21
Фразеология: әдістері және ұлттық психологиялық табиғаты
21
ХХ ғасырдың соңында пайда болған, этнос пен тілдің шегінде ғылым
ретінде қалыптасқан этнолингвистика ғылымы қазақ тілі лингвистикасын-
да да өз дәрежесінде зерттелуде. Бүгінгі таңда академик Ә. Қайдар мен
оның шәкірттері лексикалық қордың түрлі деңгейлерін мәдениеттану, этно-
графия, өлкетану, фольклористика, мифология, астрология, этнология, пе-
дагогика т.б. қоғамдық-әлеуметтік пәндердің шегінде қарастырылып, «эт-
нос тілінің табиғатын айқындауға тікелей қатысты (мәселен, этимология,
диалектология, ономастика, фразеология, паремиология, терминология,
лексикография т.б.) лингвистикалық пәндермен» [Ә. Қайдар, 1998; 12 б.]
байланыстыра зерттеп, этнолингвистиканы жеке ғылым саласы дәрежесіне
көтерді.
Қазіргі күні этнолингвистика ғылымының өзіне тән әдістері мен зерт-
теу тәсілдері, нысанасы мен мақсат-міндеттері, метатілі қалыптасқан,
«жан-жақты ізденіс нәтижесінде өзіндік ерекшелігі мен үрдісі айқында лып
келе жатқан, дербес те перспективті ғылым саласы ретінде танылып отыр»
[Ә. Қайдар, 1998; 8 б.].
Этнолингвистика ғылымының қарқынды түрде дамуын профессор
М.М. Копыленконың «Этнолингвистика негіздері» (Основы этнолинг-
вистики. Алматы, 1995) еңбегінің соңында берілген библиографиялық
көрсеткіш санынан да айқын көруге болады.
8. Фразеологизмдердің жеке тілдер деректері негізінде салыстырыла
зерттелуі
1
.
Қазақ фразеологиясы қазіргі таңда салыстырмалы және салғастырмалы-
типологиялық бағытта да зерттелуде. Салғастырмалы-типология тілді
зерттеудің екі бағытын біріктіреді. Бұл ба ғыт тілдерді олардың туыстығына,
фразеологизмдер. Филол.ғыл.кандидаты ғылыми атағын алу үшін дайын. дисс. автореф.
– Алматы, 1995; Уызбаева Б.К. Қазақ тіліндегі сомантикалық етістік фразеологизмдердің
сипаты. Филол. ғыл. кандидаты ғылыми атағын алу үшін дайын. дисс.автореф. – Алматы,
1994 және т.б.
1
Достарыңызбен бөлісу: