Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет18/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

Авакова Р.А. Фразеосемантика
28
Фразема  мен  сөз  тіркестерінің  арасындағы  ұқсастық  –  фраземаның 
генетикалық  негізі  –  сөз  тіркесінде  жатыр.  Екі  тұлға  да  толық 
мағыналы  сөздердің  тіркесуінен  жасалған.  Негізгі  айырмашылықтар: 
фразеологизмдердің  даяр  қалпында  қолданылуы,  ал  сөз  тіркес терінің 
сөйлеуде жасауы; фраземалардың тұрақтылығы, сөз тіркестерінің еркіндігі; 
фразеологизмдер мағыналарының бүтіндігі мен тұтастығы, сөз тіркестер 
мағыналарының  ыдыраңқылығы,  яғни  құрамындағы  компоненттері 
жеке  (аналитикалық)  мағынада  қолданылатындығы.  Мысалы:  қол  алысу 
фраземасының мағынасы «келісу, шарт жасасу» болса, еркін мағынасында 
әр  сөз  өзінің  жеке  тура  мағынасын  сақтайды.  Фраземаның  омонимдес 
еркін  тіркестен  айырмашылығы:  номинация  тұтастығы,  даяр  қалпында 
қолданылуы және тұрақтылығы.
Фраземадағы номинация тұтастығы дегеніміз – фраземаның күрделі 
объективті  болмысты  (көбінесе  бүтіндей  бір  денотативті  ситуацияны) 
тұтас, бөліп-жармай тізбектеп, бейнелеп көрсете алу қабілеті. Мысалы: 
Тумаған  сиырдың  уызынан  дәмету  «бос  қиялдау»  фраземасын  «шағын 
сюжетті  мәтін»  (В.Н.  Гелия)  деп  атауға  болады.  Ол  мәтіннің  мазмұны 
төмендегідей:  ...  Шал  мен  кемпір  болыпты,  бір  сиырға  зар  болыпты. 
Екеуі  армандапты.  Шіркін,  сиырым  болса,  ол  бұзауласа  ...  Осы  сияқты 
жалғастыра беруге болады.
Фраземаның пайда болуының негізінде ситуация жатыр. Ол екшеленіп, 
қысқарып, белгілі бір бейнеге бағышталып «тоқсан ауыз сөздің тобықтай 
түйіні» болып табылатын фразема жасауға ұйытқы болып отыр.
Фраземалардың  номинативтік  тұтастығы  оны  құрастырушы  сыңар-
лардың мағынасынан әлдеқайда басым. Мысалы: «шексіз бақытты, әлемге 
сыймайтын қуаныш – қазақ тілінде төбесі (басы) көкке бір-ақ елі жет-
пеу,  ұйғыр  тілінде  беши  көккә  йәтмәк,  орыс  тілінде  на  седьмом  небе 
және  т.б.  Фраземалардың  жасалу  тұлғалары  мен  құрылымы  жағынан 
еркін  сөз  тіркестері  мен  сөйлемдерден  еш  айырмашылығы  жоқ  болса 
да,  фраземалардағы  тұтастық,  бөліп-жаруға  келмейтін  бүтіндік  олардың 
мағынасының (семантикасының) беріктігінен келіп шығады.
Құрылымы тұрғысынан сөз тіркестерімен барабар фразео логизмдердің 
номинативтік  тұтастығы  фраземалық  таңбаның  ассиметриялық  екі-
жақтылығымен  байланысты,  яғни  симметрия ның,  таңбалаушы  мен  таң-
баланушы  арасындағы  сәйкестіктің  жоқтығы  болып  табылады.  Еркін 
сөз  тіркестері  мағынасы  (мазмұн  өресі)  мен  оларды  құрастырушы 
сыңарларының (жеткізу өресі) арасында тура байланыс көрініп тұрады.
Жасалуы  жағынан  дискетті  болып  табылатын  фраземалар  мен  сөз 
тіркестері заттар мен болмыс құбылыстарын белгілеу формасы жағынан 
емес, олардың мазмұн өресі мен жеткізу өресінің арақатынасы тұтастығынан 
ерекшеленеді.
Фраземаның  даяр  қалпында  жұмсалуы  дегеніміз  –  олардың  сөйлеуде 


29
Фразеология: әдістері және ұлттық психологиялық табиғаты
29
жиі қайталанып қолданылуы. Бірақ айта кететін тағы бір жайт, фраземаның 
даяр қалпында жұмсалуы тек фраземаларға тән қасиет деп қарасақ, онда бұл 
біржақты сипат болған болар еді. Себебі тілімізде фраземалардан да басқа 
бірліктер, мәселен, құрамды терминдер (ит бүлдірген), номенклатуралық 
атаулар (аяқ киім, бас киім)мақал-мәтелдер (айдағаны бес ешкіысқырығы 
жер жарады), қанатты сөздер мен афоризмдер (Ғылым таппай мақтанба
және т.б. сөйлеу кезінде жасалынбай, тілде даяр қалпында қолданылады.
Сонымен қатар фраземалар белгілі тілдік модельдер негізінде, олардың 
синтаксистік және морфологиялық шектеулі нормаларына сүйеніп жаса-
лады. Мысалы: ақылға жеңдіру, көңілге қонымды, басқа шығару және т.б. 
фраземалар барыс септігін меңгертетін етістікті сөз тіркесі (қалаға барды, 
университетке келді) негізінде, басты қатыру, көзді жұму, желкені қасу 
фраземалары табыс септігін меңгеретін етістікті сөз тіркестері (үйді жи-
нау, баланы жуындыру) модельдерімен жасалынған. Бұл шектеулік қасиет 
барлық тұрақты сөз тіркестеріне (даяр қалпында қолданылатын) тән емес.
Фраземалардың келесі қасиеті – тұрақтылық. Көптеген ғалымдар даяр 
қалпында жұмсалу қасиеті мен тұрақтылық қасиеттерін синоним, яғни бір-
бірін алмастыра алатын ерекшелік ретінде қарастырады.
Даяр  қалпында  жұмсалу  қасиетінің  негізгі  көрінісі  тұрақтылық  бола 
тұрса  да,  біз  екеуінің  арасын  ажыратамыз.  Фраземаларда  тұрақтылық, 
абсолюттік,  көбінесе  өзгермейтін,  әрқашан  бірқалыпты  қолданылатын 
қасиет негізінде қарастырылады. Бірақ фраземаларға мұндай тұрақтылық 
тән емес.
Фраземалар  туралы  сөз  қозғағанда  оларға  тән  салыстырмалы  (от-
носительный)  тұрақтылық  туралы  айта  аламыз.  Себебі,  фраземаларға 
варианттылық  тән  (басы  /  төбесі  /  көкке  /  аспанға  /жету)  және  олар 
қолданылу барысында морфологиялық өзгерістерге де ұшырайды.
Ал  фраземалардағы  тұрақтылық  дегеніміз  –  олардың  қолданыстағы 
тұрақтылығы,  бір  бүтін  тілдік  бірлік  ретінде  қолданылу  мағынасы, 
құрылымы, компоненттер саны мен синтаксистік тұрақтылығы.
Сонымен фразема шектес тілдік жасалымдардан төмендегідей қасиет-
терімен ерекшеленеді:

 ерекше экспрессивті-бейнелі мағынасымен;

 фразеологиялық номинация тұтастығымен;

 компонент құрамының жекелігімен;

 даяр қалпында жұмсалудың ерекшелігімен;

 ерекше (фразеологиялық) тұрақтылығымен.
Аталған қасиеттердің фразема үшін маңыздылығы көбінесе олардың 
құрылымдық-семантикалық ерекшеліктерімен сараланады.


Авакова Р.А. Фразеосемантика
30


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет