семалардың  жиынтығы  болып  табылатын,  таңбалайтын 
объектілерді белгілерінен гөрі сөйлеушінің таңбалаушыға және сөйлеу шар-
тына қатысын білдіретін номинативтік бірліктер мағынасы болып табылады. 

 Мәдени коннотацияның семантикасын мағлұматтарды (информация-
ны) бейнелі, ассоциативті түрде қабылдайтын қазақ халқының менталитеті 
мен олардың бойындағы ұлттық-мәдени фон аша алады. Ұлттық өмірдің 
айнасы  болып  табылатын  фраземаларды  орны  –  әлемнің  тілдік  бейнесін 
жасауда ерекше. Оны танымдық тұрғыдан талдау – адамзат өркениетіндегі 
ұлттық мәдениеттің табиғатын ашуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.


Авакова Р.А. Фразеосемантика
218


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет