103
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
103
олар дәннен, өрік сүйегінен кейде қойдың құмалағынан да алына береді.
Басқа заттардан жасалған құмалақ «сөйлемейді» деп есептеген. Құмалақ
салудың құпиясы мен сырлары көп, оның өзіндік атаулары да бар. Мы-
салы, құмалақтың түсуіне қарай
ашпас әліп, жеті әліп, оң көз, көз түсу,
маңдайы ашық, босағасы берік, құйысқаны көтеріліп тұр, пайғамбардың
қара қасқасы, пешенесі бестен түсу және т.б. болып келеді. Құмалақ са-
лушы құмалақшылар – қазір де халық арасында көп тараған «халықтық
мамандардың» бірі деп санауға болады.
Құтты болсын айту (дәстүр) // құттықтау. Бала туған, келін түскен
қуаныш болған үйге
қайырлы болсын, құтты болсын және т.б. игі ниеттер
тілеп келу.
Сәлем беру, сәлем ету (дәстүр) // амандасу. Бұл дәстүрдің бірнеше
түрлері бар:
1) алыс жолдан келген жолаушы немесе сол елдің адамы жасы үлкен
ақсақалға әдейі іздеп келіп сәлем береді. Тілдегі
алыстан алты жасар
бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді деген
аталы сөз осының айғағы;
2) ата, ене, қайынаға және т.б. сыйлы кісілер кездескенде, көреген келін
оларға иіліп сәлем берген. Сонымен қатар үлкен кісілерге табақ тартқанда
да келін сәлем береді. Дәстүр бойынша,
келіндеріңіз сәлем беріп жатыр
деп
айтатын болған;
3) егер бір адамның мойны құяң болып, басын бұра алмай қалса, ол кер-
без адамның сыртынан сәлем қылуы керек. Халық ұғымы бойынша құяң
осыдан жазылып кетеді деп сенген.
Достарыңызбен бөлісу: